Көркемдік іс-әрекет. Эстетикалық көркем қабылдау мен сезіну негізінде орындалатын көркем шығармашылық қызмет. Көркем қиял. Ес, елес, сезім арқылы эстетикалық жаңа ой жүйе туындауы. Елестету, еске түсіру арқылы жаңа эстетикалық сезім мен ойларды жүзеге асыру. Көркем қиял жаңа туынды жасауға әрекеттендіреді. Өнер адамдарының шығармашылығы қиялмен етене байланысты болғандықтан,қолөнер шебері өзінің болашақта орындайтын туындысын егжей-тегжейлі асқақ қиялының еркімен нобайын жүйелейді.
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін үрдісте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Көркем білім алу. Көбіне бейнелеу өнері саласындағы ұстаздар көркем білім алу міндеті мен көркем шығармашылық міндеттердің ара жігін ашып, шығармашылық барысында екі міндетті де жүйелі пайдалануды ұмытпауды үйретеді.
Көркем білім беру – өнер түрлері арқылы эстетикалық көркемдік мәдениет пен көркем шығармашылыққа баулу. Ұрпағымыздың саналы болуымен қатар, еңбек баулуға, ұлттық мәдениетке үлес қосар арлы, намысты азаматтарды тәрбиелеп, өнерді сүйюді үйретеді.
Көркем көзқарас - Көркем көзқарасы орныға келе студентте өнеріне байланысты өзіндік пікірімен санасады, ойы мен ұғымы тоғысып содан туындайтын иланымы, басшылыққа алатын ұстанымы нақтыланады. Сонымен көркемдік көзқарас білім алуда, еңбектенуде, ғылыммен шұғылданғанда нақтырақ айтсақ теориялық және де тәжірбиелік танымы барысында қалыптасады.
Көркем еңбек-көркемдік-мәнерлі құралдар арқылы қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделетін материалдық және рухани байлықтарының көзі.
Компьютерлі графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын маңызды сала. «Компьютерлі графика» түсінігі ағылшын тілінен аударғанда ("Соmputer Аrts") яғни компьютерлік өнер деген ұғымды білдіреді. Компьютерлік графика бейнелеу өнерінің заманауи дамуының да негізгі құралы болып саналады.
Бейнелеу өнері – (ағылш. Visual arts) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады.
Аккредиттеуге үміткер - аккредиттеу органымен мамандандырылған аккредиттеуді өткізу туралы келісім-шартқа отырған ТжКБ ұйымы.
Бағалау-талдау үдерісінде жиналған дәлелдеулер мен мәліметтерді түсіндіру. Бағалау бағдарламаның білім беру мақсаттары мен білім алушылардың оқу нәтижелерінің жетістіктері деңгейін анықтайды және бағдарламаны жетілдіруге қатысты іс-әрекеттер мен шешімдерге алып келеді.
Бағдарламаның білім беру мақсаттары - техникалық және кәсіптік білімі бар маман даярлаудың деңгейі мен бейіні және осы бағыт бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелердің жиынтығы.
Базалық құзырет- өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
ББ басшылығы - білім беру ұйымының алқалы басқару органдары, директор, оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін директордың орынбасары, бөлімше меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, әдіскер, әдістемелік, циклдық және пәндік комиссия меңгерушілері.
Біліктілік: 1. Біліктілік: алынған мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты құзіретті орындауға қажетті білім, әзірлік деңгейі.
2. Біліктілік: алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
3. Біліктілік: қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі (Ұлттық біліктілік шеңбері).
Біліктілік деңгейі: 1. Біліктілік деңгейі: орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері).
2 .Біліктілік деңгейі - тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, са- ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН (БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН) МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 8 нат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі кәсіби шеберлік.
Білім беру бағдарламасы 1. Білім беру бағдарламасы: пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
2. Білім беру бағдарламасы: сәйкес біліктілігі бар мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және өз құрамына түлектерді даярлаудың нәтижесіне қойылатын талаптарды, оқу жоспарын, курстардың, пәндердің, оқу модулдерінің жұмыс (оқу) бағдарламаларын және басқа материалдарды, сонымен бірге сәйкес білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибе бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін және әдістемелік материалдарды қосады.
Дағды - қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану) (Ұлттық біліктілік шеңбері).
Кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт (Ұлттық біліктілік шеңбері).
Кәсіптік білім: - тұлғаны біліктілік сипаттамаларына және талаптарына сәйкес кәсіптік білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруге бағытталған маман ретінде қалыптастырудың және дамытудың ұйымдасқан үдерісі.