Основы массопередачи



бет35/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
қосымша

Компрессті құрылғылар. Мұның құрамына әртүрлі типті компрессорлар мен жылу алмасу аппараттары енеді.
Компрессорлар. Компрессорлы суытушы құрылғыларында келесі негізгі типті компрессорлар қолданылады: поршенді, роторлы, құбырлы компрессорлар және винтті, олардың ішінде поршенді кең таралған. Жоғары және орташа өнімділік құрылғылары үшін қос әрекет ететін көлденең бір сатылы компрессорлар қолданылады. Сонымен бірге құрылғысы жинақы оппозитті, тік көп цилиндрлі бескрейцкофты компрессорлар жиі пайдаланылады.
Сығылудың жоғары дәрежесін алу үшін көп сатылы компрессорлармен бірге көп сатылы агрегатқа біріктірілген бір сатылы компрессорлар қолданылады. Мысалы, төмен қысымның сатысы ретінде цилиндр диаметрі ұлғайтылған арнайы қысатын компрессор, ал жоғары қысымның сатысы ретінде бір сатылы компрессор қолданылады. Екі сатылы компрессорлар кең таралған. Көбінесе үлкен суыту беретін құрылғыларда пайдаланылатын екі немесе үш сатылы құбырлы компрессорлар қолданылады.
Жылу алмасу аппараттары. Суытушы құрылғыларында қолданылатын конденсаторлар жылуды әкету әдісі бойынша бөлінеді:

  1. ағынды, жылу сумен әкетіледі;

  2. шашыратқыш-буландырғыш, жылу ауаға буланатын сумен әкетіледі.

Өндіріс үлкен және орташа суытушы құрылғыларында ағынды конденсаторлар қолданылады. Ол көлденең және тік қабықты құбырлы және көлденең жыланшалы жылу алмастырғыштар болып табылады. Элементті жылу алмастырғыштар сирек қолданылады. Ауалық суыту конденсаторлары аз суық тудыратын құрылғыларда пайдаланылады. Буландырғыштар ретінде батырмалы типті және қабықты құбырлы көп жолды жылу алмастырғыштар қолданылады.
2. Абсорбционды суытушы машиналар
Компрессорлы суытушы машиналарға қарағанда абсорбциялық машиналарда суықты алу тікелей механикалық энергияны шығындаумен жүрмейді, ол потенциалы жоғары емес жылуды қолданудан алынады.
Абсорбциялық суытушы машиналардың әрекеті қандайда бір абсорбентпен булану қысымында және қыздыру жолымен оны бөлуде суытушы агенттің буын сіңіруге негізделген.
Абсорбциялық суытушы машиналарда кең таралған суытушы агент болып аммиак, ал сіңіргіш (абсорбент) су болып табылады. Аммиакты су жақсы сіңіреді және бұл ерітіндінің қайнау температурасы аммиакқа қарағанда өте жоғары (XVI1-10 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет