Дезинфекциялық ерітінділермен киімді зарарсыздандыру кезінде оның барлық бөліктерін ерітіндіге салады.
Залалсыздандыруды автоклавта қайнатқанда және дезинфекциялық камерада жүргізгенде костюмді бакқа, бикстерге немесе камералы қапшықтарға салып, сыртын дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді. Қорғаныс киімін шешкеннен кейін қолын сабынмен жылы суда жуады.
Қорғаныс киімі бір рет қолдағаннан кейін 2 % сода ерітіндісінде (30 минут) қайнату, автоклавтау (30 минут бойында 1 атм.), дезинфекциялық ерітіндіге (2 сағат бойында 3% хлорамин ерітіндісі) салу арқылы зарарсыздандырылады.