Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология

cry-гендер)  енгізу  арқылы  зиянды  жәндіктерге  тӛзімді  трансгенді 

ӛсімдіктерді  алады.  Тҧғыш  рет  БТ  cry-гендер  80-ші  жылдары  темекі 

ӛсімдігіне  енгізілген  болатын,  бҧл  ӛсімдіктерді  жеген  жәндіктер  БТ 

эндотоксинінің  әсерінен  ӛлетіні  анықталды.  1996  жылы  АҚШ-та  алғаш 

ауыл  шарушылық  ӛнімдерін  ӛндірушілерге  қҧрамында  cry-гендері  бар 

картоп, мақта және жҥгері сорттары сатылды. 

Ресейде  де  ӛсімдікке  БТ-токсині  генін  енгізу  бойынша  зерттеулер 

жҥргізіледі.  Bt.ssp.kurstaki-дан    (ВИЗР)  cry  1А  бар  қызанақтың 

трансгенді  ӛсімдіктері  алынды.  Ауыл  шаруашылық  ЖҒЗИ-де 

Bt.ssp.tenebrionis  генін  картоп  ӛсімдігіне  тасымалдау  жҧмыстары 

орындалды. Олар колорад қоңызына тӛзімді болды. 

Трансгенді ӛсімдіктер дамуының жетекші орны Батыс Еуропа және 

АҚШ елдеріне тиесілі. Басында бҧл университеттердің іргелі зерттеулері 

ғана  болды,  кейін  «Новартис»,  «Монсанто»,  «Шелл»  және  т.б. 

коммерциялық    фирмалар  қосылды.  1998  жылдың  басына  дейін  25 

мыңнан  астам  трансгенді  ӛсімдіктермен  егістік  сынақтар  жҥргізілді, 

оның  75%-ы  Канада  мен  АҚШ-та.  Осы  кезде  Ресейде  егістік  жағдайда 

апробация  басталды  (30-ға  жуық  сынақ).  Осындай  биотехнологиялық 



48 

 

революцияның бірінші толқынының нәтижесінде 2025 жылға қарай жер 



шаруашылығының  ӛнімі  2-3  есе  ӛседі  деп  есептеледі.  АҚШ-та  ГМ-

дақылдарының  кең  таралуына  зерттеулердің    ҧйымдастырылуы  мен 

тіркелуі  себепші  болды.  Бҧнымен  ҥш  мекеме  айналысады:  денсаулық 

қызметі және жануарлар мен ӛсімдіктер инспекциясы, қоршаған ортаны 

қорғау  агенствосы  және  азық-тҥлік  пен  медикаменттер  бойынша 

Федералдық басқармалар. Ресейде трансгенді ӛсімдіктер бойынша басты 

институт  –  ауыл  шаруашылық  ЖҒЗИ.  Институт  қызметкерлері 

қорғаныштық  функцияны  атқаратын  ақуыз  синтезін  кодтайтын  ӛсімдік 

гендерін  пайдалана  отырып  бактериалды  және  саңырауқҧлақ 

инфекцияларына тӛзімді трансген ӛсімдіктерін жасады. 

Сол  сияқты,  гендік  инженерия  әдістерімен  әр  тҥрлі  топтардың 

белгілері  бар  ӛсімдікті  қҧрау  немесе  мәдени  ӛсімдіктерге,  жәдіктерге 

улылық кӛрсететін гендер кешенін енгізіп, зиянкестерге тӛзімді ӛсімдік 

алу. 


Мамандардың  бағалауы  бойынша  трансгенді  ӛсімдіктер  адам  мен 

қоршаған  орта  ҥшін  қауіпсіз,  себебі  табиғаттың  ӛзінде  де  ӛсімдіктер 

арасында  ген  алмасу  немесе  бактериялды  плазмидалардың  ӛсімдікке 

кӛшуі  жҥреді.  Гендік  инженерияға  қатысты  мәселелер  заңға  сәйкес 

орындалуы қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет