2 Мәтінге тән категориялар
2.1 Мәтін категориясы туралы ұғым
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп алынады.
Категория – заттар мен объективті әлем құбылыстарының барынша ортақ және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен қатынастары көрсетілген ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы көрінісі-құрылымдалуы мүмкін форма мен мазмұн бірлігі.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды, яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде бөлініп, мәтіннің өзінің «әмбебап мағынасын» танытады.
Олардың әрқайсысына бірыңғай Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да мәтін категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық деп бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі, тақырыпты, шығарма идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді [ 10, 139].
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн, әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия (мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум (кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция және тұйықтауды [1, 13].
З. Я. Тураева құрылымдық категорияларға тіркесуді (сцепление), интеграцияны, прогрессия/стагнацияны; мазмұндық категорияға-автор бейнесін, көркем кеңістік пен уақыт, информативтілік, себеп, мәтін астарын жатқызады [11, 80].
Т. В. Матвеева барлық мәтін категорияларын үш топқа бөледі:
1) желілік – мәтінде көрінетін бір функционалдық-семантикалық мәндегі тіл бірліктерінің тізбегі: тақырыптық тізбек, ой жүгірту тізбегі (мәтіннің логикалық мүшеленуі), проспекция/ (ретроспекция);
2) өрістік – семантиканың, тілдік құрамалар-тақырыптың айқындылығы, тональділік пен бағалау (субъективті модальділік), темпоральность (уақыт өрісі), локальность (кеңістік өрісі), акцентность (тональділікті, уақытты бағалаудағы қосымша белгілеу), субъективті ұйымдастыру (авторизация) сияқты сөйлеу бірліктерінің жиынтығы;
3) көлемдік – өрістік және желілік категориялардың есебінен модельдендірілетін құрылымдық сипаттағы категориялар: терминологиялық тұрғыдан – «коммуникативтік блок» [12, 16–20 б.].
Мәтін категорияларын ажыратуда, топтастыруда ең оңтайлы, түсінуге ыңғайлы – ол И. Р. Гальперин ұсынған жүйелендіру.
Сонымен, әртүрлі авторлар ұсынған мәтін категориялары сипаттамаларынан біз оқу құралында мәтіннің:
- информтивтілігі мен модальділігін;
- ондағы уақыт және кеңістік континуумын;
- автор бейнесін;
- байланыстылығы мен тұтастығын;
- интеграция мен тұйықтауын талқылаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |