5.3 Көркем мәтін интеграциясындағы бейнелік жүйе
Көркем мәтіннің ауқымды байласымы, интеграциялық қатынастардың ролі бейнелік жүйесінің деңгейінде де танылады.
Сөздің мәтінде ие болатын ассоциациялық мәндері жүйелік (узуальды) және контекстуальды (тосын) мәнінің арасындағы семантикалық қашықтыққа қарай өткеріледі.
Үстеме (бейнелік) мән көркем шығарманың мәтінін интеграциялауға белсене қатысады.
Үстеме мәнді тудыратындар:
-ішкі тұлғасымен сезілетін туынды сөздер (ақшақар – ақ қар), туынды негізбен салыстырғанда айтылған нышанның әсерлілігіне ие болады;
- дыбысқа еліктеушілікте жасалған сөздер (қарқылдау, шиқылдау, сыртылдау);
- лексикалық мәні ауыспалы типті сөздер (метафоралар, метонимиялар, синекдохалар т.б.);
- жеке авторлық құрылымдар (тосын сөздер);
- сөздер үйлесімділігінің бұзылуы: жапырақ сыбырлайды, уақыт еншісі;
- тура мәнді және қалыпты дыбыс қабыршақты (оболочка) сөздер (көбіне жалқы есімдерге қатысты).
Бейнелік жүйе автордың эстетикалық - философиялық тұжырымдамасымен тікелей байланысты және жазушының өзіне тән мәнері, стилінің барынша дара компоненті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |