Осөж тақырыбы: Сыныптан тыс оқуды есепке алу жүйесі Орындаған: Қабибулла Ә. Т тобы: Дефектология – 401 Тексерген: Жубатырова Б. Т 2022 жыл Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің



бет5/5
Дата30.10.2022
өлшемі36,53 Kb.
#155693
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қабибулла Әсем ДФ401 7апта ОСӨЖ
ҚҚЭ 111, макро и микро №3, «Основные проблемы города стоимость жилья, проблемы жилья, транспорта., Pastel Nature Illustrative Environment Presentation, Gray Pink Watercolor Happy Mother\'s Day Presentation
 Сыныптан тыс жұмыстың формалары

Сыныптан тыс жұмыстардың формалары – бұл мазмұнына қарап қойылатын талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс формаларының саны орасан көп болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп жіктеуге болады (4.1-сурет). Сыныптан тыс жұмыстарды жекетоптық және көпшілікті біріктіруі бойынша, ал жеке және көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.

Жеке жұмыс – өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушының өздік іс-әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі.
Баланың санасында өзін-өзі кемелдендіру, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл үрдісті тұлғаны әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырылымдалады.


Жеке жұмыстың тиімділігі, қойылған талапқа сай, жеке жұмыстың формасын дәл таңдаудан басқа, баланы әрекеттердің қандайда бір формаларыне икемдеу болып табылады.
Сыныптан тыс жеке жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды дамуы үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң «Мен-концепциясын» қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Сыныптан тыс жұмыс формаларын жіктеу схемасы
Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда тарихи мәліметтерді, бағдарламалаудан қиындатылған есептерді, математикалық логикасының элементтерін, есептеп шығару жүйесін және т.б. қарастыру дәстүрге айналуда.
Соңғы жылдары информатикада практикалық мәні және танымдық қызығушылығы бар жаңа бағыттар пайда болды – ақпаратты өңдеуге компьютерлік технологиялар, сонымен қатар, мультимедиа, гипертекст, Интернет. Бұл сұрақтар информатика бағдарламасында өз бейнеленуін тапты, бірақ практикаға бөлінген сағат саны жеткіліксіз болғандықтан, сыныптан тыс оқыту, информатикадан оқушылардың білім сапасын көтеруге негіз болуы қажет.
Жеке жұмыс әрекеттері оқушылардың және жасөспірімдердің басқалармен қарым-қатынасын шектемейді, әйтсе де олардың әрқайсысына жалпы шараларда өз орындарын табуға көмектеседі.
Жеке жұмыс үйірмелердің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан ондай жаппай шаралардың табысты болуы, жеке жұмыстың дұрыс жолға қойылуына байланысты болады.

Үйірмелік (топтық) сыныптан жұмыс оқушылардың ғылымның, техниканың, көркемөнердің, спорттың белгілі аймақтарына қызығушылықтарын анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бағдарламалық материалдан алған білімдерін тереңдетуге, жаңа мәліметтерді білуге, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Үйірме - информатика бойынша оқудан тыс әрекеттердің негізгі түрінің бірі. Оның жұмысының мазмұны негізінен оқушылардың дайындығымен және қызығушылықтарымен анықталады, әйтсе де кейбір жағдайда бағдарлама да болады. Компьютердің көптеген мүмкіндіктеріне (компьютерлік графика, компьютерлік модельдеуді бағдарламалау және т.с.с.) байланысты информатика бойынша үйірмелердің бағыттары әртүрлі болуы мүкін.
Үйірмеде сабақтардың әртүрлі типтері өткізіледі. Олар: баяндамалар, жобалар жасау жұмысы, кабинет үшін әртүрлі көрнекі құралдар жасау, зертханалық жұмыстар, интерактивті тақтаның флипчарт технологиясын игеру және оларды дайындау, виртуалды саяхаттар және т.с.с. болуы мүмкін.
Үйірменің жұмысы күнделікте тіркеліп отырады. Есептік шараларды: кеш, конференция, көрме, байқау түрінде өткізуге болады. Кейбір мектептерде үйірме жұмысының қорытындысы, жыл бойы жасалған жұмыстың байқауын тәмәмдайтын мектептік мейрамда өткізіледі. Мысалы, информатика бойынша жалпы мектептік апта өткізілгенде.
Жұмыстың бірлестіру формаларына мектеп мұражайы, клубтар, қоғамдар, уақытша ұжымдар және т.с.с. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет