Адамның әсемдік қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы
Эстетикалық көзқарастың ендігі бір категориясы - сұлулық, әдемілік. Бұл категория арқылы шындықтың көріністері (табиғат пен қоғамды өмір) сипатталып, эстетикалық түсінудің барлық формалары баяндалады. "Эстетика туралы әңгіме деген кітапта" сұлулықтың екі түрлі сипатына түсініктеме берілген: а) бірінші сипат - түс, түстердің сәйкестігі, дыбыс, заттың кескіндік шекаралары, бет - бейнелері және т.б. құбылыстың сыртқы ерекшеліктеріне, формасына көңіл бөлу. Мыңдаған жылдар бойыэстетикалық ойлар заттың, құбылыстың сыртқы пішіндік ерекшелігіне, сұлулығына негізделді, көркем өнердің өзіде осы тұрғыдан қабылданады.
Сөйтіп таза пішінге қатысты эмоционалды - эстетикалық әсер ғана назарға ілінді, ә)екінші сипат - пішін мен мазмұн арасындағы байланыс, анығырақ айтсақ, осы екеуінің сәйкестігі, үйлесімділігі. Кез келген форма өзіне сәйкес ішкі мазмұнға ие болған жағдайда ,ғана нағыз эстетикалық талғамға сай туынды өмірге келмек. Форма сұлулығы тек оның құрамды бөлшектерінің үйлесімділігі емес, оның мазмұндық сәйкестігімен ажырамас бірлікте қарастырылады. Рухани байлығы жоқ, тек сырты жылтыраған сұлулыққа талпынған адамның эстетикалық талғамы толық мәнді емес. Сылдыраған әдемі сөздің өзі кейде мағынасыздыққа ұрынады. Міне, осындай іштей қарама - қайшылықты ашу - өнердің алдында тұрған басты мақсат. Мазмұн ғана адам бейнесінің осы екі жақты байланысын немесе қарама - қайшылығын анықтап, тұжырымдап бере алады,[4, 28 б].
Ұлы Абай да адамның бойындағы "жан сұлулығын" тәнненде жоғары дәріптеген. Эстетикалық көзқарасымен тұтастық тапқан бұл тұжырым да ақынның сұлулық атаулыға қарым - қатынасын байөатары даусыз: "...Сәулең болса кеудеңде..." Барша эстетикалық бастаудың барлығын ішкі жан сарайына тіреген Абай үшін бәрін ұғынатын да, қабылдайтын да адамдар "көкірек көзінен" байқалады. Сол себепті ақын "көзі барлар ойыңның" деген тіркестің өзіне терең мән - мағына үстейді.
Сұлулық - адамның өмірлік (практикалық) қажеттіліктерінің, идеалдарының, әдемі өмір хақындағы ойларының мұқым болмыспенбайланысының нәтижесі (Сократ, Аристотель, Н.Г.Чернышевский).
Сұлулық - бұл табиғат құбылыстарының салмақ, түс, пішін және т.б. сияқты табиғи қасиеттерінің бірі (француз материалистерінің пікірі).
Жоғарыдағы тұжырымдарды толықтырып, бір арнаға салмақ, сұлулық - обьективті құбылыстардың табиғи қасиеттері қоғамдық сипат алып, адамзатқа ортақ көркем құндылыққа - айналып, адамды рухани тұрғыда жетілдіріп, тұлғаның болмысына қызмет ететін фактар немесе Абай айтқандай:
"...Сыйласарлық тектінің,
Кім танымас нұсқасын?.." барша сұлулықты бойына жинақтаған адам ғана өзгенің көңіліеде эстетикалық сезімді оята алады[4, 29 б].
“ «Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, елмегенмен боласың тең.
Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек.
Жақынның да, жардың да, асықтың да, -
Бәрінің де қызығын көріп білсек...»”
Қыздың әдемі келбетін толық суреттейтін Абайда екі елең бар. Олар «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы...» және Білектей арқасында ерген бұрым». Қыз-келіншектің көркін суреттейтін жолдар Абай өлеңдерінде жиі кездеседі, оның бәрін тізбектеп жату мүмкін емес. Соның бәрі нәзік те әдемі сипатталады. Бүл арада атамай өтпеске болмайтын елеңдер мыналар: «Айттым сәлем, қалам қас...», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...». «Көзімнің қарасы...», «Ғашықтың тілі Тілсіз тіл...»т. б. Ақынның түсінігі бойынша шынайы сұлу әйел - өмірдің сәні, адамға толыққанды өмір сүру үшін оның маңызы зор, ал, нағыз махаббат - адамның байлығы, оған шабыт береді, өмірді мағыналы жасайды, махаббатсыз бақыт жоқ, демек махаббат - өте бағалы эстетик. құбылыс, ол әсемдік сезімнің шыңы, оны жырлай беру керек, мадақтау қажет. Ал, адамның жылтыр көркі мен нағыз әсемділігін ажырату жайында Абайдың кербездікті сипаттағанын келтірейік. «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық», -дейді Он сегізінші сөзінде. Осындай тұжырымды: «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де - бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!...» - деген жолдарынан да айқын аңғаруға болады[3, 621 б].
Эстетика теориясын қарастырғанда атап өткеніміздей, адамның барлық дүниесі сұлу болуы керек, пішіні де, мазмұны да. Осыған орай, кез келген "сырты жылтырақтың" іші, ішкі жан дүниесі түкке тұрғысыз да болатын жағдайлар өмірден белгілі. Осы негізде Абай да:
...Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме! - дей отырып, тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қояды, бағалайды[4, 86 б].
Достарыңызбен бөлісу: |