Өсімдіктегі су алмасу процесі



бет3/4
Дата13.12.2021
өлшемі20,87 Kb.
#100030
1   2   3   4
Байланысты:
Су алмасу
4 лабка МИМ Қайырдинов Еділ
Судың өсімдіктерге сіңуі

Әр түрлі өсімдіктер суды түрліше қабылдайды. Төменгі дәрежелі, сол сияқты суда өсетін су өсімдіктері клетка қабықтарының кутикулалары нашар болғандықтан, суды сумен жанасқан барлық сыртқы бетімен сорып, суға қажеттігін өтейді. Бұлардан басқа атмосферадағы ылғалды ауа тамырлары арқылы қабылдап, тіршілік ететін өсімдіктер — эфипиттер бар. Бұл өсімдік тобына тропикада ағаштарда оралып немесе асылып өсетін, автотрофты қоректенетін, көптеген тұқымдасқа кіретін өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктердің ауа тамырларында жұқа қабықшалы қуыс клеткалары ауадағы ылғалды сорып, қабылдауға бейімделген.

Біздің елде өсетін шатырша гүлділер тұқымдасынажататын кейбір өсімдіктер де жапырақ қынабына жиналған жауын суларын қабылдауға бейімделген. Сол сияқты сор-сортаң топырақта өсетін сораң шөптің (солерос) жапырағындағы ұсақ түкшелері атмосферадағы ылғалды сорып қабылдайды.
Басқа өсімдіктердің барлығы дерлік суға деген қажеттілігін, топырақтағы ылғалды тамырлары арқылы қабылдап, қамтамасыз етеді. Бірақ, өсімдік тамырының ұзын бойы түгелдей суды қабылдай бермей, негізінен сору аймағындағы тамыр түкшелерінің клеткалары қабылдайды. Көп жылдық бұта және ағаш тектес өсімдіктердің сору аймағындағы түкшелер ғана суды қабылдап қоймай, тамырдың тоз қабығымен қапталған кәрі учаскелері де қабылдайды.

Микоризаның болуы ағаш тектес өсімдіктердің су қабылдауын күшейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет