Өсімдік клеткасының структурасы және атқаратын қызметі



бет2/34
Дата27.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#155253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс 2 Өсімд клеткас физиологиясы

1.2.1. КЛЕТКА ҚАБЫҚШАСЫ
Жануарлар организмінің клеткасынан өзгеше, өсімдіктер клет-қасының бетінде тығыз қабықша болады, бұл қабықшаны кейде пектоцеллюлозалық мембрана деп атайды. Жоғарыда атап еткен методтар арқылы өсімдік клеткалары соңғы кезде Фрей-Висслинг-тің және басқалардың еңбектерінде өте нәтижелі зерттелді.
Фрей-Висслингтің (1976) монографиясынан алынған кейбір мәліметтер мынаны көрсетеді. Қабықшаның құрамында сулы, созылғыш, гель тәрізді матрикс және фибриллалық тірек системасы бар. Бұлар біріге келе, қабықшаның беріктігі мен созылғыштығын қамтамасыз етеді. Матрикстің құрамына күрделі углеводтарға жататын гемицеллюлоза мен пектинді заттар кіреді. Осы заттарда карбоксил топтары болуының арқасында олар судың едәуір мөлшерін бойына ұстап тұрады. Матриксті клетка ішінде Гольджи аппараты, Деп аталатын органоид қалыптастырады және оны плазмалемма арқылы сыртқа шығарады. Бұдан соң матрикс
43

А Б
4-сурет. Клетка кабықшасының электрондық микрофотографиясы: А — алғашқы қабықша; Б — ақырғы қабықша.
заттарынан целлюлозаның тірек фибрилдері синтезделеді. Жоғарыда баяндалған целлюлозаның макро және микрофибрилдерінің құрылыс ерекшеліктері клетка қабықшасына беріктік және созылғыштық қасиет береді. Клетканың бөлінуі кезінде жаңа қабықшаның қалай пайда болатындығы электрондық микрофотосуреттерде керсетілген. Мұнда Гольджи көпіршіктері біріге келіп, клетка ішінде ортаңғы пластинка деп аталатын қабатты түзеді, ол бөліну кезінде екі жас клетканың арасынан пайда болады. Ортаңғы пластинканы екі жас клетка жағынан да алғашқы қабықша қаптап жатады, бұл қабықша да Гольджи аппаратының көпіршіктерінен түзіледі. Үш қабаттан тұратын бұл түзіндінің бәрі де гемицеллюлоза мен пектинді заттардан құрылады. Ол клетка қабықшасының матриксі деп аталады.
Клетканың қартаюы процесінде және тканьнің түріне қарай қабықшада лигнин, суберин және әр түрлі түздар жиналуы мүмкін. Клетка қабықшасының өсуі және оньщ жуандауы клетканың бүкіл тіршілік әрекетіне байланысты. Клетка қабықшасын ішкі жағынан гидростатикалық қысым көрнеп тұрады, оны клетка ішіндегі заттар тудырады. Осының салдарынан қабықша керілген күйде болады. Клеткаға енетін және одан шығатын заттардың барлығы да қабықша арқылы өтеді. Қабықшада іші суға толы едәуір терең қуыстар (аралық) болуының арқасында су қабықша арқылы айтарлықтай
зор жылдамдықпен етеді. Мұндай аралықтар пора деп аталады. Бір клетка қабықшасындағы поралар көршілес клетка қабықшасындағы пораларға қарама-қарсы орналасқан, сондықтан қатар орналасқан клеткалар арасында су және еріген заттар оңай алмасады.
Клетка қабықшасындағы поралар арқылы көбінесе плазмодесма деп аталатын жіңішке цитоплазмалық жіпшелер өтеді. Олар
44
поралар арқылы өте отырып, бір клетканың цитоплазмаеын екінші клетканың цитоплазмасымен байланыстырады. Темекі жапырағы клеткаларының 100 мкм2 бетінен 10-нан 30-ға дейін плазмодесма жіпшелері табылған. Өзара жалғасып жатқан цитоплазманың плазмодесма жіпшелерімен байланысқан бұл торын симпласт деп атайды.
Плазмодесма көршілес жатқан клеткалар арасында заттардың қозғалуын айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені бұл заттар ешқандай кедергілерге ұшырамайды. Клетка қабықшасын зат алмасуына
аз қатысатын немесе тіптен қатыспайтын инертті түзіліс деп есептейді. Алайда кейбір зерттеушілер оның бетінде белгілі
бір ферменттердің болатындығын анықтады. Клетка қабықшалары қышқыл ортада пектинэстераза, химотрипсин ферменттерін адсорбтай алатындығын Глациу темекі клеткасының қабықшасынан, ал Янсон сұлы колеоптилінен көрсетті. Бұл ферменттер сілтілі ортада қабықшадан ерітіндіге түседі. Ньюкомб клетка қабықшасында тыныс алу процесіне қатысатын аскорбиноксидаза ферментінің бар екендігін анықтады. Қабықшада бұл фермент клетканың созылуы мен бөлінуі кезінде табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет