Абулхаирхан (ок. 1680-1748) – Кішіжүзханы. Шыңғысханныңонбесіншіұрпағы. 1710 жылыҚарақұмдағыхалықжиынындажасӘбілқайырКішіжүзәскерініңқолбасшысыжәнеханболыпсайланды, алтүменбасыболыпатақтыбатырБөгенбайтағайындалды. XVIII ғасырқазақхалқыүшінелбасынакүнтуғанкезеңболды, жоңғарлартарапынанболатыншабуылдархалықтыкөпкүйзелісккеұшыратты. Әбілқайырбұлсұрапылсоғыстажанкештіліктанытты. ОлбабаларыныңиелігіндеболғанСайрам, ТүркістанжәнеТашкентқалаларынқорғаужолындаеренерлігіменкөзгетүсті. Бұлқалаларжоңғарлардыңқоршауындақалғанкезде, теңемесұрыстаанасыменәйелітұтқынғатүскенсоң, Әбілқайырханшегінугемәжбүрболды. 1718 жылыАякөздеӘбілқайырменҚайып 30 мыңдықәскеріжоңғарларменқандышайқасжүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.