Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана


)Анализ изотермы адсорбции с помощью



бет29/31
Дата06.07.2018
өлшемі5,7 Mb.
#47953
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

1)Анализ изотермы адсорбции с помощью уравнения Фрейндлиха.

Анализ изотермы адсорбции проводят с помощью метода наименьших квадратов МНК. Для этого уравнение Фрейндлиха логарифмируют:



G=kCn (8)

lgG = lgk + n.lgC. (9)

Для нахождения констант k и n наносят значения lgG по оси ординат, а lgC - по оси абсцисс (y.lgG, x. lgC). Если опытные точки с учетом погрешностей эксперимента удовлетворительно укладываются на прямую линию, то экспериментальная изотерма адсорбции может быть описана уравнением Фрейндлиха. Тогда отрезок 0С, отсекаемый прямой на ординате, дает значение lgk, а тангенс угла наклона прямой к оси абсцисс - n (рис.3). Найденные значения констант k и n подставить в уравнение (9) и для опытных значений концентраций рассчитать G. Обратить внимание, совпадают ли значения Gопыт и Gрасчет для всего интервала концентраций кислоты.





2) Анализ изотермы адсорбции с помощью уравнения Ленгмюра.

Константы уравнения Ленгмюра (8) Gmax и kс также определяются МНК. Для этого уравнение Ленгмюра приводят к линейному виду:

1/G = 1/Gmax + 1/(Gmax.kcC).

График зависимости 1/G = 1/f(1/C) выражается прямой (y . 1/G, x . 1/C), отсекающей на оси ординат отрезок AB, равный 1/Gmax, а тангенс угла наклона прямой оси абсцисс будет равен величине 1/(Gmax.kc) (рис.3). Определив Gmax, можно найти значение kc. В случае применимости уравнения Ленгмюра к изучаемой системе все экспериментальные точки должны хорошо укладываться на прямую линию.



Заключение.

При количественном определении адсорбции нами установлено:

1. Изотерма адсорбции имеет «классическую» форму изотермы Лэнгмюра [1].

2. Адсорбция зависит от концентрации адсорбата только в некоторых низких пределах концентрации, т.к. молекула уксусной кислоты состоит из полярной части (─ СООН ) и неполярного радикала (СН3─), и, согласно представлениям Лэнгмюра, полярная группа остаётся в воде, а неполярный радикал втягивается в неполярную фазу. При этом происходит ограничение размеров поверхностного слоя, образуется так называемый мономолекулярный слой.

3. Активированный уголь является хорошим адсорбентом на границе раздела фаз твёрдое тело – жидкость при небольших концентрациях уксусной кислоты.
Литература:

1. Фридрихсберг Л.А. Курс коллоидной химии. М. – «Химия», 1984.

2. Курс физической химии. Под общей редакцией Я.И. Герасимова. М. – «Химия», 1977.

3.Практикум по коллоидной химии. Под редакцией М.И. Гельфмана. М. – «Лань», 2005.

4. Шапиро С.А., Шапиро М.А. Аналитическая химия. М. – «Высшая школа», 1973.

5. Глинка Н.Л. Общая химия. Л. – «Химия», 1986.

6. Лурье Ю.Ю. Справочник по аналитической химии. М. – «Химия», 1971.

БАЛАНЫҢ ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Сембаева Р.С.
,БГ-113 тобының студенті Орынбасар С.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент,Қазақстан


Кілттік сөздер: рефлекс, ассоциатив, онтогенез, рефлектор
Адамның мінез-құлығы ми құрылымы өсіп жетілген сайын өзгереді және жоғары сатыға көтеріледі. Бұл сыртқы ортаның маңызды түрткілерінің көбеюі салдарынан алуан түрлі рефлекстердің өзгеріп , мінездің жаңа шарты әсерленіс түрлерінің пайда болуына байланысты.

Қазіргі түсініктер бойынша, мінез және психика әсерленістері мінездің ұласқан жүйесі арқылы атқарылады. Мидың бұл құрылымдары оның көптеген күрделі әрекеттерін ұйымдастырады. Олар мақсатты қимыл-әрекет бағдарламасын, парасатты істерді, сөйлеу жүйесін, көрнекті кеңістіктік және нышандық синтезді, қысқамерзімдік зердені қалыптастыруға қатысады.

Баланың жоғарғы жүйке іс-әрекетінің қалыптасуы ми қыртысындағы ұласқан құрылымдардың дамуына тәуелді келеді. Бала үлкендермен қатынасу арқылы тәрбие алады және сыртқы әлемді бағалаудың түрлерін иемденеді. Бұл қимыл әрекеттің, түйсік, зерде және ойлау қабілетінің жаңа түрлерінің негізін қалайды. Олар ми қыртысының маңдай және төменгі самай аймақтарының жетілуіне байланысты. Адамның онтогенездік дамуы кезінде мидың осы аумақтары 9 есе өсіп, оның 3,2 аумағын алып жатады.

Жаңа туған нәрестеге өмірінің алғашқы күнінен сыртқы ортаның сезетін бір қатар қабілеттер болады. Олардың туа біткен мәселелерінің белгілі көріністері, сақтану түйсігі, басқа адамның сигналына әсерленіс қасиеті байқалады. Кейін осы қасиеттер негізінде сыртқы және ішкі тітіркендіруге көптеген шартты рефлекстер қалыптасады. Әуелі ему, ұйқы және сергектік күйлерге байланысты вегетативтік, кейін қозғалыс шартты рефлекстері пайда болады.

Бөбектердің 9-10 айлығында бірнеше жағымды және тежегіш шартты рефлекстері қалыптасады. Өйткені, бұл жаста бөбектердің кейбір әсерленісі сыртқы тежелу арқылы тыйылады. Осы жаста сыртқы құрама тітіркендірістің ең маңызды сыңары тіл бола бастайды. Сөзге шартты рефлекстер бөбектің 6 айлығында пайда болады, алайда олар үшін сөздің әліде дерексіз сигналдық мәні жоқ.

Сәбилер 1-3 жас аралығында жүре және сөйлей бастайды. Сәбидің өздігінен қозғалысы қоршаған заттармен жан-жақты тынысына мүмкіндік туғызады. Ал сөйлеу қабілетінің дамуы маңайындағы екпінді және табанды зерттеу қимылдары қалыптасады. Алғашқыда оның қимылы жөнсіз, ретсіз келеді. Кейін тәжрибесі молайып, нақтылы және қйымдастырылған қимыл туады. Әр түрлі заттарға бәрібір қимыл-әрекет жасалады, сәби қасықпенен тамақ ішеді, орындыққа отырады, аяқ киімді өзі киеді. Ал егер баланың қимылы шектеулі болса, оның танымы қабілеті төмен болады.

Балалардың ойыны арқылы ми қызметінің адамға тін арнамалы ерекшелігі болатын жалпы қорыту және ұластыру әрекеттері қалыптасады. Сәби 2 жасқа толғанда сөз біртіндеп шартты тітіркенудің дербестік мәніне ие болады. Сондықтан да балалармен әртүрлі тақырыпта әңгімелессе, олардың сансыз неге? деген сұрақтарына жауап берсе, ақыл-ой өрісі құрбыларына қарағанда тез және күшті дамиды.

Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау қажет. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:

1.Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкені көрсету керек.

2.Сөзді айтушының болуы керек және алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.

3.Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.

Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланыңсөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Өсе келе ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, айтуымен оқып үйрене келе, кітаптағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.

7 жастағы балалар жалпы және топтық белгілерді жіктей алады, болмыстан дерексізденген түсініктер мен ұғымдарды пайдаланады, байқалған құбылыстардың әрекеттік байланысын ажыратуға тырысады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекеті 8-11 жас арасында біртіндеп одан әрі дамиды. Жүйке үрдісінің жеткілікті күші болады, ішкі тежелудің барлық түрі ойдағыдай жетіледі. Сөйтіп балалардың 10-11 жасында миы үлкендер деңгейіне жетеді. Алайда бұл кезеңде шамамен тыс оқу көлемі жоғары жүйке іс-әрекетінің жағының өзгерістеріне әкеліп соқтырады.

Жүйке үрдістерінің жеткілікті күші, ширақтығы жас ұлғайған сайын дамиды. Сөйтіп, бұл екі құбылыстың байланысы өзгереді. Демек, балалардың жүйке әрекетін уақытша деп алуға болады.

Қыздардың 11-13, ұлдардың 13-15 жастағы кезеңі өтпелі кезеңнің алғашқы кезеңі болып табылады. Бұл уақытта жыныс бездері дамиды және онымен байланысты эндокриндік өзгерістер туады. Жасөспірімдердің мінезінде қозу тежелуден анық басым болады.

Жасөспірімдердің тітіркендіру көрсеткішіне жауап әсерленісі күшті және сипаты жағынан сәйкес келмейді, сигналаралық әсерленістің саны көбейеді, ажырау қабілеті нашарлайды. Бұдан басқа екінші сигналдық іс-әрекеті өзгереді және жасөспірімдердің сөйлеуі баяулайды, сұрақтарға жауап қалыптаса береді.

Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз деп екі топқа бөлді. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысымен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекторлы рефлекстердің доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын , сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да , ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді.


Әдебиеттер:

1.Жұмабаев С.Ж Жас ерекшелік физиологиясы 3000

2.Исмағұлов Ф.А Төленбеков И.М Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы
Резюме

На состояние быта самого кого смотря есть разный условный рефлексы. На дуга рефлекторлы изотопы мозга поверхности отар формируются. Условные рефлексы подгоняют организменный внешним превратным серединам середины. Если поэтому не есть поверхности изотопов мозга, хоть условные рефлексные иной были на пае, они жизни важность не так.


Summary

On the state of way of life who looking I am different conditional reflexes. On arc the reflektoris isotopes of brain of surface of are formed. Pavlovian reflexes drive in an organism to the external wrong middles of middle. If therefore there are not surfaces of isotopes of brain, though pavlovian reflex to another were on a share, they are lives importance not so.



АРОМАТТЫҚ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ҚАҢҚАЛЫ НИКЕЛЬ КАТАЛИЗАТОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ГИДРОЛИЗДЕУ ӘДІСТЕРІ
т.ғ.д., Ташкараев Р.А., 3-курс ХМ-111 тобының студенті: Кайназарова Ф.Ш.

Қазақстан инжинерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


кілттік сөздер: Мұнай, катализатор, толуол, никель, гидрлеу
Мұнай фракцияларының құрамы мен көмірсуларды өңдеу үшін өндірісте қолданылатын маңызды әдістерден бірі - гидрогенизациялау процесі. Гидрогенизациялау процестерінің негізгісі арендерді гидрлеу. Мұнай құрамында арендер 15%-дан 50%-ға дейін кездеседі. Ароматты көмірсутектердің гидрогенизациялау процесін зерттеу – бірінші кезекте толуол құрамы бойынша қазіргі заманғы мотор отынына қойылатын талаптардың қатал болуына байланысты маңызды мәселелерінің бірі.

Ароматты көмірсутектер, әсіресе полициклдық қосылыстар, ішкі жану двигателінде көміртек қалдықтарының түзілуіне әсер етеді. Бұл өз кезегінде, шығарылатын газдарда СО2-нің көбеюіне алып келеді. Ароматты көмірсутектердің құрамын төмендету мәселесі көптеген әдістермен шешіледі. Олардың ішінде адсорбциямен және экстрациялық бөліп алу, сондай-ақ басқа да зиянсыз заттарға айналдыру арқылы іске асырылады. Жағармайдың, жеке алғанда бензиннің қолданылу қасиеттерін жақсартатын ең тиімді әдістер-дің бірі - оны деароматизациялау, оның қатысында ароматты көмірсутектерді сутектендіру жүреді. Бұрын текстиль өнеркәсібінде капролактамның 30% қолданған болса, қазіргі кезде 50-60% қолданылуда. Метилциклогександы таза күйінде жоғарғы шығыммен алудың тиімді жолдарын қарастыру қолға алынып отыр. Осыған орай активтілігі, селективтілігі жоғары катализатор дайындау жұмыстың негізгі арқауы болып табылады.

Өнеркәсіпте метилциклогександы синтездеу процесі қазіргі заманның талаптарына сәйкес келмейді, оның себебі өндіріске қажетті катализаторлар түрлері мен процестерді жүргізу әдістерінің және ферроқұйма қоспалы катализаторлардың каталитикалық және физика-химиялық қасиеттерінің әлі де жеткілікті зерттелмеуінде. Модифицирленген никель катализаторларында метилциклогександы синтездеудің әдістері мен технологиясын жасау және оны ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Толуолды гидрлеу үшін дайындалған катализаторларда активтіліктің, селективтілік пен тұрақтылықтың жоғарылайтыны анықталған.

Кафедрада дайындалған ФТіМn, ФМn, ФМоМn қоспаларымен модифицирленген никель-алюминий катализаторлары жасалды және олардың қатысында толуолды метилциклогексанға дейін селективті гидрлеу зертелді. Метилциклогександы ФМn стационарлық катализатор қатысында алудың оңтайлы жағдайлары (температурасы 140-160оС және сутегі қысымы 4-6МПа) анықталды.

Зерттеу жұмыстары химиялық (хроматография), физика-химиялық әдістермен орындалып, оны сынақтан өткізу талапқа сай жүргізілді. Нәтижелердің дәлдігі 95%, қателігі 5% құрайды.



Ароматты қосылыстардың өкілі толуолды каталитикалық тотықсыздандырудың практикалық маңызы үлкен, өйткені реакция өнімі метилциклогексан капролактам алу үшін, ягни жасанды талшық алудын бастапқы зат болып келеді. Осыған байланысты катализатор таңдауға және толуолды метилциклогексанға дейін гидрлеу жағдайына үлкен мән беріледі.

Н.Д.Зелинский [1] бойынша, тек никель ғана емес, сондай-ақ дұрыс дайындалған палладий мен платина қара ұнтақтары да толуолды тотықсыздандыруға жақсы катализатор болып табылады. Никель үшін көрсетілгендей, (800С) температурамен салыстырғанда бензолды көмірсутектердің гидрогенизация процесі нақты төмен температура кезінде жүретіні (100-150°) анықталды.

Толуолды гидрлеу реакциясында үлкен ассортиментте катализаторлар болуына қарамастан, олардың салыстырмалы төменгі белсенділігі мен жеткілікті емес тұрақтылығын атап айту керек.

Ароматты көмірсутектерді гидрогенизациялау процесін зерттеу – мотор жанар-майларына қойылған талаптардың қатаңдалуына байланысты мұнай химиясының маңызды мәселелерінің бірі болып саналады [2] Ароматты қосылыстарды каталитикалық тотықсыздандыру тәжірибелік маңызы зор, өйткені реакция өнімдері әртүрлі өндіріске қажетті заттарды алу үшін бастапқы зат болып табылады. Осыған орай толуолдыды метилциклогексанға дейін гидрлеу шарттары мен катализаторын таңдау мәселелері маңызды орын алады.

Катализаторлар γ-Al2O3, Ni2Al3 және Фх – қаңқалы никельден тұрады. Модифицирлеуші қоспалар никельдің кристалды торларының өлшемдеріне әсер етпейді, бірақ, оның кристалдарын едәуір ұсақтайды; катализатордың меншікті бетін 85,6-138,5 м3/г аралығында ұлғайтады. Осылайша, Ni-50% Al құймасына ферроқұйманы енгізу қаңқалы никельді катализаторлардың меншікті бетіне, фазалық құрамы мен құрылымына айқын әсер етеді және термодесорбциялық қасиетіне аналогты әсер етуін күтуге болады [3].

Өндірісте гидрогениздеу процестері қатаң шарттарда (жоғары температура және сутегі қысымы) темір, Co, Mo, Ni, Cu, W және басқа да ауыспалы металдарда жүреді. Соңғы уақытта гидрогениздеу процесіндегі ең арзан және оңай қол жеткізуге болатын катализаторлар модифицирленген құймалы никель болып табылады [4].

Әдебиетке шолу нәтижесінде, жаңа белсенді селективті және тұрақты катализаторлардың промотрлеуші қосымшалармен никель қаңқасы негізінде таңдалуы практикалық және теориялық үлкен қызығушылық туғызады. Олар толуолдың гидрогенизациясын салыстырмалы жұмсақ жағдайларда жүзеге асырады.



Біз зерттеулерде 1,0 г құйманы қолдандық, ол бастапқы шикізаттың салмағынан 0,28% құрайды. Реакциялық ортада толуол концентрациясы 100 ден 25% дейін өзгерген кезде реакция жылдамдығы практика жүзінде тұрақты болады, яғни толуолды гидрлеу толуол бойынша нөльдік реттілікке тең.

4 МПа сутегі қысымында және 1600С температура кезінде ферромолибденмарганец және қаңқалы никель катализаторларында толуолды гидрлеу нәтижелерімен көрінетіні, ферромолибденмарганец мөлшерін 1-ден 10 салм. % дейін құймада өзгерту кезінде ең үлкен белсенділікті құрамында 5% ФMoMn бар катализатор танытады (1-кесте ).

Кесте 1 Ферромолибденмарганец және қаңқалы никель катализаторларында толуолды гидрлеу нәтижелері.




Құйма құрамы,

салм.%


Уақыт бойынша метилциклогексан

( %) шығымы (мин)



10

20

30

40

50

60

1

Ni : Al = 50:50

10,5

21,2

34,3

46,1

57,6

68,4

2

Ni : ФMoMn:Al=49:1:50

12,1

25

38,2

50,7

62,2

75,4

3

Ni : ФMoMn:Al=47:3:50

14,1

41,1

56,4

70,7

83,8

98,7

4

Ni:ФMoMn :Al=45:5:50

13,4

35,0

50,4

65

78,6

94,6

5

Ni:ФMoMn :Al=43:7:50

13,9

30,9

45,7

59,6

72

88,2

6.

Ni:ФMoMn :Al=40:10:50

13,9

28,2

42,1

56,5

67,4

83,8

Тәжірибе жағдайы: 200мл толуол, катализатор мөлшері – 0,5г, гидрлеу ұзақтығы – 60 минут, сутегі қысымы - 4 МПа және температура - 1600С

Ондағы метилциклогексан шығымы 60 минут гидрлеу ішінде 98,7% құрайды, қаңқалы никель катализаторына қарағанда бұл 1,5 есе жоғары. 23-суреттен көрінетіні, метилциклогексан шығымының енгізілген ферромолиб-денмарганец мөлшерінен тәуелділігі бойынша, реакция өнімі шығымының бірден жоғарылауы, құймада ФMoMn құрамының 0,5% дейінгі кезінде байқалады. Әрі қарай промотр мөлшерінің жоғарылауы, катализатор белсенділігінің кейбір төмендеулерін жүзеге асырады.

Температураны 50-ден 1000С дейін көтергенде толуолдың гидрлеу жылдамдығы белсенді емес Ni-Al-3% ФTiMn-те 1,5 есе, ал белсенді Ni-Al-ФMn-nе 2,0 есеге өседі. Екінші қоспаларды және ферроқұймалардың промотрлеуші әсерін бастапқы құймалар және катализаторлардың адсорбциялық және физика-химиялық қасиеттерімен түсіндіруге болады. Осы кезде қосымша жаңа фазалар түзіледі және барлығының мөлшері өзгереді

Осылайша, промотрленген қаңқалы никель катализаторлары толуолдың метилциклогексанға дейін гидрлену реакциясында жоғарғы белсенділік көрсетеді. Бір уақытта сынақ температурасы мен сутегі қысымын жоғарылату, зерттелген катализаторлардың белсенділігіне жақсы әсер етеді.




Әдебиеттер

  1. Зелинский Н.Д. Каталитическое гидрирование бензола до циклогексана //Собрание трудов. М.: Изд-во АН СССР, 1955, т.3. –С. 271-276, 345-347.

2.Тортбаева Д.Р., Кеделбаев Б.Ш., Есенбекова Б.М., Рахимжанова Б.М., Дауренбек Н.М., Исследование катализаторов гидрогенизации ароматических соединений. /Наука образование Южного Казахстана. Серия: Химия и химическая технология. –2005, № 7(47). –С.23-26.

3.Ташкараев Р.А., Кедельбаев Б.Ш., Турабджанов С.М. Гидрирование толуола до метилциклогексана на ферросплавных катализаторах.// Доклады Академии наук РУз.-Ташкент, 2011. -№ 1. – С. 62-65.

4.Туртабаев С.К., Ташкараев Р.А. Кедельбаев Б.Ш. Катализатор для получения циклогексана. Заявка № 009736 от 08.04.2011 года на получения Инновационного патента РК.

МҰНАЙДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДЕ АЛЫНАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ШИКІЗАТТАР
т.ғ.д. проф. Ташқараев Р.А.,1- курс ХМ-113 тобының студенті Мирзамуратова А.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті ,Шымкент, Қазақстан


Кілттік сөздер: мұнай, көмірсутектер, циклогексан, жеңіл фракция, Атырау мұнай өңдеу зауыты, жасанды талшықтар

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен. Мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең[1].

Мұнай негiзiнен 79,5 – 87,5% көмiртегiнен және 11,0-14,5% сутегiнен тұрады. Олармен қатар мұнайда басқа да үш элементтер бар: күкiрт, оттегi  және азот. Олардың жалпы қосындысы мұнай салмағының 0,5-8%-тін құрайды. Сонымен қатар мұнайда аз концентрацияда басқа да элементтер кездеседi: ванадий, никель, темiр, алюминий, мыс, магний, барий, стронций, марганец, хром, кобальт, молибден, бор, мышьяк, калий және т.б. Олардың барлығының  қосындысы мұнай салмағының 0,02-0,03 %-тін құрайды. Аталған элементтер органикалық және неорганикалық қосындыларды қалыптастырады. Оттегi мен азот мұнайда тек қана қосылған қалыпта кездеседi. Күкiрт еркiн қалыпта немесе күкiрттегi  құрамында болуы мүмкiн [2].

Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территорисында көмірсутегінің 208 кен орны ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13 млрд. т мұнай және корнденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ.Атырау және Маңғыстау облыстарының территорисында мұнай қорының 70 % орналасқан. Мұнайдың ең ірі кен орныдары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең ірі кен орныдарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, жіне Жамбыл облысының территорисындағы га кен орныдарының Амангелді тобы жатады.

Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.

Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады.

Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.

Мұнайдан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар. Сонымен мұнайдың жеңіл фракциясы ол бензин. Сол жеңіл фракцияның ішінде ароматтық көмірсутектер болады.Ароматтық заттар бензиннің сапасын анықтайды. Бензиннің құрамында ароматтық заттар кем болған сайын оның сапасы жақсара түседі.

Атырау қаласында мұнай өңдеу зауыты салынып жатыр.Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы ірі өндіріс ошағының бірі, зауытта 2014 жылы жаңа жобаны : мұнайдың терең өңдеу кешені құрылысы аяқталады. Кешенді іске қосуға 1,8 миллиярд доллор көлемінде қаражат жұмсалуда.Жаңа кешенде «Евро-5» 2016 жылға қарай Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жылына 1 миллион 745 мың тонна бензин өндіретін болады.

2016 жылға қарай Атырау мұнай өңдеу зауытындағы «қара алтынды» қайта терең өңдеу бойынша кешеннің құрылысын аяқтау кәсіпорынның технологиялық ағынының эксплуатациялық беріктігін арттыратын болады. Жыл сайын 5,5 миллилон тонна мұнайды өңдей отырып, зауыт 1 миллион 45 мың тонна көлік бензинін, 1 миллион 640 мың тонна дизельді отын мен 244 мың тонна авиакеросинді шығаратын болады. Мазуттың шығарылымы 193 мың тоннаға дейін азайтылады. Сондай-ақ, барлық моторлы отындар Еуро-5 стандартына сәйкес келетін болады.

Әдебиеттер:


  1. e-mail: kbtu@kbtu.kz, kense@kbtu.kz

  2. http://амко.рф/spravka-2

  3. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н.Химия –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887

  4. Е.В.Бойко Химия нефти и топлив. Учебное пособие. — Ульяновск: УлГТУ, 2007. — 60 с. — ISBN 978-5-89146-900-0

  5. Бензин // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.


Резюме

Какие химические вещества находится в составе нефти.


Summary

What is chemical substance in the composition of oil.



АҚУЫЗДЫҢ БИОСИНТЕЗІНДЕГІ ДНҚ МЕН РНҚ-НЫҢ РӨЛІ
б.ғ.к., Халмурзаева А.Б. 3-курс БГ-111 тобының студенті Рахманова Г.М.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


кілттік сөздер: белок, синтез, ДНҚ, РНҚ, транскрипция.
Ақуыз синтезі - өте күрделі процесс. Ақуыз синтезінің негізінде жатқан молекулалық процестер өте күрделі. Олардың көпшілігі жазылып суреттелгенмен толық мазмұнын, айталық транскрипция, репарация және ДНҚ-ның репликациясы тәрізді түсіндіру әзір мүмкін емес. Мысалы, белок синтезінде РНҚ молекулаларының кез келген бір класы емес, үш класы (иРНҚ, тРНҚ және рРНҚ) қатысады, бірақ неге бұлай болатыны айқын түсінікті емес. Сондықтан белок синтезінің егжей-тегжей негізінен, әліде белгілі бір теорияда жалпыланбаған жалаң факты ретінде қабылдауымыз керек. Ақуыз синтезінің процесінде басты агент ролін тРНҚ молекулалары атқарады.

Белоктардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады:

1.Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табылатын и-РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделген и-РНҚ әрі қарай синтезделетін белоктың негізі болып табылады.

2.Цитоплазмалық кезең яғни трансляция. Цитоплазмада 4 әріптік генетикалық информацияның триплеттік кодтың көмегімен 20 әріптік амин қышқылдарынан тұратын белоктың тізбегіне айналу процесі жүреді.

1.Белоктардың синтезі рибосомада жүреді;

2.Белоктардың синтезі үшін қажет энергия АТФ және ГТФ арқылы қамтамасыз етіледі, айта кету керек, бір пептидтік байланыс түзілу үшін 4 макроэргтік қосылыс қажет;

3.20-ға жуық амин қышқылдары;

4.20-дан астам аминоацил - т-РНҚ синтетаза ферменті;

5.20-ға жуық т-РНҚ;

6.Мg2+ ионы, конц 5-8 тМ қажет.

Сонымен барлығы 200-ге жуық макромолекулалар, белоктық факторлар қажет:

Трансляция - цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезең кезінде тек қана 4 әріптік нуклеотидтік тілдің 20 әріптік аминқьшқылының тілге аударылуы ғана жүріп қоймайды, сонымен қатар амин қышқылдарының белоктық тізбектегі өз орнын табу мәселесі шешіледі. Трансляцияның өзі 5 кезеңнен тұрады.[2]

Трансляцияның І-ші кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі. Бұл кезеңге қажетті заттар: 20 амин қышқылы, АТФ, Мg2+, 20т-РНҚ, 20 аминоацил -т-РНҚ - синтетаза ферменті. Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - т-РНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді.

Трансляцияның 2-ші кезеңі - полипептидтік тізбектің инициациясы. Бұл кезеңге қажетті компоненттер: и-РНҚ; белок синтезін бастаушы кодон /АУГ/. Бұл кодон барлық жағдайда метионинге немесе формилметионинге тән болады; N -формилметиониннің т-РНҚ-сы; үлкен және кіші суббірліктер; ГТФ; Мg2+-иондары; белок синтезін бастаушы белоктық факторлар, оларды Ғ1, Ғ2, Ғдеп белгілейді.

Трансляцияның 3-ші кезеңі: элонгация деген атпен белгілі. Бұл кезеңге қажетті заттар: екінші кезеңде түзілген активті рибосома; и-РНҚ-дағы кодондарға сәйкес келетін аминоацил - т-РНҚ; Мg2+; белоктық факторлар; ГТФ; пептидилтрансфераза; транслоказа.
Бұл кезеңде амин қышқылдарының біртіндеп бірінен кейін бірінің пептидтік байланыс арқылы орналасуы нәтижесінде полипептидтік тізбектің өсуі байқалады. Рибосоманың и-РНҚ-ның бойымен бір кодонга жылжуы үшін, аминоацил т-РНҚ-ның кодонына сәйкес келіп комплементарлы түрде байланысуы үшін 2 молекула ГТФ-тың гидролизі кезінде бөлінетін энергия жұмсалады. Аминоацил - т-РНҚ и-РНҚ кодонына сәйкес байланысуы.

Трансляцияның 4-ші кезеңі - Терминация яғни синтездің бітуі, аяқталу кезеңі, керектізаттар:

1.АТФ;

2елок синтезінің біткенін білдіруші и-РНҚ-дағы кодондар;

3олипептидтің рибосомадан босап шығуына қажет белоктық факторлар, и-РНҚ-да соңғы амин қышқылын көрсететін кодон біткен соң, мағынасыз, мәнсіз кодондар басталады. Олардың саны үшеу: УАА, УАГ, УГА. Міне осы кодондардың басталуы, полипептидттің синтезінің біткенін хабарлайды.

Трансляцияның 5-ші кезеңі - кеңістіктегі полипептидтік тізбектің орналасуы және процессинг. Бұл кезеңде полипептид өзінің кеңістіктегі екінші-, үшінші - реттік құрылысын түзіп, биологиялық активті түріне көшеді. Сонымен қатар бұл кезеңде бірінші амин қышқылы метиониннен және кейбір керек емес амин қышқылдарынан ажырап, кейбір амин қышқылдарының қалдықтары өзіне фосфат, - метил -, карбоксил -, ацетил топтарын қосып алуы мүмкін. Ал кейде белоктар өзіне олигосахаридтер мен коферменттерді қосып, өзінің биологиялық қызметін атқаруға дайын болады.

Ақуыз синтезінің реттелуі. Белок синтезінің реттелуі и-РНҚ-ның синтезі және трансляция /яғни белок синтезі/ кезеңінде жүреді. Бұл бағытта аса көп жұмыс істеген француз ғалымдары Жакоб және Моно болды. Бұл ғалымдар осы жұмысы үшін Нобель сыйлығына ие болды. Олар белоктарды синтездеу теориясын оперон теориясы деп атады.

Барлық ферменттік белоктардың синтезін реттеуді үш топқа бөлуге болады:

1епрессибилді, яғни белоктардың синтезін тежеу; 

2ндуцибелді, белок синтезінің жылдамдығын арттыру;

3. Қонституитивті немесе кейбір белоктар синтезінің жылдамдығының тұрақты болуы

ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады.



1959 жылы Северо Очоа РНҚ синтезінің механизмін ашқаны үшін медицинада Нобель сыйлығын алды. S. Cerevisiae дрожжасындағы тРНҚ- дағы 77 нуклеотидтің бірізділігі 1965 жылы Роберт Холлидің зертханасында анықталып, оған 1968 жылы медицинада Нобель сыйлығы берілді.

ДНҚ нуклеотидінің құрамы: Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.

ДНҚ қызметі: ДНҚ организмдердің басым көпшілігінде тұқым қуудың материалдық негізі болып табылады. Ол адамның және барлық басқа организмнің клеткаларында болады. Организмдегі барлық клетка ядроларында ДНҚ саны әрдайым бірдей болады. Уотсон мен Крик ДНҚ молекуласының моделі бойынша ДНҚ молекуласы бір оське бағытталған спираль тәрізді айнала оралған екі комплементарлық тізбек болып табылады.

Сонымен ДНК жануарлардың, өсімдіктер мен микро-организмдердің барлық клеткаларының ядросында болады. Гистон белогымен бірге ол нуклеогистон комплексін түзеді де, хроматиннің негізгі массасын құрайды. ДНК ядроларда кездесуімен қатар өсімдіктер митохондриясы мен пластидтерінен де табылған.

Ақпараттық РНҚ – ң биологиялық рөлі. аРНҚ ДНҚ жасаушысының нақты аумағындағы көшірмесі бола тұрып, бір белоктың алғашқы құрылымының ақпаратын сақтайды. 3 нуклеотидтың кезектестігі аРНҚ молекулаларында аминқышқылының нақты түрін кодтайды. Бұл ақпаратты аРНҚ-ның кішігірім жасушасы ядродан ядролық саңылау арқылы өтіп белок синтезделетін орын – рибосомаға жеркізеді. Сондықтан аРНҚ-ны кейде материалдық деп атайды. Генетикалық код 1965-1967жж. Х. Г. Коронмен ашылған. Сол үшін ол Нобель сыйлығының иегері атанған. 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет