М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде
қосымша білім/жазғы семестрді ұйымдастыру және жүргізу туралы
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қосымша білім/жазғы семестрді ұйымдастыру және жүргізу туралы ереже (әрі қарай – ереже)
- 27.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесіне»
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 жылғы №125, өзгерістермен 13.04.2010ж. №168, 18.11.2010ж. №506, 16.03.2011ж. №94 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың ағымдағы үлгерім бақылауын, аралық және қорытынды аттестациясын өткізу типтік ережелеріне» сәйкес дайындалған.
1.2. Оқытудың кредиттік технологиясы негізгі ережелерін орындау және талапқа сай болу үшін, білім алушылардың ұтқырлығы үшін, қосымша білімге деген сұранысты қанағаттандыру үшін, сондай-ақ білім сапасын арттыру үшін, қосымша білім/жазғы семестр - академиялық кезеңі енгізілген, ол білім алушының бастамасымен академиялық қарызды және оқу бағдарламасындағы академиялық пәндер айырмашылығын жою мақсатында, оның ішінде мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындар үшін де ұйымдастырылады.
Қосымша білім/жазғы семестрді ұйымдастыру және жүргізу
2.1. қосымша білім/жазғы семестр қосымша білімді қажет ететін, аралық аттестация (сынақ-емтихан сессиясы) қорытындысы бойынша академиялық қарызы бар және бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, оқытудың бір формасынан екіншісіне ауысқандықтан оқу бағдарламасында академиялық пәндер айырмашылығы бар, минималды ауысу балын (GPA) жинай алмаған білім алушылар үшін ұйымдастырылады.
2.2. білім алушының қосымша білім/жазғы семестрде оқуы оның академиялық қарызын, академиялық пәндер айырмашылығын жою мақсатында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған пәндерді меңгеру мақсатында кеңес алуын көздейді.
2.3. Қосымша білім/жазғы семестр ұйымдастырылады:
а) академиялық қарыздан құтылу үшін – күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға ағымдағы аралық аттестацияның (сынақ-емтихан сессиясының) соңғы емтиханы өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап және сырттай оқу бөлімінде білім алушылар үшін сессияаралық кезеңде;
б) академиялық пәндер айырмашылығын тапсыру үшін – күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар үшін оқу семестрінің басынан бастап (сессияаралық кезең) 6 апталық мерзімге, сырттай оқу бөлімінде білім алушылар үшін оқуды қайта жалғастырған немесе ауысқан сәттен бастап, ағымдағы оқу-емтихан сессиясы емтихандары басталғанға дейін;
в) курс бағдарламасын толық орындап, бірақ келесі курсқа өтудің ең төменгі (минималды) балын жинай алмаған студенттерге, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін;
Қазақстан тарихы бойынша пән айырмашылығы (мемлекеттік емтихан) кезекті аралық аттестация (сынақ-емтихан сессиясы) кезеңінде белгіленген кестеге сай тапсырылады.
Қосымша білім/жазғы семестр туралы ақпаратты офис тіркеудің білімді бағалау және аттестациялау бөлімінен (ОТ ББжАБ), факультет деканатынан алуға болады.
2.4 Академиялық қарыздары барлар үшін қосымша білімды/жазғы семестрді ресімдеу және ұйымдастыру келесі кестеге сай ұйымдастырылады:
2.4.1. ОТ ТжАЖБ аралық бақылау (емтихан сессиясы) қорытындысына сай оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқитын және академиялық қарыздары бар студенттер туралы мәліметтер дайындайды. Мәліметтер Офис Тіркеушінің білімді бағалау және аттестациялау бөліміне (әрі қарай ОТ ББжАБ) беріледі.
Оқытудың сырттай бөлімінде аралық бақылау қорытындысы бойынша академиялық қарыздары бар студенттер туралы мәліметті деканат факультеттері сырттай бөлім әдіскерлері құрастырады.
2.4.2. Факультет декандары ОПҚ үшін академиялық қарызы бар студенттерді және қосымша білім/жазғы семестрде оқытылатын пәндерді тіркеуден өткізеді. Тіркеу орны: күндізгі бөлімде білім алушылар үшін ОТ ББжАБ және сырттай оқу бөлімінде білім алушылар үшін қашықтан оқыту бөлімі.
2.4.3. Кафедра меңгерушілері академиялық қарызы бар студенттермен жұмыстану үшін қосымша білім/жазғы семестрдің алғашқы аптасында ОТ ББжАБ мен деканатқа тьюторлардың жұмысбастылығын ескере отырып жасалған академиялық қарыз пәндер бойынша негізгі курсты жүргізетін кафедра оқытушыларының тізімін береді.
2.4.4. а) күндізгі бөлімде оқитындар ББжА бөліміне қосымша білім/жазғы семестрден өтуге ниет білдіре жазылған өтініш (Қосымша) жазады, оқу ақысын төлейді және қосымша білім/жазғы семестрге төленген оқу ақысы түбіртегінің көшірмесі арқылы оқу ақысы төленгенін растайды.
б) күндізгі бөлімде оқитындар ағымдағы сынақ-емтихан сессиясы аяқталған сәттен бастап қащықтан оқыту бөліміне қосымша білім/жазғы семестрден өтуге ниет білдіре жазылған өтініш (Қосымша) жазады, оқу ақысын төлейді және қосымша білім/жазғы семестрге төленген оқу ақысы түбіртегінің көшірмесі арқылы оқу ақысы төленгенін растайды.
2.4.5. ОТ ББжАБ бөлімі өтінішті қарап, күндізгі бөлімде білім алушы оқу ақысын төлеп әрі оны растағаннан кейін, оны қосымша білім/жазғы семестрге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Қашықтан оқыту бөлімі өтінішті қарап, сырттай бөлімде білім алушы оқу ақысын төлеп әрі оны растағаннан кейін, оны қосымша білім/жазғы семестрге жіберу туралы шешім қабылдайды.
2.4.6. ОТ ББжАБ ақпарат береді:
- орталық диспетчерлік қызметке, қосымша білім/жазғы семестрге сабақ кестесін құру және оның орындалуын бақылап отыру үшін, ол оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректормен бектіледі (оқытушының аты-жөні, пән атауы, сағат саны көрсетіледі);
- бухгалтерияның негізгі қызмет бойынша кірістерді есептеу секторына, кредит-сағаттың құны мен университет оқытушыларына кредит-сағат арақатынасында ақысы төленетін сағат санын анықтау мақсатында қосымша білім/жазғы семестрге ақы төлеу базасын (оқытушының аты-жөні, пән атауы, сағат саны, төлем көлемі көрсетіледі) жүргізу үшін,
2.4.7. кеңес алу немесе пәндер курсын меңгеру, рейтингілік ведомоске қойылатын рейтингілік бақылауды жүргізу күндізгі бөлімде оқитындар үшін қосымша білім/жазғы семестрге жіберілгеннен кейінгі келесі 4 апта кезеңінде (2-5 апталар) жүргізіледі.
2.4.7. кеңес алу немесе пәндер курсын меңгеру, рейтингілік ведомоске қойылатын рейтингілік бақылауды жүргізу сырттай бөлімде оқитындар үшін деканаттың, офис тіркеушінің бақылауымен әркімге жеке тәртіпте жүргізіледі.
2.4.8. пәндер курсын меңгеріп, келесі кезеңге жеткілікті балын алған күндізгі бөлімде білім алушы бір апта ішінде (6-шы), сырттай бөлімде білім алушы кезекті сессия емтихандары басталғанға шейін қорытынды бақылаудан өтеді (емтихан), оның қорытындысы рейтингтік-емтихандық ведомостке түсіріліп, үлгерім базасына енгізу және игерілген кредиттер көлемін есепке алу үшін ОТ ТжАЖБ-ға және факультет деканаттарына жіберіледі;
2.4.9. Қосымша білім/жазғы семестр қорытындысы бойынша факультет деканаты білім алушыны курстан курсқа ауыстыру немесе оқудан шығару туралы шешім қабылдайды.
2.5. Академиялық пән айырмашылығы бар білім алушылар үшін (күндізгі және сырттай бөлімде) қосымша білім/жазғы семестрді ресімдеу мен жүргізу мынадай кестеге сәйкес жүзеге асырылады:
2.5.1. факультет декандары, қашықтан оқыту бөлімінің жетекшісі қосымша білім/жазғы семестрді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етеді, ол үшін:
- өтініштер қабылдайды (Қосымша) және академиялық айырмашылығы бар білім алушыларды тіркейді;
- бұйрық шыққан сәттен кейінгі 1-аптаның соңына дейін, анықталған айырмашылық пәндері бойынша негізгі курсты жүргізуші ОПҚ-ның тізімі, Жұмыс оқу жоспары және оқу үрдісі кестесі негізінде білім алушыны айырмашылық пәндері жүргізілетін топтардағы сабаққа сабақ кестесі бойынша немесе оқытушымен өткізілетін жеке сабаққа жіберу туралы шешім қабылдайды, ол үшін арнайы кесте жасалады, онда оқытушының аты-жөні, сағат саны, сынақтарды тапсыру және рейтинг алу уақыты көрсетіледі. Жоғарыда айтылған процедура факультет деканының бұйрығымен ресімделеді;
2.5.2. факультет деканатының сұранысы бойынша аталған санаттағы (категория) білім алушылар үшін, кафедра меңгерушілері 2 күн ішінде анықталған айырмашылық бойынша пәндердің негізгі курсын жүргізуші ОПҚ тізімін береді;
2.5.3. білім алушылар кеңес әрі рейтинг алу үшін кейінгі апталар ішінде сабақтарға қатынасады (кестеге сай немесе жеке).
2.5.4. сабақ аяқталып, рейтинг алғаннан кейін білім алушы бақылау формасына қарай (ауызша емтихан, компьютерлік тестілеу) қорытынды бақылаудан (емтиханнан) өтеді, оның нәтижесі сәйкес құжаттар арқылы ресімделіп, үлгерім базасына енгізу үшін әрі меңгерілген кредиттер көлемін есепке алу үшін ОТ ББжАБ-ға және факультеттердің деканатына жіберіледі
2.5.5.бекітілген мерзімді сақтамаған не/немесе академиялық айырмашылықты тапсырмаған жағдайда, білім алушы алдағы аралық аттестацияға (сынақ-емтихан сессиясына) жіберілмейді.
2.6. академиялық қарызы бар білім алушы, ешқандай баламалы таңдаусыз, негізгі курсты жүргізуші оқытушыдан қайтадан білім алады. Қосымша білім/жазғы семестрдің кестесі университет тьюторларының жұмысбастылығы ескеріле отырып жасалады.
2.7. Оқытушы уақтылы әрі сапалы сабақты өткізуге, рейтинг қоюға, емтихан ведомосін жабуға міндетті.
Оқытушы сондай-ақ академиялық қарызы бар студентке жүргізілген қосымша білім/жазғы семестрдің соңғы аптасында ББжА бөліміне не/немесе деканатқа сағат бойынша ведомость, келісімшарт және басқа да жалақы төлеу үшін қажетті құжаттарды тапсыруға тиіс.
Бұйрықты ресімдеу үшін өтініш беру және оқу ақысын төлеу мерзімін оқу үрдісі кестесіне сай оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорлар анықтайды.
ОПҚ құжат тапсыруда белгілі бір мерзімді сақтамаған жағдайда, қосымша білім/жазғы семестр кезеңіндегі жұмысы үшін ақы төленбейтін болады.
2.8. білім алушының білім деңгейін бағалау балдық-рейтингтік жүйеге және білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принциптеріне сәйкес жүргізіледі.
Білім алушының мамандықтың оқу жоспарынан тыс пәндер бойынша білімін қорытынды бағалауды қосымша білім/жазғы семестр кезеңінде дәріс оқыған лектор (тьютор) жүзеге асыра алады.
2.9. Бір кредиттің құны оқу жылына белгіленген оқу ақысы мен осы кезеңде игерілетін кредит саны арасындағы ара қатынасқа есептеледі. Оқу жылына төленетін оқу ақысы жоғары оқу орнының білім беруді жүзеге асырумен байланысты барлық шығынын тікелей есептеу әдісімен анықталады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да, білім беру саласындағы өкілетті органдармен келісіле отырып, жыл сайын ережеге тіркелетін қосымша түрінде бір кредиттің құны бектіледі.
2.10. Қосымша білім/жазғы семестр қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы өтініш жазып, қайтадан оқу курсына қалуға құқылы. Қайтадан оқу курсынан өту туралы өтініш түспеген жағдайда немесе оқуды жалғастыруға ниет білдірмесе білім алушы факультет деканатының қызметтік жазбасы негізінде оқудан шығарылады.
_______________________________________________________________________
Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі мемлекеттік өкілетті органының нормативтік-құқықтық және нұсқаулық құжаттарының жаңартылуы аясында енгізіледі
«М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да
қосымша білім/жазғы семестрді
ұйымдастыру туралы Ережеге»
Қосымша
Қосымша білім/жазғы семестрге өтініш үлгілері
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры
_____________________________
Күндізгі оқу бөлімінің 050509
«Қаржы» мамандығы бойынша
Ақылы негізде (грант бойынша) оқитын
2-курс 09216-топтың студенті
Айнагүл Аманқызы Мұратовадан
Өтініш
Сізден, мені 20____ жылдың ____________ бастап ____________ дейін, _______________________(пән атауы мен кредит санын көрсету керек) пәндері бойынша академиялық қарызды жою үшін қосымша білім/жазғы семестрге жіберуіңізді өтінемін
Сабақ кестесіне сай оқу курсынан толық өтуге және оқу ақысын уақытында төлеуге міндеттенемін.
қолы
күні
Өтініш
Сізден, мені _______________________(пән атауы мен кредит санын көрсету керек) пәндері бойынша оқу бағдарламасындағы пәндер айырмашылығын жою үшін қосымша білім/жазғы семестрге жіберуіңізді өтінемін.
Сабақ кестесіне сай оқу курсынан толық өтуге және оқу ақысын уақытында төлеуге, сәйкесінше бақылау түрлерін тапсыруға міндеттенемін.
қолы
күні
Достарыңызбен бөлісу: |