Аса қауіпті инфекциямен науқасты анықтаған медициналық қызметкер өзіне берілген қорғаныс киімін (обаға қарсы костюм) өзінің киіп жүрген киімінің үстіне киеді (егер киімі науқас бөліндісімен ластанбаған жағдайда).
Обаға қарсы киімді киер алдында дененің барлық ашық жерлері дезинфекциялық ерітіндімен (0,5-1% хлорамин ерітіндісі) немесе 70º спиртпен өңделеді.
Көздің, ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттары аталған ауруларда қолданылатын антибиотик ерітінділерімен өңделеді: оба кезінде – стрептомицин ерітіндісі (250.000 – 500.000 мкг/мл), тырысқақ кезінде – тетрациклин (200.000 мкг/мл).
Геморрагиялық қызбамен немесе маймылдардың желшешегімен ауыратын науқастармен жанасқан кезде ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарын калийдің әлсіз марган ерітіндісімен өңдейді, көзді бор қышқылымен немесе ағынды сумен жуады немесе көзге 1% күмістің азотты қышқылын, мұрынға 1 % проторгол ерітіндісін тамызады.
Ауызды және тамақты қосымша70º спиртпен немесе 0,05 % калий марганец ерітіндісімен, 1 % бор қышқылымен өңдейді.
Иммуноспецификалық препараттар болған жағдайда (гамма-глобулин, реконвалесценттер сарысуы) - оларды бұлшықетке енгізеді.