Осы мақсатқа сайкес мынадай міндеттер қойылады


Қытырлақ картопты дайындау технологиясы



бет3/6
Дата16.12.2023
өлшемі326,17 Kb.
#197346
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
"Чипсының зияны мен пайдасы" атты ғылыми жоба

1.3.Қытырлақ картопты дайындау технологиясы.
Дүкендерде сатылатын қытырлақ картоптың дайындалу технологиясына тоқталар болсақ, картоп өсімдік майында көп мөлшерде қуырылатындықтан, май ұзақ отта тұрады, да концерегенді заттар пайда болады. Бұл өте улы зат. Ал қытырлақ картопты көп жеген сайын жаңағы улы зат ағзаға түсіп, ісік ауруаларын туындатуы мүмкін. Бұл тек бір мысал ғана. Ал енді «чипсидың»тек картоптан ғана емес, тағы басқа да гені бұзылған заттардан жасалынатынына тоқталсақ, онда небір қорқынышты болжамдарды айтуға болады екен.чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер.


1.4. Қытырлақ картоптың зияны
1. Өзіне тәуелді етіп қояды. Принстон университетінің ғылыми қызметкерлерінің зерттеулері бойынша Чипсыны күнделікті жеу темекіге немесе алкогольдегідей тәуелділікке соқтырады екен.
2.Семіздікке шалдықтарады. Қалыпты бір қорап чипсы 510 ккал болады. Ал, ересек адамдар үшін күндізгі қалыпты калория 1800 ккал болса, балалар үшін 1200 ккал екендігін ескерсек, чипсының 1 ғана қорабы күндізгі норманың жартысын, ал 3-4 қорабы калорияның шектен тыс көбейіп, семіздікке алып келеді.
3. Құрамында құнарлы заттар жоқ. Байқап қарасаңыз, қытырлақ болғанға дейін қуырылған картоптың құрамында ешқандай минерал, дәрумен, кальций ақуызбен көмірсутегі де қалмайды.Сондықтан чипсының құрамынан біздің ағзамыз ешқандай құнарлы заттар алмайды.тек көп калорияға ғана «қарық» болады.
4.Ағзадағы тұздың көлемін арттырады. Бір қорап чипсы құрамында 0,7 г тұз болады. Ал адам үшін тұздың күндізгі қалыпты мөлшері 5-6 грамм. Ағзада тұз мөлшері көбейген жағдайда сүйектердің өсуімен жүректің жұмысы бұзылады.
5.Аллергия тудыруы мүмкін. Қытырлақ картоптың ішінде көптеген бояғыш заттар мен дәмдеуіштер болады. Олардың өздігінен ешқандай зияны жоқ. Текішіндегі картопқа тауық ет, саңырауқұлақ т.б. дәмдер беріп тұрады. Бірақ өндірушінің оларды қанша қосқанына байланысты адам ағзасында аллергия туындайды. Сондықтан чипсыны жеген кезде түшкіру сынды аллергиялық симптомдар пайда болып жатса, дереу дәрі қабылдап, келесі жолы қытырлақ картоптан аулақ болуға тырысыңыз.
Ғалымдардың зерттеуінше ерте жастағы балалар дұрыс тамақтанбағандықтан мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді екен. 1 жастан – 3жасқа дейін балалардың миының жұмыс істеу қабілеті жақсы жұмыс атқарады екен. Чипсиды жеген баланың ойлау қабілеті өте төмен болады екен. Чипси алғаш жегеннен бастап қайта – қайта жегіңіз келе береді. Сол себептен адамды семіздікке ұшыратады. Қытырлақ картоптың құрамында тұз өте көп болады. Сондықтан адам ағзасына аллергия пайда болуы мүмкін. Ал дәрумендер мен минералдар мүлдем жоқ. Сол себептен онкологиялық аурулар пайда болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет