OSI көпдеңгейлі жүйесі
«Спецификация» (есептеу техникасында) терминінің аппараттық және программалық компоненттердің қалыпқа келтірілген сипатталуын, олардың іс-әрекеттерінің тәсілдерін, басқа компоненттермен әрекеттесуін, қолданылуы шарттарын, шектеулерін және басқа да сипаттамаларын білдіретіндігін естеріңізге сала кетейік. Кез-келген спецификацияның стандарт бола бермейтіндігі түсінікті де. Өз кезегінде ашық спецификациялар ретінде стандарттарға сәйкес барлық мүдделі жақтардың жан-жақты талқылануына түсіп, өзара келісім нәтижесінде қабылданған, жарияланған, жалпыға түсінікті спецификацияға қабылданады.
Жүйелерді құру барысында ашық спецификацияларды пайдалану үшінші жаққа осы жүйелер үшін әртүрлі аппараттық, программалық кеңейту және модификациялау
жабдықтарын жасап, әртүрлі өндірушілердің өнімдерін программалық-аппараттық
кешендерді құруға жол ашады.
Шынайы жүйелер үшін толық ашықтық қол жетпейтін идеал ретінде қалып отыр.
Әдетте, ашық деп аталатын жүйелердің өздерінде бұл анықтамаға ол жүйелердің сыртқы
интерфейстерді қолдайтын кейбір бөліктері ғана қатысты. Мысалы, Unix операциялық
жүйелердің туыстарының ашықтығы, барлығынан бұрын, ядро мен қосымшалар
арасындағы стандартты программалық интерфейске негізделеді. Бұл қосымшаларды
Unix-тің бір версиясының ортасынан басқасына жеңіл көшіруге жағдай жасайды.
Жартылай ашықтықтың тағы бір мысалы-жеткілікті түрде жабық саналатын Novell
NetWare операциялық жүйесінде тәуелсіз өндірушілердің ол жүйеге желілік
адаптерлердің драйверлерін қосу үшін Open Driver Interface (ODI) ашық интерфейсінің
қолданылуы. Жүйені құру үшін ашық спецификациялар неқұрлым көп қолданылса, жүйе
соғұрлым ашық бола түседі.
OSI үлгісі ашықтықтың тек бір аспектісіне ғана, атап айтқанда, есептеу желісімен
байланысқан құрылғылардың ашық әрекеттесуіне қатысты. Бұл жерде ашық жүйе ретінде
жіберілетін және қабылданатын хабарламалардың мазмұны мен мәндерінің форматын
анықтайтын, стандартты ережелерді қолдану арқылы басқа желілік құрылымдармен
әрекеттесуге даяр желілік құрылым түсініледі.
Егер екі желі ашықтық принциптерін сақтай отырып құрылған болса, онда ол
төмендегідей артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді:
-бір стандартты ұстанған әртүрлі өндірушілердің аппараттық және программалық
жабдықтарынан желіні құруға;
-желінің жеке компоненттерін жетілген түрлерімен ауытпалықсыз ауыстырып, желіні
аз шығынмен дамытуға,
-бір желіні басқасымен жеңіл қосуға;
- желіні игреуді және оған қызмет көрсетуді жеңілдетуге.
Достарыңызбен бөлісу: |