Осы мақсаттарда Саран қаласының мемлекеттік органдарында келесі ісшаралар жүзеге асырылады



Дата22.06.2017
өлшемі46,83 Kb.
#19688



Жемқорлыққа қарсы күрес
Бүгінгі күні Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте уақытылы мәжбүрлеу және алдын алу шараларын қабылдауға негізгі назар аударылады. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 20/10 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің 2011-2015 жылдарға арналған ісшаралар жоспарын Саран қаласында іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған негізгі ісшаралар жоспары әзірленді және іске асырылады.

Осы мақсаттарда Саран қаласының мемлекеттік органдарында келесі ісшаралар жүзеге асырылады:

халыққа қызмет көрсету кезінде атқарушы органдар қызметкерлерінің іс-әрекетін регламенттеу жолымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жүзеге асырылады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа жалпыға бірдей оқу бойынша үнемі сабақтар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі;

қолданыстағы заңнама бұзушылықтарды ескерту бойынша алдын алу жұмысын жүргізу мақсатында БАҚ-та тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа ақпарат жарияланады;

мемлекеттік қызметшілер уақытында табыстар туралы декларация тапсырады, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен қарастырылған тиісті шектеулерді қабылдайды;

жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекетіне (әрекетсіздігіне) халықтан жедел ақпарат алу үшін шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылған, сондай-ақ «сенім телефоны» жұмыс істейді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің салалық бағдарламасының барлық жоспарлы ісшаралары қала басшылығының ерекше бақылауында тұр.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін қолдау мақсатында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шегінде 2012 жылғы қарашада ХҚКО-да «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ қолдауымен Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

2013 жылғы 1 желтоқсанда «Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жанынан кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік сатып алу рәсімдері Заңға соңғы енгізілген өзгерістер жарығында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алулар ашық конкурс тәсілімен жүзеге асырылады, қала әкімі конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Саран филиалының байқаушылары қатысады.

Қарағанды облысының тексеру комиссиясымен Саран қаласының мемлекеттік мекемелерінде өткізілген тексеруде 2013 жылы бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану аңықталған жоқ.

2013 жылы 7 қаңтарда бекітілген Медиа-жоспарға сәйкес қалалық «Саран газеті» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 40-тан аса баяндамалар жарияланған, онда халық назарына сыбайлас жемқорлық қылмысы және құқық бұзушылығы туралы сот тергеу әкімшілік тәжирибесі келтірілген, оны тудыратын және себептері мен жағдайы ашылған, сыбайлас жемқорлық қылмысын және құқық бұзушылығын жасағаны үшін жауапкершіліктің басталу жағдайы айтылған.

Ай сайын әкімдік және мемлекеттік органдар басшыларының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі және сенім телефондары жарияланады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне шағымдар туралы қоңырау болған жоқ.

Қаланың мемлекеттік органдарында тұрақты жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізіледі.

Қалалық «Саран газеті» газетінде «Сыбайлас жемқорлдықпен күрес», «Адам және заң», «Халық тапсырмасын орындай отырып», «ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыра отырып», «Қала әкімінің қабылдауында», «Жалпыға бірдей құқықтық оқу» айдары жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру және құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында қала мектептерінде оқушылар және олардың ата-аналары үшін құқықтық білім университеті ұйымдастырылды. Осылайша, есепті кезеңде құқықтық білім университеті аясында жасөспірімдерді «сыбайлас жемқорлық» түсінігімен таныстыру, азаматтық жауапкершілігін, құқықтық өзіндік санасын, Заңдарды сақтау қажеттілігін сезінуін тәрбиелеу мақсатында: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары оқылды.

Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа тұрақты теріс қарым-қатынас құру формаларының бірі сынып сағаттарын, тренингтер, рөлдік ойындар өткізу болып табылады.

Қалада азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша виртуалдық қабылдау бөлмесі көрсетілген ресми веб-сайт жұмыс істейді. Интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпаратқа халықтың кең қол жетімдігін қамтамасыз ету үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» жеке бөлімі бар.

Мемлекеттік қызметтер айқын және ашық көрсетіледі және жер, тұрғын үй, бөлу, мемлекеттік сатып алу жүргізу, құрылыс мәселелері шешіледі.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қала әкімінің жанындағы комиссияның жұмысы жалғасуда. 2011 жылы 5, 2012 жылы – 10, 2013 жылы - 11 жоспарлы отырыс өткізілді, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау қауіпі бар мемлекеттік органдар қызметінің өзекті мәселелері қарастырылды.

2014 жылы 12 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі «Нұр Отан» пртиясының рөлі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің үлгі ережесі туралы, 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес жұмысының нәтижелері туралы, Саран қаласының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі алдын алу жұмысын күшейту туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша Саран қаласы әкімінің аппаратының жұмысы туралы мәселелер қарастырылды.

2014 жылы 17 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды, олар Саран қаласында әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқыны және бөлу рәсімдері туралы есеп берді.



Бұдан басқа, 2012, 2013 және ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық көріністері тіркелген жоқ.

Жалпы Саран қаласында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда және қала басшылығының тұрақты бақылауында тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет