Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны жүйке жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық жүйке жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар. - Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны жүйке жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық жүйке жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар.
Эфир майлары - Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады.
Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. - Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады.
Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. - Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады.
- Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады.
- Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді.
Қолданылуы - Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.
Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген. - Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.
Қолданылған әдебиеттер: - 1. А.П. Арзамасцев. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005.-201с.
- 2.Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. И доп. –М.: МЕДпресс-информ. 2007. -624с. 4.Государственная фармакопея Республики Казахстан 5.Арыстанова Т.А., Ордабаева С.К. Стандартизация лекарственных средств. Учебное пособие. –Алматы, 2002.-98с.
Назарларыңыға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |