«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ
Информатика пәнінен дарынды балалармен жұмыс жасау жоспары
Қостанай қаласы
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстыңәдеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа трақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығын моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлма құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
- баланың отбасы жағдайын зерттеу;
- шығармашылық қабілетін анықтау;
- саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
- ата-анасымен әңгімелесу;
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік).
• күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
• пәнге қызықтыру.
3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
• сөйлесуде;
• тәртібінде.
Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.
2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.
1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.
2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.
3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:
- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуалды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.
Оқушының дарындылығын анықтауда:
1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін-өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды.
Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;
2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды, өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;
5.Оқушыға ЖОО-на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1.Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
• Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
• Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
• Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп, педагогтың өз бойындағы да қабілетті аша түсу, көш соңында қалып қоймай, қоғам алдындағы міндетіңді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай орындау.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ, ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
№
|
АТЫ-ЖӨНІ
|
СЫНЫБЫ
|
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
1
|
Ересеев Азамат
|
10 «б»
|
Оқуға ынтасы жоғары, шапшаң және ынталы.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады;
|
2
|
Бимықова Дильназ
|
8 «б»
|
Оқуға ынтасы жоғары және ынталы.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары
|
3
|
Амантай Дильназ
|
8 «б»
|
Оқуға ынтасы жоғары. информатика пәні бойынша жақсы.
Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады. Тез жалыққыш, бос тұра алмай бір нәрселерді ұнатады, есте сақтау қабілеті өте жоғары.
|
4
|
Азырқан Әділхан
|
9 «б»
|
Оқуға ынтасы жоғары және көп көлемде білім меңгереді де, оны ұмытпайды
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; өте ретті жұмыс істейді, күрделі есептерді шығаруды ұнатады; алдына қойған мақсатқа жете біледі.
|
5
|
Иржанова Дина
|
11 «а»
|
Оқу озаты. Білімді, кең көлемде ойлайтын зерек оқушы.
Ерекшелігі:Тапқыр,логикалық тапсырмаларды тез шешеді. Информатика пәніне деген қызығушылығы өте жоғары.
|
6
|
Сексембаева Лаура
|
5 «в»
|
Оқуға ынтасы жоғары және ынталы.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары
|
Пән мұғалімі: Сакиева Ж.О.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
№
|
ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ
|
МЕРЗІМІ
|
ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
|
1
|
Дарындыоқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру
|
01.09
|
Жоспар
|
2
|
Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.
|
05.09
|
Тізімін құру
|
3
|
Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау
|
07.09
|
Оқушылардың ерекшеліктері
|
4
|
Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
|
Жеке жоспар бойынша
|
Жоспар
|
5
|
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер, шығармашы-лық жұмыстар)
|
Жоспарға байланысты
|
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
|
6
|
Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
|
Жоспарға байланысты
|
Сабақ жоспарлары
|
7
|
АКТ технологиялар элменттерін пайдалану
|
Қажеттілігіне қарай
|
Презентациялары
|
8
|
Деңгейлік тапсырмалар дайындау
|
Қажеттілігіне қарай
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
9
|
Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту
|
Қажеттілігіне қарай
|
Тест тапсырмалары
|
10
|
Сабақ сайын озық тапсырмалар беру
|
Жыл бойы
|
Тапсырмалар
|
11
|
Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру
|
Сабақ сайын
|
Өздік бағалау
|
5-11 СЫНЫПТЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
№
|
ТАҚЫРЫБЫ
|
ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ
|
МЕРЗІМІ
|
I –тоқсан
|
1
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
2
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
3
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
4
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
5
|
Арифметикалық амалдар
|
Дәріс
|
|
6
|
Арифметикалық амалдар
|
Есептер шығару
|
|
II-тоқсан
|
1
|
Теңдеулер құрастыруға арналған есептер
|
Дәріс
|
|
2
|
Теңдеулер құрастыруға арналған есептер
|
Есептер шығару
|
|
3
|
Теңдеулер құрастыруға арналған есептер
|
Есептер шығару
|
|
4
|
Теңдеулер құрастыруға арналған есептер
|
Есептер шығару
|
|
5
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
6
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
7
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
ІІІ тоқсан
|
1
|
Алгебралық өрнектерді ықшамдау
|
Дәріс
|
|
2
|
Алгебралық өрнектерді ықшамдау
|
Дәріс
|
|
3
|
Алгебралық өрнектерді ықшамдау
|
Есептер шығару
|
|
4
|
Алгебралық өрнектерді ықшамдау
|
Есептер шығару
|
|
5
|
Алгебралық өрнектерді ықшамдау
|
Есептер шығару
|
|
ІV тоқсан
|
1
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
2
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
3
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
4
|
Логикалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
5
|
Олимпиадалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
6
|
Олимпиадалық есептер
|
Есептер шығару
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |