Өсімдіктегі су алмасу процесі
Су барлық өсімдіктердің организмінде кездеседі.Су бір өсімдіктің әртүрлі органдарында түрліше болумен қатар / түн мен күндіз/ бір тәуліктің ішінде әлденеше өзгереді. Бірақ орта есеппен су төмендегі көрсетілген мөлшерде кездеседі /Б.А.Рубин бойынша/. Кейбір, әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктер — мүк, қына көп уақыт сусыз жағдайда қалып, құрғап кеткенімен, келесі ылғал жеткілікті болған кезде қайтадан тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты кейбір эфемерлер — дераң, т.б. толық қурағаннан кейін, қайтадан ылғал болған кезде, тіршілігін қалпына келтіретіні белгілі болған. Бірақ, өсімдіктің көпшілігі, әсіресе ауылшаруашылық дақылдары тіршілік үшін судың үздіксіз болуын керек етеді. Егер су біраз уақыт тапшы болса, ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігінің өнімін нашарлатады. Сондықтан өсімдіктің су балансында — өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасында тапшылық /дефицит/ болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |