Өсімдікте судың физиологиялық процестерге қатысуы. Өсімдік клеткасы – осмостық жүйе Дайындаған: Әлі Нұрбану
ЖБЛ-411 тобы
Қабылдағын: Байбеков Ерубай
ӨСІМДІК ӨМІРІНДЕГІ СУДЫҢ МАҢЫЗЫ Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және метоболит ретінде қажет. Су өсімдіктерде фотосинтез реакцияларында түзіледі, ал минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді. Су - өсімдік денесінің негізгі құрамдас бөлігі (30-дан 40, 95% дейін). Анабиоз (тұқымның ұзақ тыныштығы) кезінде де өсімдікте су болады. Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты. Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады.
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады. Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және зат алмасу ретінде қажет. Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты. Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Бұл өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады. минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді. Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады, тұқымның ұзақ тыныштығы кезінде де өсімдікте су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады. Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды. Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады. . Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады. Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым су көп буланады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Егер, су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспеген жағдайда, өсімдіктің өсуі баяулайды, солып, қурайды. Су өсімдік бойымен минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы үшін қажет. Яғни, судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі. Булану процесі ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды. Ауық – ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап – жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтез процесімен тығыз байланысты. Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады, ал булану процесі арқылы жапырақ өз температурасын бірқалыпты сақтайды. 2. Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі. Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімдеушіліктер тән сыртқы қабықшасының қалың болуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды , жақсы жетілген тамыр жүйесін түзеді.
Ксерофиттер- топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. Олардың тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады. Оларды үш топқа бөледі: 1) гемиксерофиттер – ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ); 2) эвксерофиттер – ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., жусандар); 3) пойкилоксерофиттер – су тапшылығына байланысты тіршілігін уақытша тежей тұратын өсімдіктер (мүктер) Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер топырақта ылғал орташа , жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесінжәне мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады. Гидрофиттер -деп жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар қалыптасады.