Байланысты: өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)
Өсімдіктерге ыстыққа төзімділігі Табиғатта құрғақшылық жоғары температураменұштасады. Мұндай кезде өсімдіктер су тапшылығына ғана емес, сондай-ақ аптап ыстықтанда зардап шегеді. Сондықтан құрғақшылыққатөзімділікпен қатар, өсімдіктердің ыстыққатөзімділігін де ажыратады. Өсімдіктердің көпшілігіүшін тиімді температура 15-35 °С шегінде болады. Аптап ыстықтың зақымдаушы әсері жасушацитоплазмасының коагуляциялануында болыптабылады, бұл құбылыс температура 50 °С-гежеткенде және одан артқан кезде байқалады. Алайда, зат алмасу барысында үрдістердің бұзылуыбұдан ертерек, температура 40-45 °С -ге жеткенде-ақ басталады.
Ыстыққа аса төзімді өсімдіктер де бар. Ыстық су көздерінде өсетін бактериялар мен көкжасылбалдырлар тобы 70 °С және одан да жоғарытемператураға бейімделген.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде кактустармен жасаң тұқымдастар ыстыққа аса төзімді келеді, олар 50-60 °С температураны да көтереді.
Ал мәдени өсімдіктерден сорго, мақта, күріш жәнеүпілмәлік ыстыққа айтарлықтай төзімді.
Транспирацияның жоғары болуы кейбірөсімдіктерге ыстықтың әсерінен қорғануғамүмкіндік береді. Мәселен, суды көптегенмөлшерде буландыра отырып, гемиксерофиттержапырақтардың қызып кетуін бәсеңсітеді.
Суккуленттердің ыстыққа төзімділігінің басқашанегізі бар: жасушалары мен цитоплазмасыныңмұндай қасиеттері олардың ыстыққа төзімділігінқамтамасыз етеді.
Өсімдіктерге жоғары температура әсер еткенде заталмасу реакциялары үйлесімділігінің бұзылуы улызаттардың жиналуына әкеліп соғады. Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы нәтижесіндетүзілетін аммиак осындай заттардың бірі болыптабылады.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімді түрлерінде түзілетінаммиакты органикалық қышқылдарбайланыстырады.