Өсімдіктердің ботаникасы физиологиясы,таксономиясы және экологиясы



Дата24.02.2022
өлшемі3,43 Mb.
#133077
Байланысты:
Сулейменова Алина АКТ топ

Өсімдіктердің ботаникасы физиологиясы,таксономиясы және экологиясы

Орындаған:Сулейменова Алина

Қабылдаған:Уайдуллақызы Эльмира

Тобы:ПМНО АКТ 1 топ

ЖОСПАР

  • 1. «Фотосинтез» үдерісімен танысу
  • 2.Тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуі
  • 3.Өсімдіктер қорғау
  • 4.Кері байланыс
  • 5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Фотосинтез үдерісі

Өсімдіктер тек көмірқышқыл газ,су,күн сәулесінің энергиясын пайдалану арқылы өз-өздерін қоректендіре алады.Не ол жердегі барлық күрделі түрлерін қамтамасыз етеді.

Әрбір жапырақ күн энергиясын тұтынатын қорек фабрикасы.Өз қорегін тұтыну үшін өсімдікке қарапайым ингредиенттер тізімі қажет.

Олар су және көмірқышқыл газы.Су өсімдікке жасуша арқылы түседі де,жапырақтарға ксилема деп аталатын түтікшелермен жеткізіледі.


Ксилема түтігі

Фотосинтез реакциясының теңдеуі Көмірқышқыл газы+су+жарық+глюкоза+оттегі

  • Хлорофилл-бұл басты кілт.Ол күн энергиясына ауадан келген көмірқышқыл газы мен судан келген оттегіні байланыстыру үшін қолданылады. Егер өсімдіктер өспесе және көбеймесе басқа тірі ағзалар қоректене алмайды.
  • Өсімдіктер қорек тізбегінің негізі болып табылады.Өсімдіктер көмірқышқыл газын тұтынуы және фотосинтез арқылы оттегінің бөлінуі біздің тіршілігіміздің қамтамасыз ететін атмосфераны құрайды.Сондықтан фотосинтез ең маңызды химиялық реакциялардың бірі.

Өсімдікте тұқым қалай түзіледі?

 Көп өсімдіктің гүлі бар. Гүлдің негізгі мүшелері – тостағанша жапырақшалары, күлте жапырақшалары, аналық пен аталық. Тостағанша жапырақшалары – гүлдің негізінде өскен кішкентай жасыл жапырақшалар. Тостағанша жапырақша күлте жапырақшаларды ұстап әрі қорғап тұрады. Гүлдің күлтесі – оның жапырақшалары. Осы жапырақшалардың арқасында барлық гүл керемет әдемі. Гүлдің ең маңызды мүшелері – аталығы мен аналығы. Аталығында түзілген тозаңда аталық жыныс жасушалары бар. Әрбір аталықтың жоғарғы жағы жабысқақ келеді. Ал аналығында аналық жасушалары болады. Аналығының жоғарғы бөлігі аналық аузы деп аталады.


Гүлдің түрлі түсті күлте жапырақшалары мен жағымды хош иісі жәндіктерді өзіне тартады. Гүлдің ішінде жәндіктер қоректенетін тәтті шірне бар. Жәндіктер ұшып, гүлдерге қонғанда, құрсақтарымен (денесімен) аталықты басып, тозаң жапсырып алады. Содан кейін жәндіктер басқа гүлге ұшып барып, тозаңды қалдырады. Тозаң аналықтың жоғарғы жағына жабысады. Тозаңдану үдерісі сәтті аяқталған соң, тозаң тұқымның ұрығына түседі. Осыдан кейін гүлде тұқым түзіліп, оның айналасында жеміс өсіп шығады. Гүлдейтін өсімдіктер гүлді өсімдіктер деп аталады. Алайда барлық гүлді өсімдіктердің гүлдері тартымды әрі ірі болмайды. Жеміс ағаштарының гүлдері ғана әдемі әрі ірі болады. Гүлден гүлге тозаңды тасымалдау арқылы аналық аузына тозаңның түсу үдерісі тозаңдану деп аталады. Ол желдің, жәндіктердің немесе құстардың көмегімен жүреді.

Өсімдіктер қорғау


Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға байланысты.Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де,дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар.
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін1)Жер бетін лас нәрселерден тазарту керек2)Топырақ құнарлылығын сақтау керек3)Улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек
Мысалы,адамдардың дұрыс қарамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті,қазір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде тұр.Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса,оның 5,6 мыңнан астамы Қазақстанда өседі.300-ден астамы “Қызыл кітапқа” енгізілген
Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі және өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады.Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы-орманды,өсімдіктерді қорғау-еліміздің экономикасын нығайта берудің,экологияны жақсата берудің басты шарты
,,,
,,
,,
,,,
,,,,,
,,,,
,,
,
,,,
,,,
,,,
,,,
,
,
,,,,,
,
КЕРІ БАЙЛАНЫС
РЕБУСТЫ ШЕШІҢІЗ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • https://youtu.be/6PJ-iTAVFwk
  • https://atamuraweb.kz/?page_id=21428
  • https://stud.kz/sabak-zhospary/id/20069

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет