Қосымша 1 Бұланты маңындағы шайкас



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі35,86 Kb.
#117727
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактикалық материалдар 3

Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі[2] және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған. Сейтіп, 1730 жылы жазғы салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі. Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті. Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты. Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтататын күрес күтіп тұрды. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі. Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқайырдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ. Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты. Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1114
© e-history.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет