- Кеңістікке қатысты қабылдау өзгереді. Науқас өзінен қоршаған заттарға дейінгі қашықтықты ажырата алмайды. Мысалы, столға қойғандай болды, бірақ зат жерге құлайды. Автобусты күткен науқас оны жіберіп алады. Оны алыста деп қабылдауына байланысты. (ғимарат өте төмен немесе аласа, ұсарған немесе қысқа).
Психосенсорлы бұзылыстар: - 1.Дереализация
- 2.Деперсонализация
- 3.Дежавю,жамовю.
- Дереализация дегеніміз қоршаған ортадағы объектілерді басқаша өзгерген түрде қабылдау. Негізі өзгермейді, түсі, көлемі, жақындығы, алыстығы өзгереді. Деперсонализация – аутопсихикалық мендік, өзін өзі робот деп сезінуі. Дежавю - бір жерде көрген секілді, бұрын соңды көрмеген жер таныс ретінде қабылдау. Жамавю – таныс жерді бейтаныс деп қабылдайды.
Физикалық деперсонализация - Дене схемасының бұзылуы дене, бас, аяқ- қол мөлшері өзгерген сезімімен көрініс береді (үлкейген немес кішірейген)
- Сонымен бірге дене бөліктері ауырлаған немесе керісінше жеңіл болуы, бас денеден бөлектенген немесе ішке түсіп кеткен сезімі.
Диагностикалық белгілері - Мұндай бұзылыстар әр түрлі мидың органикалық зақымдалуы кезінде болады.
- Әсіресе энцефалит, эпилепсия кезінде, оң жақ ми жарты шарының төбе- шүйде және аралық аймағындағы ми ісіктері кезінде болады.
Психикалық деперсонализация - “өз өзінен жатсыну” байқалатын сананың бұзылысы, барлық немесе кейбір психикалық процесстерді жатсынумен бірге болады.
- Өзін бұрмаланған қабылдау орын алады, адам өз “менін” жоғалтады: өз ойлары, дауысы, қозғалысын науқас сырттан қабылдағандай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |