Өсімдікте судың физиологиялық процестерге қатысуы. Өсімдік клеткасы – осмостық жүйе



бет3/3
Дата27.04.2024
өлшемі2,51 Mb.
#201496
1   2   3
Байланысты:
584920.pptx

Өсімдіктін су алмасуы Өсімдіктер денесінің басым көпшілігі судан 75-ұ0 прц.тұрады. Тіршіліктің ең алғашқы түрлері сулы ортада пайда болған, кейін осы орта организмдер клеткларында тұйықталған күйге айналады. Өсімдіктер денесіндегі су топырақтан енетін ылғалдан бастап жапырақтан ауамен шектесетін бетіне дейінгі аралықты тұтастыратын орта болып есептеледі. Су қызметері; - су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекетеріне байланысты биохимиялық реакциялар жүзеге асатын негізгі орта болып есептеледі - су клеткалардағы құрылымдық бөліктерді қалыптастыруға қатысады. Белок молекулаларындағы су олардың құрылысын анықтайды жылжуын қамтамасыз ететің жоғарғы қозғаушы кұші жапырак паренхимасының клеткаларында сорғыштық күштің ұлғаюына байланысты пайда болады. Сондықтан транспирация қарқындаған сайын, жоғарғы қозғаушы күш түгел тоқтап қалса да жұмыс істей береді және оған метаблитик энергия емес, сыртқы орта энергиясы- температура және ауа қозғалысы пайдаланылады. Сабақтан су жапыраққа сабақша немесе жапырақ қынабы арқылы, содан соң жүйкелер арқылы жылжиды. Әрбір жүйкедегі өткізгіш шоқтардың өлшемі, олар бұтақтанған сайын азая береді. Ең майда жүйкелер тек жалғыз трахеидтик клеткадан тұруы мүмкін.
Осмотикалық қысым Ерітінді көлеміндегі еріген заттар молекулаларының жиынтығынан туындайтын қысым. Ерітіндідегі беткейлік тартылыс салдарынан оның құрамындағы еріткіштің ішкі қысымы орасан зор болады, сондықтан Осмотикалық қысымды көзбе-көз қадағалау мүмкін емес. Бұл үшін әдетте жартылай өткізетін мембраналар пайдаланылады, олар еріткіш молекулаларын ғана өткізетін, ал еріген заттарды тұтып қалатын қалқалар іспетті. Мұнай-газалаптарында жартылай өткізуге қабілетті жыныстар ролін өзінің коллоидтылығын жоғалтпаған саздар ғана атқара алады. Олардың қуыстары сорылып алынған су молекулаларымен бітелген, сондықтан саз қабаты арқылы тек қана су массалары өте алады да, еріген заттар тұтылып отырады. Жасушаның суды сіңіру барысында, онда осмостық және тургорлық қысым қалыптасады да, жасуша қабықшасын кереді. Суды және ондағы еріген заттарды мембрананың бір бағытта таңдамалы өткізуін осмос деп атайды. Вакуольдегі сіңірілген су, протопластқа қысым түсіріп, қабықшаны керіп, оны ісіндіреді, бұл құбылысты тургор деп таайды. Осмостық қысым (О) жасуша қабықшасының ішкі жағынан сыртқа қарай кере түсуге бағытталған. Бұған кӛрсетілген қарама – қарсы қысым тургорлық қысым (Т) деп аталады. Бұл екеуінің айырымын – сорушы күш (С) деп атайды да, оны мына формуламен анықтайды: С = О – Т.
Плазмолиз - цитоплазманың қабырғаға жақын қабатының өсімдік жасушасының қатты қабықшасынан бөлінуі. Плазмолиз тургорға кері құбылыс. Жасуша сөліне қарағанда гипертоникалық болып табылатын ерітіндінің әсерінен протопласттың сығылуы нәтижесінде тек тірі жасушалар ғана болады. Ұзақ плазмолиз жасушаның өлуіне әсер етеді.Плазмолиз – қайтымды процесс. Плазмолиздің жойылуы деплазмолизге әкеледі, өсімдік жасушасын, осмостық әсер етуі заттар ерітіндісінің ролін жасушалық шырын, ал жартылай өткізгіш қабықша ролін цитоплазмалық мембрана атқаратын, осмостық жүйе ретінде қарастыруға болады. Жартылай өткізгіш қабықша арқылы таза судан бөлінген ерітінді, өзінің потенциалдық осмостық қысымына тең күшпен суды сорады. Плазмолиз кезінде клетка ішіндегі су кеміп, цитоплазманың плазмолемма қабаты біртіндеп клетка қабықшасының ішкі қабырғасынан ажырап, жиырылады, ең ақырында ортаға жентектеледі. Плазмолиз құбылысының болуы-клетка қабықшасының сыртындағы және ішіндегі ерітінділердің концентрациясына байланысты. Плазмолизденген цитоплазмаға су сіңсе ол қайта кернеледі, мұны деплазмолиз деп аталады. Жаз күндері шаңқай түс кезіндегі ыстыққа өсімдік жапырағының солыңқырап, болбырап қалуы –плазмолиздің, оны суарғаннан кейіңгі керілуі-деплазмолиздің мысалы бола алады. Деплазмолиздің маңызы-фотосинтез процесіне қажетті суды жеткізіп отыруында. Сонымен бірге деплазмолиздің жас өсімдік органына таяныш боларлықтай механикалық қасиеті де бар.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет