Өсімдік клеткасының структурасы және атқаратын қызметі



бет8/34
Дата27.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#155253
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Дәріс 2 Өсімд клеткас физиологиясы

1.2.8. РИБОСОМАЛАР
Рибосомалар зерттеу жүргізілген өсімдік клеткаларының бар-лығынан табылған. Рибосомалардың болатындығын алғаш рет 1941 жйлы Касперсон мен Браше атап көрсетті. Зерттеудің неғұрлым жетілдірілген әдістерін қолдану арқылы 1953 жылы Робертсон мен Браун бұл жаңалықты растады. Бұршақ клеткасының
рибосомалары диаметрі 250 А гранула пішінді болады, олар осы кезге дейінгі белгілі органоидтардың ішіндегі ең ұсағы болып са-налады. Ядро ядрошығында түзілген соң олар цитоплазмалық матрикске ауысады. Мұнда олар бос күйінде жүзіп жүреді немесе эндоплазмалық тордың қабырғасына бекінеді. Рибосоманың денесіне су сіңген, оның көлемінің 50 процентін су құрайды. Құрғақ заттың 40—50 проценті РНК-дан және 50—60 проценті белоктан тұрады. Рибосомалық РНК үлкен молекулалы болады, оның молекулаларынық салмағы 10 000 000-ға дейін жетеді.

10-сурет. Бактериялық 705
рибосома құрылуынын. схемасы.
Рибосома белогы кіші молекулалы, молекулалық салмағы 12 000-нан 25 000-ға дейін, құрамында көптеген негіздік және дикарбон амин қышқылдары бар. Белок пен РНК өзара тығыз айқасып жатады. Сонымен қатар, рибосомада магний иондары, ал кейбір жағдайларда кальций иондары болады. Әр түрлі организмнен бөлініп алынған рибосомалар екі топқа — ұсақ және ірі рибосомаларға бөлінеді. Ұсақ рибосомалар прокариоттардан табылған. Прокариоттарға ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Ірі рибосомалар эукариоттардан табылған. Эукариоттарға барлык, басқа, қалыптасқан ядросы бар организмдер жатады.
53
Рибосомаларға сипаттама беру үшін седиментация коэффи-циентін қолданады, оны ерітіндідегі бөлшектердің тұну жылдам-дығы бойынша анықтайды. Бұл коэффициент рибосомалардың өлшемдері мен салмағына байланысты. Бұл шаманы 3 таңбасымен белгілейді, яғни ол Сведберг бірлігін білдіреді. А. С. Спирин мен
Л. П. Гаврилова (1968) прокариоттардан алынған рибосомалардың седиментация коэффициенті 705, ал эукариоттардан алынған рибосомалардың седиментация коэффициенті 805 болады дейді. Барлық эукариоттардьщ рибосомалары хлоропластар мен мито-хондрияларда да кездеседі. Бұл рибосомалардың цитоплазма
рибосомаларынан айырмашылығы бар, олардың седиментация коэф-фициенті 705 болады. Рибосомалар біраз созылыңқы келеді, со-зылыңқы оське перпендикуляр бағытта кішкене науа өтеді. Рибо-сомадан магний иондарын бөліп шығарғанда рибосома науаны бойлай, мөлшері әркелкі екі бөлшекке ыдырайды. Кейінірек бұл бөлшектер қайтадан қосылуы мүмкін. Бір бөлшек ірірек келеді, оның седиментация коэффициенті прокариоттар мен эукариоттарда тиісінше 505 және 605 болады. Екінші бөлшек кішірек келеді де, седиментация коэффициенті сәйкес алғанда 305 және 405 болады. 505 бөлшектің пішіні созылыңқы, жұмыр, 305 белшектің пішіні қабысыңқы келеді. Олардың жанасатын беттері тегіс және бір-
біріне тығыз жанасып жатады.
Рибосомалар клеткада белокты синтездеу міндетін атқарады.
Бос рибосома белок синтезін жүргізе алмайды, Белок синтезін жүзеге асыру үшін ол алғашында м-РНК жіпшесіне бекінеді де оның тізбегін бойлай қозғалады. м-РНк-ның соңына жеткен соң рибосома босайды. м-РНК-ға осындай әдіспен бірнеше рибосома бірінен соң бірі бекінеді. Мұндай топты полисома деп атайды. Рибосоманың. байланысуы үшін АТР энергиясы қажет, демек бұл кезде рибосома мен м-РНҚ арасында химиялық байланыс түзіледі.
Рибосоманың эндоплазмалық тор мембранасына бекінуі клет-каның жедел өсуімен сәйкес келеді. Клетка жаңадан түзілген бе-локтар есебінен өседі. Клетка қартайғанда рибосомалары босайды. Бос күйіндегі рибосомалар, сірә, біртіндеп ыдырайтын болса керек. Бұл мәліметтер бактериялар мен жануарлар клеткаларынан зерт-телген.
Академик А. С. Спирин бастаған москвалық бір топ ғалымдар-мен бірге Лениндік сыйлықтың лауреаты М. А, Айтхожин Қазақ ССР Ғылым академиясы ботаника институтында жоғары сатыдағы өсімдіктердіқ рибосомасы мен рибонуклеин қышқылдарына зерттеу жүргізді. Бұл зерттеудің нәтижесінде өсімдік рибосомасы негізгі белгілері бойынша жануар рибосомасына ұқсас екендігі анықталды. Осы ұқсастықтың арқасында гибридті рибосома алынды. Гибридті рибосоманың бір бәлігі ноқат өсімдігінен, екінші бөлігі бауыр клеткасының рибосомасынан түзілді. Гибридті рибосома биологиялық активтілік байқатты. М. А. Айтхожин алғаш рет өсімдік клеткасында информосома деп аталатын бөлшектердің кездесетінін анықтады. Клетка ядросында и-РНК синтезелген
54
кезде арнаулы белокпен қосылып, информосома түзеді. Информосома ядродан протоплазмаға өтіп, мұнда бос немесе юлирибосомамен байланысқан күйде болады. Бидай ұрығы пісіп кетілетін кезде онын, клеткасында информосома алғаш бос, кейін байланысқан күйде, пісіп жетілу кезеңінде қайтадан бос күйде болатыны анықталды. Сонымен қатар, өсімдік информосомасы жануар информосомасына ұқсас екендігі байқалды. Бұл — клеткада өтетін күрделі белоктық синтезделу процестерініц реттелу ме-ханизмдерін жобалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет