Қосымша материалдар Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде Мәтін лингвистикасы



бет7/41
Дата28.02.2022
өлшемі409 Kb.
#133702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
осымша материалдар М тін лингвистикасы ылыми п н ретінде М тін

Мәтіннің мағыналық тұтастығы

Мәтіннің мағыналық тұтастығы оның тақырыбының біртұтастығымен анықталып, мәтіннің мағыналық ұясы, мәтіннің жинақталған мазмұны түсінігін береді. Тұтас сөз туындысының тақырыбы жеке тақырыптардың арифметикалық сомасы емес. Бұл көркем әдебиет жанрында барынша анық көрінеді.


Күрделі фразалық тұтастыққа кіретін тақырып ұсақ жеке тақырып болып табылады. Ол құрамына – сөйлемдерге кіретін ұсақ тақырыптардың қосындысы емес және одан әрі бөлшектенбейді.
Күрделі фразалық тұтастық монотақырыпты. Оны құрайтын сөйлемдерді бір тақырыптың маңайына шоғырландыру – оның мағыналық тұтастығының көрінісі. Айтылып өткендей, бір тақырыптан екіншісіне ауысу – бір күрделі фразалық тұтастықтың аяқталып, екіншісінің басталғанын білдіретін шекаралық белгі.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін тақырыбының бір тұтастығы тақырыппен байланысты тірек сөздердің жүйелі қайталаушылығымен көрінеді. Жүйелі қайталаушылық оларды сөзбе-сөз қайталаудан, тақырыптық қолданылуында жақын және синоним сөздерді қолдануда, сол сияқты есімдіктенуден (есімдік тобына көшу) байқалады.
Көптеген ғалымдар топиктер (тақырыптар) мен топиктік тізбелер түзудің тілдік құралдарын: сөздерді немесе сөз тіркестерін қайталау, түрлендіріп қайталау, есімдіктік қайталау (зат есімнің орнына есімдік қолдану), эллипсистік қайталау (сөз тіркесі компоненттерінің бірінің түсіп қалуы), синонимдік іліп әкету (узуальды синонимдерді қолдану, композиттер мен оның компоненттерінің бірін түрлендіру, қосу қатынасымен байланысты сөздерді қолдану), тақырып немесе семантикалық ортақтасығымен байланысты сөздерді қолдану, антонимдерді қолдануды көрсетеді, топик (тақырып) элементін перифазалау ғылыми мәтіндерге көбірек тән.
Түрлі функциялық стильдегі тақырыптық тізбелердің айырықшылығын Т. В. Матвеева жан-жақты қарастырған. Т. В. Матвееваның пікірінше, мәтіннің тақырыбын бірінші тақырыптық тізбек (көбіне бейтарап, жалпылама қолданылатын сөзбен белгіленетін заттың тура атауы) және субституттер, синонимдер, есімдіктер жататын екінші (қосымша) тақырыптық тізбек көрсетеді [12, 21–35 б.].
Тақырыптың біртұтастығы күрделі фразалық тұтастық шеңберінде сәйкес сөздер референциясының барабарлығымен, яғни күрделі фразалық тұтастық бойында сол сөз бен оны алмастырушыны (есімдікті, синонимді және т.б.) шендестірумен қамтамасыз етіліп, күрделі фразалық тұтастық пен бірыңғай тақырыпта жалпы не жалқы есімнің орнына синоним не есімдік қолданылса да, әңгіменің бір зат туралы болып отырғанының түсінікті болуы.
Күрделі фразалық тұтастық тақырыбының біртұтастығымен және референцияның барабарлығы жағдаяттық байланыстарға немесе бөлшек пен тұтастықтың қатынасына негізделген импликация құбылысымен де байланысты. Әлдебір зат, әлдебір жағдаят туралы айтылғанда айтушының немесе тыңдаушының ойына солармен байланысты заттардың бар екені түседі.
Мәтінде негізінде тақырып айқындалатын тірек сөздің болмауы да мүмкін. Тақырыптың мәтін мазмұны элементтерді жинақталған ұғымға әкелу жолымен немесе жеке сипаттау негізінде құрылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет