Байланысты: Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас
Эстетикалық көзқарастар - белгілі бір қоғамдағы немесе оның бір бөлігіндегі билік ететін не басым түсетін тұжырымдар жүйесі. Ол адамдардың келешектегі эстетикалық және көркемдік ізденісін, бағытын, жолын, оның іске асуын қадағалап бақылайды.
Кез келген заманда өзектілігінен айырылмайтын, әрдайым адам атаулыны эстетикалық ізденістерге жетелейтін, әр ұрпаққа қажет құндылықтар жиегі дәстүрлі қалыптасқан эстетикалық көзқарастар желісін құрайды. Солардың қатарында "жан сұлулығына" қатысты, оның өмір сүру шарттарын топтайтын қадір - қасиеттер көкжиегі ерекше орын алады. Бұл туралы ұлы ақынның:
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек..." [4, 118 б] деген өлең шумағы бүгінде маңыздылығына шек келтірмес эстетикалық көзқарастың негізіне айналып отыр[5, 26 б].