Өсөж-11 апта Орындаған:Әлібек Еркеназ Тексерген: Сарбаев А. Б эссе «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы»



Дата20.04.2022
өлшемі21,22 Kb.
#140026
Байланысты:
11 апта


Өсөж-11 апта
Орындаған:Әлібек Еркеназ
Тексерген:Сарбаев А.Б


Эссе
«Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы»
Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.
Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk – халық, Iore- оқулығымен деген мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған. Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі, орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады. Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдері- жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.
Ертегі – халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар,қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтің ғылым.
Мифология – адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз- халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.
«Естіп ем ел аузынан бір аңызды Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды. Сырламай сол қалпында ұсынайын,
Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М.Әлімбаев.
Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті. Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті, сөйледі.
Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-мәтел – дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың тақырыптары әр түрлі
Білім және ғылым туралы;
Еңбек туралы;
Ерлік туралы;
Адамның қасиеттері. Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.
Шежіре деген не? «Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» – бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау. Қазақ ру шежіресі қазақ жазу тарихынан бұрын ауызша сөз өнері көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болды да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірелер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс- қандастық қатынасын білдіретін рулық шежіре алғаш сол рудың ақылды аталар аузынан аңыз-ертек ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» деп айтуда. Оның себебі: 1. жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой; 2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді; 3. қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды; 4. бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, өбересі, шөпшегі, туажат деп атаудан «шежіре» басталады; 5. жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым.
Қазақтың ата-баба шежіресі рулық, тайпалық, ұлыстық, ұлттық шежіреге ұласқан шежіре. Сондықтан тарихшылар бір ұлттың шығу тегі мен қоғамдық жағдайы туралы зерттегенде алдымен сол ұлттың мұралық аңыз шежірелеріне көңіл бөледі. Қазақта 20-10 атаға дейін тарататын ақсақалдарды «шежіреші» деп атады. Қазақта әр рудың, әр тайпаның өз шежіресі болды. Бұлар көбіне оқығанынан тоқығаны көп, ақылды адамдар болып, олар ата-баба шежіресін жинап, реттеп, жазып, жаратушы, айтып таратушы болды. Бұл шежірешілер өз заманында және ерте заманда болған ірі тарихи оқиғалар, соғыс, апат, жұт, үркін-қорқын, қоныс ауған ел, оқиғаларды, жеке хандар, батырлар, шешендер, жыраулар туралы тарихи мәлімет шежірелік дерек беріп отырды. Және мұндай шежірешілер байырғы қазақ тұрмыс, салты, наным-сенімі, календары, жыл, ай, күн есептері, дәрігерлік, шипагерлік, оташылық қатарлы жан-жақтылы білікті адам болған.
.
Қазақ жазба шежіресі қашан туған? Қазақта жазу мәдениетінің қалыптасу тарих ғылымының дамуына байланысты бұрынғы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген шежірелер жиналып жазбаға түсе бастады. Қауырсын, қаламмен қағазға түсірілген шежірелер ру басы мен билер, хан, сұлтандардың қолында сақталды. Ерте орта ғасырларда өмір сүрген, тарихшылар, этнографтар, ғалымдар қазақ шежірелерін жинап, реттеп, сақтауды, өз көзқарастарын қосып баяндауды дәстүрге айналдырған, сөйтіп ауызша шежірелер хатқа түсіп, жазба шежірелерге айналды. Мысалы қазақ тарихшысы ғалым М.Ақынжановтың айтуынша «Қазақ шежіресі есте жоқ ерте заманнан ру-тайпалық дәуірден басталғаннан VII ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды1 » деп жазды.
Іле өзенінің алқабындағы Алмалық қаласында туып-өскен қаңлы тайпасынан шыққан тарихшы, шежіреші және ақын Жапал Қарши (1230-1315) 1300-жылы жазған шығармасы «Мүлка хат ас-сұрақ» (сөздікке қосымша) атты еңбегінде қаңлы, қыпшақ, найман, оғыз т.б. тайпалардың ХІ-ХІІІ ғасырға дейінгі өмір-тіршілігімен шежіре- аңыздарын баяндаған. Осындай шежіренің бірі «Насіпнама-қазақ» (қазақ шежіресі) қолжазбасы мұнда ХІІІ-ХVІІІ ғасырға дейін баяндаған. 2. Қазақ халқынан шыққан әйгілі тарихшы, ғұлама ғалымдар жинаған шежірелердің құндылары қазақтың Дулат руынан шыққан Мұхаммед Қайдар Дулати (1499-1551) жазған «Тарихи-Рашиди»; 3. Қыдырғали Қосынұлы Жалаири (1530-1605) жазған «Тарих ат тауарих» (Жылнамалар жинағы) және 4. «Көшен Қарауыл шежіресі» (ХҮІІІ ғас.) мен Жәңгір хан шежіресі (1835); 5. Шоқан Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», Ә.Нияз жазған «Үш жүздің шежіресі», Ахмет Жантөрин, Мұса Шорманұлы, Өтеубай Бөжейұлы қатарлы жинаған «Қазақ жұртының шежіресі», Қорғанбек Бірімжанұлының ұйымдастыруымен жиналған «Орта жүз бен кіші жүз шежіресі» (1894) және Торғай қаласында ғалым, ақын, жыраулар бас қосып, бір жыл кеңесіп жасаған шежіре «Ғажайып шежіре», «Шыңғыснама».т.б.
Қазақ хандығына шежіре неге керек болды? ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды. Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды. «Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр2 . Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар. Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
Шежіренің түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза) шежіре, 3. өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді. Қазақ шежірелерінің үлкен бір саласы «өлең шежіре» мұнің негізгі себебі: қазақ халқының өмірінде өлең сөздің (поэзияның) атқаратын тарихи традициялық ролі мен мұрагерлік қасиеті жатыр. Қазақ өлең сөзінде «Ата өлең» деген өлең түрі бар. Әсіресе ақындар айтысында ақын әріптесінен «адамға тегін білмеу мін болады, айта отыр ата тегің кім болады» деп жөн сұраса ай тысады. Әне сол өлең шежіре осы ата жөн сұрасудың дамыған түрі – қазақтың ақын халық екендігін, өз өмірін өлеңмен түсіндіру, шежірелік жыр-дастан ету, қазаққа тән қасиет сондықтан өлең шежіре қазақ фольклорының шежірелік бір жанры. Ал қазақ шежіресінің енді үлкен арнасы «жайынсөз шежіре» (проза) бұл да қазақтың шешендік өнерінің бір саласы ертегі, аңыз-әңгіме, тарихи естелік, әңгіме, ұлы әңгімеге ұласқан жанр түрлері. Мұны жаратушы жазушы адамдар оқымысты, көпті көрген көсем, ойлы, шешен тілді ел аталары ру шежірешілері болған, шежіренің ана үш түрі де осылай тек мазмұндық парықты.
Адамзат қоғамының даму тарихынан алғанда: ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып қалыптасу, даму барысы бар. Қазақ шежіресі – қазақ ұлтының үш мың жылдық даму барысының мәдени мұрасының бір саласы. Қазақ ұлтының шығу тегі (нәсілі) атадан таралуы туралы қазақ шежірелерінің көбінде: барлық «қазақ» аталатын адамдар «қазақ — ата нәсілінен таратылады». Қазақтан Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұл туады. Бекарыстың ұрпағын «ұлы жүз» деп атап, одан Үйсін, Қаңлы, Дулат, Түркеш, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ошақты, Шанышқылы, Сіргелі т.б. тайпалар кірген. Ақарыстың ұрпағы «орта жүз» деп атап одан: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ тарайды. Жанарыстың ұрпағын «кіші жүз» деп атап, одан: Әлімұлы (Әлім, Шүмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті), Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ысық, Қызылқұрт); Жетіру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Төлеу, Табын, Тама, Рамадан) тарайды. Осы рулардың өзіндік ұраны, таңбасы болған. Ұлт дегеніміз – адамдардың бір территорияда жасаған отандық бірлігі, бір тілде сөйлейтін тілдік бірлігі, бір наным-сенімдегі діндік, бірлігі бір, салт-саналық рухани бірлігі, тұрмыс-тіршіліктегі шаруашылық бірлігі негізінде қалыптасқан қандастық қатынастағы туысқандық бірлігін ұлт дейміз.
Шежіренің қазіргі маңызы — бір ұлттың тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады. Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу. Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек. 4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет