ӨСӨЖ№5 Тақырыбы: «Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.» тақырыбынаэссе



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі37,34 Kb.
#83686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ӨСӨЖ 5 ТАРИХ

Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.”
Көздеріне қан ұялаған жендеттер қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдулла Рузиевтың сол кездегі басынан кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық.
17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер небір сұрақтар қойып, менің қайдағы бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа оралдым.
Бірақ та 1987 жылдың қаңтарында мені қайта шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап етті. Көнбеп едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет