Физикалық деңгей. Бұл деңгей коаксиалды кабель, біріктірілген жұп және
оптоволоконды кабель сияқты физикалық каналдарда биттердің берілуін қамтамасыз
етеді. Бұл деңгейде өткізу жолағы, кедергіден қорғалғыштық, толқынды кері әсер ету
және тағы да басқа; қуаттың деңгейі немесе берілген сигналдың ток деңгейі, кодтаудың
типі, сигеналдардың берілу жылдамдығы және бөлек ақпараттық биттер деңгейінде
сигналдардың синхрондалу әдісі сияқты мәліметтер берілу ортасының мінездемесі
анықталады. Сонымен қатар, разъемдардың типтері стандартталып және әр-бір контакт
тағайындалады.
Арналық деңгей. Сигналдардың физикалық жіберілуін бастамас бұрын, жіберіліп
жатқан орта бос екендігін тексеріп алуымыз қажет. Сондықтан келесі тапсырма, яғни
арналық деңгейдің тапсырмаларының біреуі ортаның қол жетімділігін тексеру.(Бұл
функция жиі бөлек жарты деңгей- МАС-деңгейіне бөлінеді, Medium Access Control).
Арналық деңгейдің басқа тапсырмасы, қателердің табу мен түзетудің механизмін
жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар, хабарламалар
және пакеттер деп аталатын жинақтарға топтасады. Кадрлар келіп түскенде,қабылдауышы
алынған мәліметтердің бақылау құнын (суммасын) есептеп, оны кадрдағы бақылау
құнымен салыстырады. Егер олар сәйкес келес, онда кадр дұрыс деп есептеліп
қабылданады. Егер олар сәйкес келмеген жағдайда, қате есепке алынады.
Арналық деңгейдің Хаттамадарында компьютерлер арасындағы белгілі-бір және
олардың адрестелу әдісінің өзара байланыс құрылымы салынған.Арналық деңгейде
қолданылатын адрестер, жиі МАС-адрестер деп аталады. Арналық деңгей жіберушіден
қабылдаушыға пакеттерді жеткізуді қамтамасыз еткенімен, ол оны тек қана желіде
орындайды және арнайы өзі сол үшін өндірілген белгілі-бір байланыс топологиясы
бойынша орындайды: бір сақина бойынша байланысқан немес жұлдызша тәрізді
байланысқан ортақ шинаға қосылған компьютерлер тобының аясында. Әрдайым тұрақты
топологияға анда-санда ғана ие болатын глобальды желілерде арналық деңгей жеке
байланыс линиясымен байланысқан екі көршілес компьютерлер арасында
хабарламалармен алмасуды қамтамасыз етеді.
Арналық деңгейдің функциясына сәйкес,берілген деңгей келіп түскен хабарламаға
қосатын тақырыпта, жоқ дегенде келесі өрістер болуы қажет: кадрдың басын және соңын
шектегіштер, қосымша сумма, тағайындалу адресі. Хаттамадардың нақты жүзеге
асырылуына сәйкес, тақырыптар әр-түрлі құрылымға ие болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |