СӨЖ №4
Тақырыбы: Соңғы тұтынушылар және тұтынушы-
ұйымдар мінез құлқына әсер ететін факторлар
Тапсырма түрі: Сұрақтарға жауап беру
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. “Қажеттілік”ұғымы. Қажеттілік түрлері
Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады. Қажеттілік түрлері:
1. қызмет саласына (коммуникация, демалыс, таным) байланысты қажеттіліктер;
2. объектінің қажеттіліктері (материалдық, әлеуметтік, биологиялық, рухани, адамгершілік және этикалық);
3. маңыздылығы жағынан мұқтаждықтар (доминант, орта);
4. функционалдық (қоғамның нормалары мен мәдениетіне негізделген табиғи);
5. субъективті (жеке, топ).
2. Қажеттіліктерді өлшеу негіздері
4. Экономикалық теориялық (шекті пайдалылық теориясы, икемділік теориясы
Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебi, адамдар өмiр сүру үшiн алдымен материалдық, рухани игiлiктер өндiруi қажет. Басқаша айтқанда өмiрге қажеттi азық-түлiк, киiм, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндiрiлуi керек. Осыған орай не өндiру, қалай өндiру, кiмдер үшiн өндiру деген сұрақтар адам баласының әрбiр жеткiншек буындарының алдында тұрған көкейтестi мiндет. Бұл мiндеттен ешбiр қоғам құтыла алмайды. Өмiр сүру үшiн тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтатылмаса, өндiрiс те солай тоқтамауы қажет. Сайып келгенде өндiрiс қоғамдық өндiрiс болып саналады. Себебi, жеке өнiм өндiрушiлер өздерiнiңқажетiн өтеп қана қоймайды, сонымен қатар қоғам мүшелерi үшiн де қызмет атқарады.
Шекті пайдалылық - өнімнің әрбір қосымша өлшемін өндіру үшін қажетті ең жоғары ауыспалы шығын; бір өлшем бірлігіне шаққанда өндіріс көлемін ұлғайтумен байланысты жиынтық шығындарының өсу шамасы.
Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті.
Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділік – адамның іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Көбінесе, мұндай талпыныс көзге ерте түседі, іс-әрекетке берілу тіпті өмірдің қолайсыз кезеңдерінде де байқалады. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.
5.Фрейд, А.Маслоу уәждеме теориялары
Фрейдтің мотивация теориясы адам мінез-құлқын қалыптастыратын, бірақ кейде өздерiне байқалмайтын белгілі бір психологиялық күштердің әрекетiн мойындауға негізделген. Ол психика өз бетінше дербес, материалдық процестермен қатар жүретiн және де санадан тыс жатқан ерекше психологиялық күштермен басқарылады деп қарастырады. Яғни, З. Фрейдтің айтуынша, сатып алу кезінде адам өзінің мінез-құлқын жеткілікті түсінбейді, көп жағдайда ойланбай әрекет жасайды. Өз үдісінің қарама-қайшылығына қарамастан, Фрейд адам мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық механизмдерінiң бірқатарына талдау жүргiздi. Осының негізінде маркетингтің көптеген стратегиялық бағдарламалары жасалды.
6. Тұтынушылар түрлері.
Актуалайзерлер – өзін-өзі бағалауы жоғары, алдыңғы қатарлы белсенді тұтынушылар. Олар үшін имидж олардың билігі мен мәртебесінің көрінісі емес, талғамдары мен тәуелсіздігінің көрінісі болып табылады. Олар – бизнестегі және мемлекет басқарудағы лидерлер.
Орны анықталғандар – өмірге көңілі тоқ, жетілген, берекелі-ырысты, білімді және жауапкершілікті бағалайтын ойшыл адамдар. Табыс деңгейі жоғары, жоғары білімді, кәсіптік жағынан біліктілер. Бос уақыттарын үйлерінің маңында өткізеді. Жаңа идеяларға және әлеуметтік өзгерістерге құмар.
Сенушілер – отбасы, шіркеу, жергілікті қоғам, ұлт сияқты дәстүрлік құндылықтарға негізделген нақты сенімдері бар кертартпа қағидашылдар (консерваторлар). Олардың өмір сүру принциптері бар болғанымен, ресурстары көп емес. Бұл тұрақты маркалар мен отандық өнімдерді тұтынатын кертартпалар (консервативті) және талғамдарын алдын ала болжауға болатын тұтынушылар.
Жетістікке жетушілер – өз өмірін жақсы жолға қойған, мәртебесі мен қызметінің өсуін көздейтін адамдар. Ынтымақты, алдын ала болжауды және тұрақтылықты бағалайды, әлеуметтік қоғамда жақсы орын іздейді. Қоғамдық өмірі отбасының жағдайына және діни сеніміне орай құрылады. Олар үшін ең бастысы – мәртебе, сондықтан да олар белгілі және танымал өнімдер мен қызметтерді таңдайды.
Ұмтылушылар – өздеріне сенімсіз, әлеуметтік және экономикалық ресурстары төмен адамдар, басқалардың көзқарасы олар үшін өте маңызды, көбінесе алғысы келген заттарына қолы жете бермейді.
Экспериментаторлар – жігерлі, құлшынысқа толы, импульсивті, жаңалықтарға, тәуекелділікке, жаңа заттарға ұмтылатын жастар. Саяси ойы бейтарап, үйден тыс ойын-сауыққа құмар, спортпен шұғылданады. Табысының басты бөлігін киімге, тез дайындалатын тамақтарға, музыкаға, киноға жұмсайды.
Мейкерлер – өзіндік табыстарын бағалайтын, дәстүрлi өмiр сүретiн, отбасына берілген адамдар. Саяси консервативті, мемлекеттің беделін сыйлайды. Күнделікті өмірде қолданбайтын басқа (құралдар, ғимараттар) материалдық мүліктерге селқос қарайды.
Күнелтушілер – ұзақ уақыт бойы кедейшілік зардабын тартқан, білімі аз, шеберлігі де жоқтың қасы, денсаулығын ойлаған, енжар, момын тұтынушылар. Олардың қажеттіліктері күнделікті мұқтаждықтарымен шектелген.
7. Соңғы тұтынушылардың мінез-құлқыларының ерекшеліктері.
Соңғы тұтынушылардың мінез-құлқыларының ерекшеліктері. Соңғы
тұтынушының мінез-құлқы үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар. Соңғы тұтынушымен сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: мәселені ұғыну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алған заттан алған әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |