Бақылау сұрақтары:
«ісіктік өсу» және «ісік» түсініктерінің анықтамасы. Табиғаттағы ісіктердің таралуы;
ісіктік өсулердің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері, ісіктер мен эмбриондық ұлпалардың ұқсастығы мен айырмашылығы;
қатерлі және қатерсіз ісіктер, олардың ерекшеліктері;
малигнизацияланған жасушалардың метаболиттік, антигендік және функционалдық қасиеттері;
ісіктердің этиологиясы, физикалық және химиялық бластомогендік факторлар, онкогендік вирустар;
химиялық канцерогендер, олардың жіктелуі, проканцерогендер және тіке канцерогендер. Коканцерогендер және синканцерогендер. Химиялық канцерогенез кезіндегі инициация және промоция кезеңдері;
онковирустар, олардың жіктелуі. Ісіктердің пайда болуындағы құрамында ДНК және РНК-сы бар вирустардың рөлі. Онковирустармен шақырылған адамның ісіктері;
иондаушы радиация бластомогендік фактор ретінде, дистанттық иондаушы сәулелердің және радиоактивтік изотоптардың рөлі. УК-сәулелердің, термиялық, механикалық факторлардың бластомогендік әсері;
ісіктердің патогенезі, онкоген туралы түсінік, жасушалық онкогендердің маңызы, канцерогенездегі онкобелоктардың рөлі, олардың түрлері. Ісіктік прогрессия;
Адамдарда ісіктердің пайда болуындағы тұқым қуалаушылық факторлардың, жыныстың, жастың, созылмалы аурулардың, нервтік, эндокриндік, иммундық жүйелердің жағадйының маңызы. Бала жастағы ісіктік өсулердің ерекшеліктері;
ісік алды және рак алды жағдайлар туарлы түсінік;
организмнің антибластомдық резистенттілігі, резистенттіліктің иммундық және иммундық емес факторлары. Аллогендік ингибирлеудің, интерлейкиндердің рөлі. Ісіктердің пайда болуы мен дамуындағы антибластомдық резистенттіліктің депрессиясының маңызы. Ісіктер мен организмнің арақатынасы;
метастазалануы, рецидивтері;
ісіктік кахексия;
ісіктік өсудің алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |