1.2.7. ЯДРО Ядро — клетканың аса маңызды органоиды. Ол тіршілік үшін қажетті көптеген қызметті реттейді. Әдетте клеткаларда бір ядродан кездеседі, көп ядролы клетка болмайды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың клеткаларында оқшауланған ядро жоқ, бірақ цитоплазманың ішінде диффузиялық жолмен шашырап таралған ядро заты болады. Ядроның пішіні шар тәрізді немесе сопақша болып келеді. Оның сыртын қосарланған мембранадан тұратын қабықша қоршаған. Ол қабықшаның сыртқы және ішкі мембраналарының арасы қуыс, ені 10~20 нм келетін канал болып келеді. Ол каналшаны перинуклеар кеңістігі деп атайды. Бұл ке-
51
9-сурет. Ашытқы клеткасы ядро-сынын, электрондық
микрофото-графиясы. Қабықшасынын. көрінісі.
ңістікке энхилема деп аталатын структурасыз сұйықтық толған Яд-роның өлшемі 5—20 мкм-ге жетеді, ол оптикалық микроскоппен жақсы керінеді.
Ядро қабықшасын айтарлықтай ірі поралар торлап жатады. Ашытқы саңырауқұлағының клеткаларында олардың диаметрі 20 нм болады. Поралар ядро қабықшасында біркелкі орналаспаған. Қабықшаның бір учаскесінде олар өте жиі болса, екінші бір учаскесінде тіптен кездеспейді. Поралар бірде пайда болса,
бірде жойылып отырады. Қабықшаға ядрошық жанасатын жерде олар түзілмейді. Орта есеппен алғанда қабықшаның 1 мкм2бетінде
10-нан 30-ға дейін, кейде 100-ге дейін пора болады. Ядро плазмасы мен цитоплазма арасындағы байланыс поралар арқылы жүзеге асады. Поралардың жай ғана тесік еместігін, олардың структурасы күрделі екендігін В. Франке жүргізген зерттеулер көрсеткен. Поралар арқылы заттың өтуі үшін энергия жұмсалады. Пораны екі жағынан 8 грануладан (бөлшектен) тұратын шеңбер жиектеп жатады. Пораның ортасына орталық гранула орналасқан, ол шеңбер гранулаларымен жіпшелер арқылы байланысады және бұдан да жіпшелер тарайды. Бұл гранулалар РНҚ макромолекулалары болып табылады деген жорамал бар. В. Франке есебі бойынша поралар арқылы 1 минутта 1-ден 24-ке дейін РНК молекулалары өтеді. Ядроның ішін ядро шырыны толтырьш тұрады. Ядро шырыны дегеніміз структурасы жоқ сұйық масса, ол ядро плазмасы болып табылады. Онын, ішінде ядрошық және хроматин жіпшелері бар. Ядрошық жарықты жақсы сындырады, сондықтан оны оптикалық микроскоппен көруге болады. Жұмыр келген бұл түзінді ядроның жалпы массасынын, 35 процентін құрайды, оның құрамында ядро белогының бүкіл мөлшерінің 40 проценті және РНК-нын. 30 проценті болады. Ядрошық белок синтезін жүргізуге қабілетті және бүкіл ядро белогы нақ осы жерде түзіледі. Ядрошықта гистондар да түзіледі. Ядрошықта түзілген негізгі белоктардын, бір бөлігі рибосомалардың түзілуіне жұмсалады.
Хроматин немесе хроматин жіпшелері клетканың бөлінуі кезінде жуандап, қысқарады да, хромосомаға айналады. Хроматин негізінен ДНҚ мен гистоннан түрады. Гистондар дегеніміз құрамында көптеген негіздік амин қышқылдары бар кіші молекулалы белоктар. Хроматинде гистондар мен ДНК бірдей мөлшерде кездеседі. Гистонның катион тобы ДНК-ның фосфат қалдықтарымен байланысып нуклеогистон комплексін түзеді. Хроматинде басқа типті белок пен РНК-ның аздаған мөлшері болады.
Нуклеогистон комплексінің құрамына кіретін ДНК балқытуға
52
төзімді. ДНК- ның басқа бөлігі гистонмен байланыспаған.
Әрбір өсімдік түрінде ДНК мөлшері үнемі тұрақты болады. Өсімдіктердің көптеген түрлерінде ол клетканың есебінен
алғанда 10—20 пикограмм мөлшерінде кездеседі. Дара жарнақты өсімдіктердің клеткасында 100 пг және одан да көп мөлшерде кездеседі. Хроматинде РНК синтезделеді. Ядрошықтағы белок
пен РНК-ның есебінен рибосомалар түзіледі, бұл рибосомалар ядрошықтан цитоплазмаға өтіп, мұнда эндоплазмалық тордың қабырғаларына бекінеді.
Ядроның аса маңызды қызметі —ДНК структурасында бекіне-тін тұқым қуалау белгілерін сақтау және жеткізу. Клеткадан ядроны бөліп алу оньщ тіршілігін жоюға себепші болады. Ядро қозғалады, мәселен, бір жағымен өсетін клеткаларда ядро оның есетін жағына қарай қозғалады. Клетка зақымдалса, ядро оның жарақаттанған жағына қарай қозғалады. Бұл кезде ядро амеба тәрізді пішінге ие болады.