Өсімдіктерді микроклонды көбейту және отырғызу Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/3
Дата08.04.2024
өлшемі20,68 Kb.
#200567
1   2   3
Байланысты:
YNFYDWCJATXM28032024161915
2-дәріс., Ders 9
Қажетті құралдар мен жабдықтар: Стерильді қоректік ортасы бар пробиркалар, 96%-тік спирт, 0,1%-тік сулы сулема ерітіндісі немесе диацид, стерильді пинцет, скальпель, булағыш ине, химиялық стакандар, спиртовка, сіріңке, стерильді Петри табақшасы, бинокулярлы лупа, дәке қапшығы.
Жұмысты орындау реттілігі: Бүлдірген столонын сабын суда жуып таза сумен шайып аламыз. Стерильді ламинар бокс ішінде бүлдіргеннің негізгі жапырағында орналасқан столондарындағы қолтық бүршіктерін скальпельмен кесіп аламыз. Бүршіктерді дәке қапшығына жинап стерилдеу үшін диацид ерітіндісіне 10 минутқа саламыз да уақыт өткеннен кейін бес рет стерильді дистильденген сумен шаямыз. Ламинар бокс іші тар болғандықтан стерильдеу үшін бес-алты стаканның болуы шарт емес, ол үшін А көлемде стерильді суы бар екі стакан жеткілікті. Бірінші стаканға бүршіктерді салып алып оны екінші стаканға саламыз, босаған стакандағы суды босатып жаңа стерильді су құйып оны қайта шаюға пайдаланамыз.
Стерильді бүршіктерді қапшықтан алып стерильді Петри табақшасына меристемасын бөліп алуға дайындаймыз. Бұл операцияны он есе үлкейтетін бинокулярлы лупа астында жүргіземіз. Заттық шыны үстінде бүршікті булағыш ине және скальпель арқылы көптеген жапырақ қабыршақтарынан тазалаймыз. Ол үшін инемен бүршікті ұстап скальпелмен бір-екі жапырақ бастамасы бар меристемалық күмбезшені жеке бөліп аламыз.
Ламинар - бокс ішінде бөліп алынған меристеманы булағыш инемен қоректік ортасы бар пробиркаға отырғызамыз. Прибирканы целлофанмен жауып температурасы +25°С болатын жарық климат камерасына қоямыз. Төрт аптадан соң түзілген бүршік санын тіркейміз де оларды келесі жұмыстарға пайдаланамыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Өсімдіктерді микроклональді көбейтудің артықшылықтарын атңыз.
2.Клондық микрокөбейту жұмысының қанша кезеңдері бар?
3.Микроклондық көбейту жұмыстарында өсімдіктерге қандай қолайлы жағдайлар жасалуы керек?
4.Құрамында цитокинині бар қоректік ортада өсімдіктердің қандай мүшелерінің өсуі белсендірек жүреді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет