Топтық акробатика. Бұл тәртіп бірнеше парашютшыдан тұратын команданың барынша көп әр-түрлі фигураларды құру мақсатын көздейді. Парашютшылардың командадағы классикалық саны 4 және 8. 16 спортшыдан тұратын командалар да болады. Ал Гиннес кітабына енгізілген, рекордық секірісті 296 парашютшыдан тұратын команда жасады.
Күмбездік акробатика- ашылған парашюттардың күмбездерінен формацияларды құрудан тұрады. Бұнымен ол парашюттық спорттың басқа түрлерінен түбегейлі ерекшеленеді.
Күмбездік акробатиканың фигураларын орындау кезінде парашютшылар басқа спортшылардың парашюттарымен тікелей байланысқа кіреді, бұнымен қоса күмбездерді құлатып алулар жиі болады. Күмбездер берік, жақсы тиелген болуы және жылдамдықты дәл реттеу мүмкіндігіне ие болуы керек.
Барлық фигуралар салынып болған соң, парашютшылар бір- бірінен бөлініп, қонуға түседі. Бұл жаттығудың неғұрлым күрделі және қауіпті бөлігі. Егер күмбездер бір- біріне ілініп қалса, онда тіпті күмбездің ағыту құлыптарын істесе де көмектеспеуі мүмкін, ал күмбез кетпейді. Қосалқы парашютты ашу мұндай жағдайда біршама қауіпті. Бұл күмбездік акробатиканы парашютизмның ең қауіпті түрлерінің бірі етеді.
Фристайл- парашютизмның біршама жас түрі, шамамен 10 жыл бұрын туындаған. Спортшының еркін құлау кезінде әр түрлі фигураларды кӛрсетуінен тұрады. Бұл жерде парашютшы орындаған элементтердің әдемілігі, күрделілігі, сондай-ақ әуедегі спортшыны түсіріп жатқан әуе операторнының шеберлігі бағаланады.
Скайсерфинг-бұл еркін құлау кезінде әр түрлі фигураларды орындауға шаңғыдан секірулер.
Шаңғышының аэродинамикасы жай еркін құлаудан күшті ерекшеленеді, сондықтан шаңғыдан секірулер спорттың мүлдем дерлік басқа түрі болып саналады. Барлық элементтер еркін құлау күйінде орындалатындықтан, секірісті бағалау үшін оператордың жасаған бейнежазбасы негізінде әділқазылар мүшелері өз бағаларын қою үшін, түсіріп тұратын әуе операторы қажет. Осылайша, команда екі мүшеден- шаңғышы- спортшыдан және спортшы оператордан тұрады. Секірістің бейнежазбасының алғашқы 50 минуты ғана есептеледі. Фигураларды орындау әртісшілдігі мен шеберлігі, сондай-ақ оператордың жұмыс сапасы бағаланады.
BASE jumping.Бэйс-джамперге сүйікті іспен айналысу - парашютпен секіру үшін – ұшақ немесе басқа бір ұшатын техника қажет емес. Ол әдеттегі лифтпен, немесе көбінесе қолмен немесе аяқпен сосын альпинистік жабдықпен болады.
Бэйсер қандай да бір ғимараттың төбесіне, дұрысы көк тіреген құрылысқа биігірек, қандай да бір телемұнараға, тауға немесе жартасқа шығып, төмен секіреді.
Бұл спорт түрінің энтузиастары да экстремалдылардың қасында қауіпті спорт түрі деп айтады. Әуе шарларында және дельтапландарда ұшу секілді белсенді демалыс түрлері де танымал.
Әуе шарларында ұшулар кәдімгі адамға біз аймағымызда өтетін әр түрлі фестифальдарда қол жетімді. Әуе шарында ұшуың алыстығы желдің күшіне байланысты, және орташа жел күші кезінде бұл 20-30 км.
Дельтапланеризм тез дамып келе жатқан әлемдегі танымал спорт түріне кіреді. Бүгінде бүкіл жер бетінде 90000 жуық дельтапланерист есептеледі, оның үстіне әрбір жылы аспанға мыңға жуық жаңадан келген дельта пилоттар кӛтеріледі.