1.2.6. ГОЛЬДЖИ АППАРАТЫ Цитоплазмада түтікшелердің тағы бір системасы кездеседі. Бұл система оны ашқан ғалымның есімімен Гольджи аппараты деп аталған. Гольджи аппараты бірнеше жалпақ цистерна сияқты тү-тікшелерден және олардың шеттеріне орналасқан әр түрлі өлшемді сфералық (шар тәрізді) көпіршіктерден тұрады. Түрі жөнінен тү-тікшелер табақша тәрізді иілген пластиналар жиынтығын еске салады, мұндай табақшалардың шетінен көпіршіктер бөлініп шы-ғады. Бүкіл системаның полюсті сипаты болады. Оның прокси-мальды немесе түзуші деп аталатын бір полюсінде жаңа түтікшелер түзіледі, ал дистальды немесе секрет түзуші деп аталатын екінші полюсінде — көпіршіктер бөлініп шығады. Гольджи аппаратын соңғы кезде А. Фрей-Висслинг және тағы басқалар зерттеген.
Гольджи аппаратынан бөліне келе, кепіршіктер жол-жөнекей бірігіп және көлемі арта отырып, клетканың бетіне қарай қозғалады. Олар плазмалеммаға жеткен соң онымен қосылады да, ішіндегі заттарын экзоцитоз жолымен сыртқа бөліп шығарады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде Гольджи аппаратының эндоплазмалық тор мембранасынан немесе ядро қабықшасынан түзілетіндігі байқалды. Соған қарамастан тор мембранасы Гольджи аппаратымен бі-рікпейді. Себебі — Гольджи аппаратының қабықшалары тор мем-браналарына қарағанда зор өзгерістерге ұшырайды.
Гольджи аппараты клеткадағы судың мөлшерін реттейді. Ішіне су толған соң оның түтікшелері ісінеді де, бұдан соң плазмалеммамен қосылып, суды сыртқа бөліп шығарады. А. Фрей-Висслинг берген мәлімет бойынша талшықтыларда әрбір 75 секундтан соң осындай жолмен вакуоляның көлеміндей, 30 минут ішінде клетка-
50
8-сурет. Гольджи аппараты структурасының кеңістіктік моделі.
ның көлеміндей мөлшердегі су бөлініп шығады, ал 1 сағат ішінде плазмалемманың беті Гольджи көпіршіктерін қосып алу арқасында 6 есе өседі.
Плазмалеммаға Гольджи көпіршіктерінің қосылуы есебінен плазмалемманың беті өте тез ұлғаяды. Түнсұлу мен бидай тамыры эпидермисінің клеткаларында плазмалемма 8 сағат ішінде, сұлы колеоптилі эпидермисінің клеткаларында — 30 минутта, ал жұпар иісті масақшаның аталық жіпшесінде — 1 минутқа жетпейтін уақыт ішінде екі еселенеді.
Қабықша углеводтарының синтезделуі де Гольджи аппараты-ның атқаратын қызметіне жатады. Гольджи көпіршіктерінен геми-целлюлоза мен пектинді заттардан тұратын матрикс заттары, сон-дайақ целлюлоза фибрилдері табылған. Құрамында осы компо-ненттер бар Гольджи кепіршіктері плазмалеммаға жақындап, онымен қосылады да, ішіндегі заттарды сыртқа ығыстырып шығарады. Олар клетка қабықшасын құруға қажетті материалды осылайша жеткізеді. Гольджи аппаратының қызметі плазмалем-маның реттеуші қызметімен бірдей. Плазмалемма бұл қызметін клетканың бетінде атқарса, Гольджи аппараты — клетканың терең ішкі қабатында атқарады.