Сабақтың тақырыбы. Адам. Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі39,14 Kb.
#33594
түріСабақ
Қазақ тілі 2-сынып.(ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы. Адам.
Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту,оларды ауызекі сөйлесуде дұрыс қолдана білуге

үйрету.

ә ) Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б ) Тақырып бойынша өз дене мүшелерінің атын, олардың қызметін таныстыру арқылы

тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, аударма, жаттығу,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүние тану.

Сабақтың көрнекілігі:оқулықтағы суреттер, көрнекілік, плакаттар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Саламатсыздар ма балалар? Отырыңдар.

- Сыныпта кім жоқ? Түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасы тексеріледі.

1.Күзгі киімдерді ата?

2. «Күзгі табиғат» (тақтада ілулі) суреті бойынша сұрақтар қою.

А )Қазір қай мезгіл?

Ә)Күз айларын ата?

Б)Ауа –райы қандай?

В)Күзгі киімдерді ата?
III.Жаңа сабақ.

-Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатта, тақтаға плакат ілінеді.Сөзжұмбақты шешу.

Орысша берілген сөздің қазақша бастапқы әріптерін тауып,сабақтың тақырыбын ашу.

1.Рот. А

2.Тела д

3.Нога. а

4.Нос. м

1).Тақтаға «Адам» бейнесі плакат ілінеді.Сурет бойынша адамның дене мүшелерін,

қазақша –орысша аудармамен айтамын. Оқушылар зейін қойып, тыңдап отырады.

а) Адамның дене мүшелерін көрсете отырып атаймын,оқушылар қайталайды.

б) Дәптермен жұмыс.

Адамның дене мүшелері:бас,шаш,құлақ,көз,мұрын,ауыз,қол,аяқ деп жазылады.

2).2- тапсырма.Оқулықтағы диалогты оқушыларға оқыту.Жаңа сөздер қазақтың төл

дыбыстары кездесетін ө,қ,ұ,ы дыбыстарының дұрыс айтылуына мән беріледі.

-Бұл кім?

-Бұл –адам.

-Адамның қандай дене мүшелері бар?

-Адамның дене мүшелері:бас,екі көз,мұрын,екі құлақ,ауыз,екі қол,екі аяқ.

3) Жұмбақ өлеңді оқушыларға оқып,тыңдатып,шешуін табу.

Кел, санайық!

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз...

Кел,санайық,ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (он саусақ).

4) Жазба жұмысы.

4-тапсырма.Оқулықтағы көрсетілген үлгі бойынща оқушыларды сөйлетіп,жаздыру.

Шаш,қол,мұрын,аяқ,құлақ,ауыз деген сөздер жазылып,үрілген шарларды балаларға

тарату.Қолдарына жазуы бар шар алған оқушылардан өз дене мүшелерін көрсете

отырып, жалғауларды дұрыс жалғап, қазақша сөйлеуге үйрету.

Мысалы:

I-ж. 1.Шаш. (көрсету)II-ж. 1.Шаш.

2.Менің шашым. 2.Сенің шашың

3.Менің шашымұзын/қысқа. 3.Сенің шашыңұзын/қысқа.
IV.Сергіту сәті.

5) Логикалық ойындар ойнау, түсіндіріледі.

Плакатта жазылған

Баспен

Көзбен

Құлақпен

Мұрынмен

Ауызбен

Қолмен

Аяқпен сөздерін тақтаның бір шетіне ілеміз.

көреді

демалады

жүреді

ойлайды

естиді

жейді

ұстайды сөздерін тақтаның келесі шетіне іледі.Бұл сөздер бөлек-бөлек жазылған

алынып,жапсырылады.Тез ойлау керек? Бұрын қол көтерген оқушылар тақтаға

шығарылады. «Мақтау» сөздер айтылып,бағаланады.
V.Жаңа сабақты бекіту.

-Бір оқушыны тақта алдына шығарып,жаңа тақырыпқа байланысты,оның дене

мүшелерін көрсетуі арқылы сыныптағы оқушылармен топтық жұмыс жасап,

жаңа сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма беру.

6) 6-тапсырма 37-бет.Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып,орындау.
VII.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет