Транспорттық деңгей. Жіберушіден қабылдаушыға барар жолда пакеттер өзгеріске
ұшырауы тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Кейбір қосымшаларда қателерден кейін қалпына
келтірудің жеке құралы болса да, кейбір басқалар бұл тапсырманы жүйелік құралдарға
жүктегенді дұрыс көреді. Транспорттық деңгейдің жұмысы, мәліметтерді желінің кез-
келген түйіндерінде қажет етілген сапада тасымалдануын қаматамасыз ету. Ол үшін
транспорттық деңгейде келесі функциялар орындалады: желілік деңгей хабарламаларын
бірнеше пакеттерге бөлу және оларды нөмірлеу, қабылданған пакеттерді буферизациялау
және қалпына келтіру. Сонымен қатар транспорттық деңгей қолданбалы процесстердің
адресациялануын орындайды, өйткені транспорттық деңгейге әр-түрлі қосымшалардан
жіберілген хабарламалар түсуі мүмкін.
Транспорттық деңгейде түйіндердің арасындағы диалог, келесі сұрақтармен
байланысқан: қандай пакеттер жіберілді, қандай пакеттер қабылданды, қабылданатын
хабарламалар үшін қабылдағышта әлі қанша орын бар және т.с.с. Сенімді транспорттық
байланыс желілік деңгей Хаттамаының базасында байланыс орнатып немесе орнатпай
құрылу мүмікін. Бірінші жағдайда барлық пакеттер дұрыс тізбектілікпен келіп түседі
(егер олар келіп түссе), бірақ соңғы жағдайда мынандай жағдай болуы мүмкін: жылдам
маршрутқа ілескен бір пакет, одан бұрын жіберілген пакетке қарағанда ерте келіп түседі.
Сеанстық деңгей.Сеанстық деңгей транспорттық деңгейдің жақсартылған нұсқасы
болып табылады. Ол, дәл сол уақытты қай жақ белсенді болып тұрғанын фиксировать
ету үшін, сонымен қатар синхрондалу құралын қамтамасыз ету үшін диалогтарды
басқаруды қамтамасыз етеді. Синхрондалу құралдарын қамтамасыз ету, қолданушыға
ұзын хабарламаларға бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, және ол бас тартылған
жағдайлар болғанда, барлығын басынан бастамай-ақ соңғы бақылау нүктесіне баруға
болады. Тәжірибеде көп емес қосымшалар сеанстық деңгейді қолданады және ол кейде
ғана жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |