Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері Экстремалды туризмнің судағы түрлері Дайвинг



бет1/8
Дата24.12.2021
өлшемі62,82 Kb.
#104800
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лекция


3 тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері

3.1 Экстремалды туризмнің судағы түрлері

Дайвинг жоғарыда жазып өткендей, бүкіл әлемде өте танымал. Алайда бұл рахаттылық арзан тұрмайды. Жалпы дайындық пен жабдық заттар жаңа спортшыға 1000$ дейін келеді, есесіне кейін ол тек билеттер мен қонақ үйге ғана шығынданатын болады. Егер жабдық затты сатып алмаса, онда бірінші турға дайындалу құны 250$ дейін төмендейді. Бірақ рас, костюмді, аквалангті жалға алу үшін 30-40$ төлеу керек болады. Ал шын мәнінде жақсы жабдық зат толық жинақ үшін 1500$ тұрады.

Дайвинг бізде өте баяу дамыған және біздің өлшеулерімізше өте қиын тұрады.

Вейкбординг су шаңғыларының, сноуборд, скейт пен серфинг жинағы, ұсынады. Катер қысқа, кең тақтада тұрған рейдерді тартады. Бортында қосымша балластымен 30-40 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, катер өзінің артынан толқынды қалдырады, оны рейдер трамплин ретінде қолданылады. Секірісте көптеген әр түрлі айлалы іс- әрекеттерді қолдануға болады.

Әсіресе вейкбординг 90-шы жылдардың басында динамикалық дами бастады. Ол кезінде сноубордтың тау шаңғыларында секілді су спортында революция жасады. Кішігірім энтузиастар тобының ермегінен ол өзінің философиясымен және мәдениетімен танымал спортқа айналды. Айлалы әрекеттердің көбісі вейкбордингқа спорттың туысқан «тақталық» түрлерінен - сноубордингтан, скейтбордингтан келді.

Су шаңғысы – белсенді демалыстың ең белгілі түрлерінің бірі. Бұл жазғы уақытта таудағы және жүгіретін қысқы шаңғыға лайықты ауыстыру.

Су шаңғысы алғаш рет 1922 жылы, Миннесот штатының тұрғыны, американдық Ральф Самуэльсон әдеттегі қысқы шаңғыларға тәжірибе жасай отырып, оларды суда байқап көргісі келген кезде пайда болды. Екі кең қарағай тақтаны ол аяққа арналған тіреу қылып жасады. Осыдан кейін ойлап тапқыш Лэйк Ситидің өзендерінде суда шаңғыны ойдағыдай сынап көрді. Су шаңғыларымен айналысу үшін төрт зат қажет: су шаңғысы, құтқарушы көкірекше, перчатка және гидрокостюм.

Виндсерфинг– бұл төмен жазығында жүзгіш - тұрақтандырғыштарымен және тақтаға бекітілетін кішігірім желкенімен, бекіктілік үшін кедір - бұдырлы бетімен пластиктен жасалған сопақ тақта. Серфинг –бұл дәл сондай, тек желкенсіз. Виндсерфинг сол серфингтен шыққан. Жақсы жел болған кезде жылдамдықты 10-12м/с дейін апаруға болады. Бүгінгі таңға рекорд 70 км/сағ артық.

Каякинг шетелде өте танымал, ТМД елдерінде кеңінен танлып келеді. Қазіргі заманға сай каякингте үш негізгі бағыт бар – еспелі слалом, родео және ағу.

Слаломдық каякинг – бұл қайық пен суды сезініп, каякта әрекет жасай білу.

Родео, слаломға қарағанда, - тек виртуозды техника емес, сонымен қатар ойын элементі. Каяктағы фристайл – бұл өзен бедерінің ерекшеліктері есебінен қайықта әр түрлі трюктар жасау.

Және, соңында, ағу. Каякта өзенмен жорыққа аттануға немесе тау өзенінің кішігірім бөлігінде бочкалар, күшті толқын және сарқырама түріндегі жекелеген кедергілерді таңдап, ойын ағуларын өткізуге болады. Әрине, ағулар кезінде өзіңді сенімді сезіну үшін, слалом мен родеоның бастапқы техникасын игеруің керек.

Жабдықтау. Каякты жабдықтау құрамына кіреді: қайық, шлем, құтқарушы көкірекше, юбка, резеңкеленген тәбішке мен ескек.

Рафтинг – бұл каноэда немесе арнайы салдарда тау өзенімен еліктіргіш түсу. Рафтинг – бұл тіпті ең жас туристер үшін мүлдем қауіпсіз, ең жиі баратын турлардың бірі. Соңғы жылдары ол экстремалды демалыстың құмар сүйгіштерінің тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.

Рафт –турлар көбінесе келесідей болады: ауданға бір немесе жарты күнге жол жүрулер және көпкүндік саяхаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет