Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет7/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,66 Mb.
#625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Деректану теориясы

Кілтті сөздер

Дерек, әдіс, әдіснама, деректердің cыныпталуы



Талқыланатын сұрақтар

1. Деректану проблемалары мен методологиясы.

2. Тарихи деректерді сыныптау.


Мақсаты: Деректану проблемалары, методологиясы және оның жіктелуіне тоқталу.

1. Деректану проблемалары мен методологиясы.

Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.

Жіктеу – обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.

Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.

Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.

Типтік жіктелу – деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.

Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.

Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.

Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.

Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.



  • заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;

  • көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;

  • сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;

  • жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;

Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.

Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:

Құжаттық:


  • картографтық

  • статистикалық

  • актілік

  • концелярлық

Баяндаушы:

  • жеке (хаттар, күнделік, заманхат);

  • көркем (очерк, роман, лирика, проза);

  • тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);

  • ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).

Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.

Бақылау сұрақтары

1. Деректану проблемалары мен методологиясы жөнінде не білесің?

2. Тарихи деректерді сыныптау дегеніміз не?

3.Жазба деректүрлерінің эволюцияға ұшырауының факторлары?
Әдебиет


  1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

  2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

  3. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

  4. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.

  5. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

  6. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.


Деректану методы

Кілтті сөздер

Деректанулық сын, деректі аналитикалық сынау, деректің пайда болу негіздерін сынау, деректің мазмұнын сынау.



Талқыланатын сұрақтар

1. Деректанулық «сын».

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Мақсаты: Деректанулық сынды, олар мен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатыралымен танысып, жазба деректердің сыни талдаудың сатыларымен жұмыс істей білуге үйрету


1. Деректанулық «сын».

Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді

Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.


  • Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?

  • Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?

  • Автор неге сүйеніп жазды?

  • Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?

  • Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?

Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:

1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.

2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.

Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».

Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;

-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;

-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.

Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.

Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:



Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.

Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.

Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.



Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?

Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.

Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.

Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.

Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.

Шынайылық проблемасы.

Өкілеттік проблемасы.
Бақылау сұрақтары

1.Деректанулық сын дегеніміз не?

2.Обеьективтілік, париялық және тарихи принціп дегеніміз не?

3.Деректерді сақталу формасына мысал келтір?

4.Тұпнұсқалық проблемасы жөнінде не білесің?

5.Деректің пайда болған уақытын қалай анықтауға болады?

6.Деректің пайда болған жерін қалай анықтауға болады?

7.дерек авторының не құрастырушының атын қалай анықтауға болады?

8.Тарихи деректің әлеуметтік функциясы дегеніміз не?

9. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасын қалау жүргізуге болады?



Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.


Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек.

Кілтті сөздер

Ауыз әдебиеті, фольклор, шежіре, ауызша тарих, жыр, ертегі, аңыз-әңгіме.



Талқыланатын сұрақтар

1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.

2. Шежіре – тарихи дерек.

Мақсаты: Ауыз әдебиеті және шежіреге түсініктемесіне тоқталып, жанрларын қарастыру.


1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.

Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk – халық, Iore- оқулығымен деген мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған. Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі, орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады. Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдері- жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.

Ертегі – халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар,қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтің ғылым.

Мифология – адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз- халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.

«Естіп ем ел аузынан бір аңызды

Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды.

Сырламай сол қалпында ұсынайын,

Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М.Әлімбаев.

Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті. Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті, сөйледі.

Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-мәтел – дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың тақырыптары әр түрлі.


    • Білім және ғылым туралы;

    • Еңбек туралы;

    • Ерлік туралы;

    • Адамның қасиеттері.

Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.

Бақылау сұрақтары

1.Фольклор дегеніміз не? Және ол қандай түрлерге бөлінеді.

2.Эпостағы тахи шындық дегеніміз не?

3.Шежіре дегеніміз не? Және оның түрлерін білесің?



Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

История Мировой культуры. (справочник школьника) под. Ред. В.В.Спавкина ,П.В.Кашинский МГУ им. Ломоносова 1996 ж.

Абай Құнанбаев шығармалары . 1957 1,2 кітап.

Төреқұлов Н.Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1,2 кітап. А.Жолын1993ж.

Кәлімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А.Мектеп,1986 ж.
Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер

Кілтті сөздер

Дерек, антикалық, ескерткіш, мәлімет, фиксация.



Талқыланатын сұрақтар

1.Парсы деректері.

2.Антикалық деректер.

3.Қытай деректері.

4.Түркі ескерткіштері

Мақсаты: Студенттерге Қазақстанның көне дәуір тарихы кезеңінен негізгі деректермен таныстыру.



Бақылау сұрақтары

1. Қазақстанның көне дәуір тарихындағы жазба деректердің негізі ерекшеліктері.

2.Қытай деректеріндегі қамтылған негізі мәселені айтыңыз?

3.Антикалық деректердің шынайылығы қандай?

4.Қазақстан территориясын мекендеген тайпаларға парсы авторларының қызығушылығын қалай түсіндіресің?

5.Түркі деректерінің құндылығын атаңыз?



Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.

Кілтті сөздер

Монғолия, миссионер, көпес Орталық Азия, мұсылманның синкретикалық мәдениеті, түріктер, география, діни шығармалар, өмірбаян, этнография, Моғолстан, Ақ Орда.


Талқыланатын сұрақтар

1. Монғол деректері.

2. Араб деректері.

3. Парсы деректері.

4. Еуропа тіліндегі деректер.

5. Қазақ деректері.

6. Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері.
Мақсаты: Студенттерге Ортағасырлық Қазақстан тарихынан монғол, араб, парсы, еуропа, қазақ және орыс деректерімен таныстыру.
Монғол деректері Лубсан Данзан (Алтын тобық) жылнамасы, «Шара Туджи», Атрибуция және текстологиялық мәселелері.

ІХ – ХІІ ғ.ғ. араб деректері Әль – Хорезми (Книга картины земли), Ибн Хордарбек (Книга путей и стран), Аль – Джахиза (Помлание Фатху бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Ибн Фадлан (Книга Ибн Фадлан), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), Аль – Гарнати (Аль - Муриб) және т.б. Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Авторлық текст. Деректердің текстологиялық мәселелері. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Деректемелік синтез.

Араб деректері В.В. Тизенгаузеннің «Алтын Орда тарихына қатысты материялдар жинағына» кіретін араб авторларының шығармалары (Ибн аль – Асир, аль – Омари, Ибн Халдун Ибн Арабшах және т.б.) Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Текстологиялық мәселелер.

Парсы деректері Рашид ад – Дин «Жами ат - тауарих» (Жылнамалар жинағы). В.В. Тизенгаузеннің «Алтын Орда» тарихына қатысты материялдар жинағының ІІ томына кіретін парсы тіліндегі деректер. Деректердегі қазақ халқы мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелері. Деректерді зерттеудің компаративтік әдістері.

Еуропа тіліндегі деректер. Батысеуропалық саяхатшылар Иоан Плано Карпини Марко поло, Вильгелм де Рубрук, шығармалары.

Түркі және қазақ деректері. Темір бағытындағы түркі деректері: «Темірланның өмірбаяны», Захир ад дин Мұхамед Бабырдың « Бабырнамасы», Шайбанид бағытындағы түрі деректері: Өтеміс қажының «Шыңғыснама» Әбілғазының «Түркі халқының таралуы».

Қазақ деректері: Хайдар Дулати «Тарих – и Рашиди», Қосымұлы Қадірғали бідің «Жылнамалар жинағы», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шежіре». Текстология мәселелері.

Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері: Строгонов жылнамасы (XVII ғ. Орт.) С. Есиповтың «Сібір жылнамасы», «Ремзов жылнамасы» (XVIII ғ.басы).


Бақылау сұрақтары

1.Монғол деректеріндегі керей және найман тапаларына қатысты қандай деректерді білесің?

2.Қазақстан тарихындағы, араб тарихнамасының негізгі бағытын атаңыз?

3.Араб саяхатшыларының көздеген мақсатын айтыңыз?

4.Саяхатшы «жазбаларының» тарихи әдебиеттегі басқа жанрлардан айырмашылығы?

5.Алтын Орда тарихына қатысты парсының қандай еңбегін білесің?

6.Темір бағытындағы қандай деректерді атай аласың?

7.Қазақ хандығына қатысты қандай еңбекті білесің?

8.Орыс жылнамаларындағы қазақ тарихы жайлы не айтасың?
Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Cтатистика - тарихи дерек

Кілтті сөздер

Санақ, демограмия, дерек, миграция, урбанизация,



Талқыланатын сұрақтар

1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.

2.Өнеркәсіп санағы.

3.Жұмысшы мен зиялылар санағы.

4.Ауыл шаруашылығының санағы.

5.Демографиялық жалпы санақ.


Мақсаты: Санақ деректерінің түрлері мен оларды талдаудың негізгі жолдарына тоқталу
1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.

Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдары капитализм дәуірінде қалыптасты. Осы дәуірден санақ мәселесінің сапалы өзгеріс кезеңі басталып, тарихи шындықтың негізгі құбылыстарын экономикалық-географикалық және санақ материаддарын жалпылама сипаттау тұрғысынан баяндаудан сандардың негізінен түсіндіруге ауысты.

Санақ материалдары негізгі екі топтан тұрады. Оның біріншісі — үкімет қажеті үшін, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың міндетті қызметін жүзеге асыру үшін жиналған мәліметтерден тұрады. Екінші тобын санақтық талдау үшін арнайы жиналған мәліметтер құрады. Олар, ең алдымен, бірақ рет жүргізілген тексерулер — санақ материалдарын, сонан соң күнбекүнгі санақ мәліметтерін қамтиды. Бұл материалдардың жиналуы мен өнделуі есеп-санақ ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап халық шаруашылығын жоспарлау мемлекеттік басқару ісінің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік санақ жүйесі болып құрылды. Өндіріс пен бүкіл шаруашылық салалары жұмысын басқару тек қана бақылау мен есеп жүргізудің негізінде мүмкін болады деген желеумен, ол социалистік принцип деп аталды.

Сөйтіп, бұрынғы санақ жұмыстарынан түпкілікті айырмашылығы бар кеңестік санақ жұмыстарының негізі салынды. Оның мәні бүкіл санақтық жұмыстарды орталықтандыру мен санақ қызметінің бірегей мемлекеттік жүйесін құру, жоспарлау органдарынын арасында тұрақты байланыс орнату болды. Сөйтіп, санақ материалдары арқылы құнды тарихи дерек ретінде қоғамның түрлі даму кезеңдерінің әлеуметтік құрылымына талдау жасау жөне өкіметтің саясатын қорытындылауда ғьлыми мәні зор қажетті мәліметтер алу мақсаты көзделді.

Кеңес заманында ел ішінде санақ жүргізу жұмысы экономиканың көптеген салалары мен негізгі қоғамдық процестерді (халық саны, өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, сауда, қаржы, мәдениет салалары, денсаулық, еңбек пен еңбекақы т.б.) қамтыды,

Бүл тізімнен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының санағын және демографиялық санақты бөліп алып қарасақ, олардың материалдары кеңес дәуірінің санақтық деректерін талдаудың жалпы тәсілімен танысуға мүмкіндік береді.

Санақтық деректі қысқаша талдаудың мақсаты оның дүрыстық дәрежесін анықтау болады. Санақ мәліметтерінің дұрыстығы бірнеше себептерге: зерттеудің мақсаты мен маңыздылығына, оның түрі мен құрылымына, санақ ғылымының методологиялық деңгейіне, бастапқы материалдардың дайындалу әдістеріне — байланысты.

Санақтық деректі сыни тұрғыдан талдау санақ жұмысының ұйымдастырылуын тексеріп танысудан басталады. Ол объектінің бір типке жататындығын анықтау үшін, территория мен объектіні есепке алу жөне оларды іріктеу тәсілдерін анықтау үшін, алынған мәліметтерді жинау мен тексерудің өндістерін білу үшін керек.

Зерттеулердің ұйымдастырыуы туралы ақпарат архивтік құжаттар мен материалдарға санақтық басылымдарда жарияланды. ("Вестник статистики", "Бюл­ле­тень ЦСУ", "Статистическое обозрение" жене т.б.). 20-шы жылдары Орталық санақ басқармасы (ЦСУ) басып шығарған санақтық жинақтардың алғы сөзінде, түсіндірме кестелеріңде зерттеудің әдістемесі мен материалдарын дайындау әдістері сөз етілген.

Санақ мәліметтерін дайындау мен баспадан шығаруда көптеген жағдайларда санақ бланкілерінде берілген маңызды қорытындылар толық көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан алғашқы көрсеткіштерді белгілеу тәртібін және дайындалған кестелердің маңызын айқындау керек. Мұндай жағдай тарихшыға қандай мәліметтердің жинаққа енбей қалғанын анықтау үшін қажет.

Санақ материалдарының дұрыстығына көз жеткізу үшін бұрынғы көрсеткіштерге түзетулер енгізілген соңғы зерттеулер мен басылымдарды ескерген жөн. Санақ материалдарына сыни тұрғыдан қарамаушылық көптеген қателіктерге әкеліп соғатынын да естен шығаруға болмайды.

Санақ материалдарын талдаудың бұлжымас талаптарына сай пайдаланылатын мәліметтерге тұтастық тұрғысынан қарау қажет. Зерттеушілер кейде материалды зерттеу мен оны қорытуда жекелеген көрсеткіштермен ғана шектеледі. Қоғамдық көріністерді жан-жақты зерттеу үшін ол жеткіліксіз болады. Сондықтан қолда бар мәліметтер мен түрлі санақтық деректерді салыстыра отырып, олардан алынған материалдарды қорыту керек. Сонымен қатар материалды дайындауда түрлі әдістерге сәйкес санақтық байқауларды да пайдаланған теріс болмайды. Мұндай тәртіпті сақтамаушылық кешірілмес қателіктер жасауға апарып соғуы мүмкін. Мысалы, шаруалар тұрмысының жекеленген бір көрсеткішіне қана жасалған талдау олардың әлеуметтік дифферендиацияға ұшырау дәрежесін бұрмалап керсетуі мүмкін. Шаруалардың ыдырауын дұрыс ұсынып, оның себептеріне көз жеткізу үшін, аренданың, жердің сатылуының да, машинаның, еңбекақының, жер саудасы өсуінің, жалдамалы еңбектің — барлығынын да мәліметтерін толық алу керек.

Санақ мәліметтерін талдауда көптеген жағдайда салыстыру әдісі пайдаланылады. Соның негізінде құбылыстардың даму бағыты ашылып, оның қарқыны анықталады, зерттелетін құбылыстың әртүрлі буындарын сипаттайтьш пропорциялардың қалыптасуы нақтыланады. Сонымен қатар мұндайда тек салыстыруға келетін деректерді ғана салыстыру керек екенін ойдан шығаруға болмайды.

Кейде санақ мәліметтеріне талдау жасауда территориялық өзгерістердің де еленбей қалатын кездері болады.

Санақ мәліметтерін салыстырмалы талдаудың міндетті шарты-санақтық зерттеудің методологиясын анықтау болады. Санақтық жария материаддарда, кейде есептеудің жаңа өдістемесін енгізуге байланысты, өткен деуірдің кейбір мәліметтері олардың өлшемін анықтау нәтижесіңце немесе басқа ұқсас керсеткіштермен салыстыруда өзгеріп отырады.

Статистика көпшілік процестердің сандық заңдылықтарын көрсету мен зерттеуге ар-налғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген көпшілік деректердің қатарына жатады. Кеңестік санақ ғылымы мен оның практикасында математикалық санақпен қоса, санақ мәліметтерін талдаудың түрлі тәсілдері қалыптасты. Олар тарихи зерттеулерден біртіндеп орын алып келеді. Архив қорларының санақ материалдарын игеруде санақтың математикалық әдісінің үлкен болашағы бар. Осы әдіс арқылы тарихшылар деректік мәліметтерді топтастыру мен жіктеуден жөне санақ көрсеткіштерінің өзара қатынастарын талдаудан бастап, күрделі математикалык модельдер (үлгілер) құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады,

Алайда, мұндай математикалық санақ әдісі — та­рихи зерттеу жұмыстарында негізгі тәсіл емес, ол қосалқы ғана роль атқарады. Негізгі мақсат зерттелетін қоғамдық оқиғалар мен құбылыстардың сапалы, мағыналы талдануында. Математикалық санақ әдістерін қолдану тарихи зерттеулердің сандық өлшемдеріне дәлдік бере отырып, талдау мүмкіңдіктерін көтере түседі.



Санақ материалдарының әрбір түрі жалпы принціптерден басқа сын тұрғысынан да талданып бағаланудың арнайы әдістерін талап етеді. Олар тура­лы сол санақ материалдарын сипаттағанда сөз болады.
2.Өнеркәсіп санағы.

Өнеркөсіп санағы елдің экономикалық дамуьш бақылауға мүмкіңдік береді. Өнеркөсіптің санақ деректері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біріншісіне өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе күнгі мәліметтер жатады.

Бұрынғы КСРО өнеркөсібінің бірнеше санағы өткізілді. Бүкілресейлік өнеркәсіптің бірінші санағы 1918 жылы тамыздың 31-іне дейінгі өнеркөсіптің жағдайын анықтады. Онда өндеуші жөне өңдіруші өнеркәсіп орындары есепке алынды. Санақтың бағдарламасы бойынша елдің кәсіпорындары, олардың иелері, құрылымы мен басқарылуы, әкімшілігі мен техникалық мамандары, жұмысшылары, қаржы жағдайы, техникалық жабдықталуы, шикізаты, өндірілетін өнімдері т.б. туралы мәліметтер жиналды. Бұл санақ 1913-1918 жылдың тамыз айына дейінгі Ресей өнеркөсібінің даму жолын анықтауға арналады.

Санақпен елдің европалық бөлігінің 31 губерния-сының 9750 кәсіпорны камтылып, оның толық қорытындылары 1926 жылы "Труды ЦСУ" деген екі басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда өнеркөсіп санағының көптеген қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды.

1920 жылы өнеркәсіптің жаңа санағы өткізілді. Санақ материалдарын Орталық санақ басқармасы топтастырып, территориялық принцип пен өндіріс топтары негізінде берді.

1923 жылы желтоқсан айында тағы бір өнеркәсіп санағы өткізілді. Оның бағдарламасы өткен санақтың сұрақтарын қайталады. Бұл санақтың бұрынғы санақтардан елеулі айырмашылығы болмады. 1920, 1923 жылдары өткізілген санақтарды санақшылар методологиялық жағынан дұрыс өткізілмеген деп санайды. Оларда ірі өнеркәсіп ұсақ өнеркәсіптен бөлініп берілмеген, сондықтан ол санақтардың мәліметтерін 1918 жылғы санақтың мәліметтерімен салыстыруға келмейді. 1923 жылғы санақ тек қана қалаларда өткізілгендіктен, оның нәтижелерін 1920 жылғы санақтың жарияланған материалдарымен салыстыруға болмайды.

Келесі санақтар 1925, 1927 жөне 1929 жылдары өткізілді. Оларда ұсақ өнеркәсіпшілер, қолөнершілер, кустарлар бүкіл ел бойынша есепке алынды. 1930 жылдан бастап өнеркәсіп санағы кәсіп орындарының жылдық есептеріне негізделіп беріле басталды. Жылдық есептер санақтық және бухгалтерлік құжаттар бойынша жасалды. Өнеркәсіп саласындағы санақ мәліметтері Халық шаруашылығының жоғарғы кеңесі (ВСНХ) мен Орталық санақ басқармасының (ЦСУ) санақтық жииақтарында және арнайы анықтамалық басылымдарда жариялаңды. 1957 жылдан бастап "Народное хозяйство СССР", ал 1973 жылдан "Народное хозяйство Казахстана" деген статистикалық жинақтар КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына дейін жыл сайын баспадан шығып тұрды. Олармен қатар мерейлік даталарға байланысты санақ жинақтары мен анықтамалық жинақтар да жарық көрді. Бұл жинақтарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жөне мәдени дамуының барлық салаларынан сандық деректер берілді. Өнеркәсіп мекемелерінің жаңадан жіктеліп, ауыр және жеңіл өнеркәсіп болып бөлінуіне байланысты, 1957 және 1964 жылдары Орталық санақ басқармасы "Промышленность СССР" деген арнайы анықтамалықтар шығарды. Оларда санақ материаддары негізінде кеңес индустриясының даму қорытындылары мен негізгі бағыттарының толық мәліметтері береді.
3.Жұмысшы мен зиялылар санағы.

Кеңестік Ресейдің жұмысшы табы туралы санақтық сипаты бар алғашқы дерек 1918 жылы өнеркәсіп санағының негізінде қорытылды. Бұл бүкілресейлік кәсіби санақ болды және оның бағдарламасы да жанжақты ойластырылды. Онда жұмысшылардың кәсібі, сауаты, тұрмыс жағдайы ту­ралы сұрақтармен бірге, олардың қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуы т.б. туралы сұрақтар да болды. 1918 жылы санақ кеңес өкіметі орнаған губерния -ларда ғана жүргізілді. Қазақстан мен Орта Азияны айтпағанда, санақ Украинада, Оралдың көптеген губернияларында, Сібірде де өткізілген жоқ. Елді индустрияландыру кезеңінде жұмысшы табының құрамы маңызды саяси проблемаға айналуына байланысты 1929 жылы сәуір-мамыр айларында Кәсіподақтардың бүкіл одақтық орталық советінің (ВЦСПС) шешімімен жұмысшы табының кәсіподақтық санағы өткізілді. Қырқыншы жылдардан бастап (1941-1942 жылдардан 1976 жылдарға дейін) жұмысшылар мен қызметкерлер есебі жүргізіле басталды. Оның материалдары "Народное хозяйство СССР", "Труд в СССР" есептік анықтамалығында, "Вестник статистики" журналында басылып шықты. Жұмысшы табы санағының мәліметтері 1930, 1932, 1934, 1936 жене 1968 жылдары асылған "Труд в СССР" жинағында берілді. Әлеуметтік санақтың түрлі мәліметтері "Народное хозяйство СССР" жинағында жарияланды. Алпысыншы жылдардың басынан әлеуметтік санақты, әлеуметтік зерттеулер толықтырды. Бұл тұрғыдағы зерттеу материалдары өзгеше тарихи деректің ролін атқарады.



Кеңес өкіметі жылдарында қызметкерлер мен кеңес интеллигенциясының жеке кәсіби топтарының бірнеше санақтары өткізілді.

1920 жылы Ресей Федерациясының Орталық санақ басқармасымен халық ағарту саласы зерттедді. Санақ халық ағарту ісі органдарын, мектептерді, балалар үйлерін, техникумдарды, кәсіби мектептерді, оқу шеберханаларын, курстарды т.б. қамтыды. Сонымен бірге зерттеу жұмысы оқушылар мен оқытушылар арасында да жүргізілді.

1927 жылы жалпы кеңестік мектеп санағы өткізілді, оның барысында барлық оқытушылар арнайы бланкілерді толтырды. Бұл санақ 315 мың мек­теп оқытушысын қамтыды.



Отызыншы жылдардың ортасында денсаулық сақтау, кітапхана, сауда мекемелері және т.б. қызметкерлерінің бірінші арнайы санағы өткізідді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің осындай санағы 1963 жылы болды.

Ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының, ғылыми интеллигенцияның бірінші санағы 1928 жылы ұйымдастырыдды. Зерттеу 1227 ғылыми-зерттеу мекемесі мен 151 жоғарғы оқу орнын қамтыды.

1933 жылы қазан айында КСРО-ның басшылары мен мамандары есепке алынды. Соңғы кезде, 1968 жылды қоса алғанда, жоғарғы және орта білімді мамандарды есепке алыу жұмысы жыл сайын өткізіліп отырды, онан кейін екі жыдда бір рет өткізілетін болды.

Осы санақ кеңес интеллигенциясының жекелеген топтары жөнінде, олардың өсу жолдары жөнінде деректер берді.

Интелегенция мен қатар, халыққа білім беру, ғылым және мәдениет салаларының КСРО мен одақтас республикалардағы өсу жолдарын зерттеушілерге арналған деректік басылым 1971 жөне 1977 жылдары жарық көрді[3].


4.Ауыл шаруашылығының санағы.

Ауыл шаруашылығының санағы елдің азық-түлік қорларын есепке алу, оның жоспарлануын тәртіпке келтіру және шаруалардың әлеуметтік-таптық жағдайын талдау үшін жүргізілді. Кеңестік ауыл шаруашылық санағының тарихын екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі 1930 жылға дейінгі уақытты қамтыса, екіншісі ауылды жаппай коллективтендіруден басталады. Бірінші кезеңде санақтық мекемелер жүйесі қалыптасты, біртіңдеп ауыл мен селоны зерттеудің әдістемесі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты селодағы өндіргіш күштер мен шаруалардың әр түрлі экономикалық топтарының шаруашылық құрылысын және егіншілік пен мал шаруашылығының даму қарқынын зерттеу бодды. Ауыл шаруашылығының көптеген ұсақ шаруашылықтардан тұрған кезеңінде оны зерттеудің кең таралған тәсілі — шаруашылықтарды тұтас емес, оның кейбір түрін ғана ішінара тексеру болды,

Елдің ауыл шаруашылығының алғашқы санағын РСФСР-дің Орталық санақ басқармасы 1920 жылы өткізді. Бұл санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының өндіргіш күштерін есепке алу еді. Әр жанұяның құрамы, оның мүшелерінің жынысы, шаруашылығы, мал-мүлкі т.б. ескерілді. Санақ РСФСР-дің еуропалық бөлігінің 25 губерниясында (Украина, Солтустік Кавказ бен Күнгей Кавказды қоспағанда) өткізіліп, Қазақстан қамтылмады. Оның қорытынды мәліметтері 1920 жылы "Труды ЦСУ" жинағында жарияланды.

1920 — жылдары ауыл шаруашылығы санағында іріктеп тексерудің екі түрі қолданылды. 1921-1927 жылдары табиғи-шаруашылық аймақтары ортақ белгілі мекен орындарының өсу санағы мен ішінара санағы өткізіліп отырды.



1921-1929 жылдары ішінара өткізілген санақ жұмыстары егістіктер, мал шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің есебін алу мақсатына арналды. Олардың кейбір мәліметтері Орталық санақ басқармасының соңғы уақытта шыққан басылымдарында жарияланды.

1930 жылы еддің санақ мекемелері қайта құрыдды. Орталық санақ басқармасы КСРО-ның мемлекеттік жоспаркомының (Госплан СССР) халық шаруашылық есебінің Орталық басқармасы болып қайта құрылды. Жаппай коллективтендіруге байланысты ауыл шаруашылығының санақ тәсілдері өзгерді. Осыған байланысты санақ негізіне енді ішінара зерттеулер емес, ауыл шаруашылық мекемелерінің шаруашылығын есепке алумен олардың мезгіл-мезгіл есептері алынатын болды. Көптеген құжаттардың ішінен колхоздардың, совхоздардың және МТС-тердің шаруашылық жұмыстарының қорытыңдылары корсетілген жылдық есептерінің мөні артты. Колхоз есептерінде ұжымның құрамы, жалпы жер көлемі мен егістіктер, егін өнімі, мал мен құстың саны, дақылдарды белу, кірістер, жоспардың орындалуы, еңбеккүн есебі, қаржы көрсеткіштері, колхоздың ба­лансы туралы және т.т. мәліметтері берілді. Сонымен қатар мал басының жыл сайынғы өсімі анықталып отырды.



Социалистік құралыстың ауыл шарашылығын коллективтендіру қозғалысы мен колхоздардың ұйымдық-шаруашылық нығаюы деген дәуірде санақ мәселесіне үлкен мән берілді. Әсіресе 30- жылдары коллективтендіру қарқыны Наркомзем мен колхоз центрдің ведомстволық есептерінде баяндалып отыр­ды. 1929 жылдың жазынан 1930 жылдың ортасына дейінгі колхоз қозғалысы дамуын талдауда 1930 жылдың 1 мамырына дейінгі колхоздардың жалпы есебі материалдарьшың өзіндік мәні бар. Олардың қорытындысы 30-жылдардың басында басылымдарда жарияланды. Бұл мәліметтер 1956 жылы "Народное хозяйство СССР" деген жинақтың баспадан шығуымен қайтадан жарияланды. 1957 жылдан бастап "Народное хозяйство в ... году" деген жинақ жыл сайын, ал "Советское хозяйство СССР" жинағы 1960 және 1971 жылдары баспадан шықты.
5.Демографиялық жалпы санақ.

Демографиялық санақтың үш түрі бар: халықтың жаппай санағы, күңделікті санағы және ішінара санағы. Бұлардың материалдары демографиялық жалпы санақтың деректері болып саналады.

Халық санақтары бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Соның ішінде, ішінара жүргізілген зерттеулердей емес, халықтың жалпы санағы бүкіл халықты қамтиды. Және санақ мақсаты тек халықтың санын анықтау ғана емес, сонымен бірге олардың құрамы жөнінде де мәліметтер алу болады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақта жанұя немесе үй шаруашылығы ескеріледі. Санақ жүргізуде жиналған мәліметтер қүжаттардан емес, халықтың тікелей өзінен белгіленген уақытта алынады.

Ресей халқының, сонымен бірге Қазақсатан халқының, бірінші санағы 1897 ж. қаңтар айыңда откізідді. 1895 жыддың 5-маусымындағы заң бойынша, бүкіл империя халқы жынысына, жасына, тұрмысына, діни көзқарасына, ұлтына, қай елдің азаматы екеніне байланыссыз түрде санаққа қатысуға тиісті болды.

Санақ төмендегі сұрақтарды қамтыды: аты, әкесінің аты, фамилиясы, жанұя жағдайы (бойдақ, үйленген, жесір, ажырасқан), шаруашылық басшысы-на қатынасы (ағайыны, жегжаты, асыраңды бала не­месе бірге тұрушы, үй қызметшісі немесе малайы, жүмысшы және т.б.), жынысы, жасы, хал-жайы немесе сословиесі. діни көзқарасы, туған жері, тізімге алынған жері, тұрақты мекен-жайы, ана тілі, сауаттылығы, кәсібі (негізгі жөне қосымша).

Санақ материалдары жалпы империялык мәліметтер түрінде, сонымен катар жеке губерниялардың, облыстардың 89 баспа меліметтерінде жарияланды.

Кеңес дәуірінде халықтың бірнеше санағы: 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары — өткізілді. Осы санақтарды өткізілу уақытының кеңес мемлекеті тарихының белгілі кезеңдеріне байланысты екені байқалады. Мысалы, азамат соғысының аяқталуы мен жаңа экономикалык, саясатқа өтуі; халық шаруашылығын қалпына келтіру процесін аяқтау мен халык шаруашылығын социа­ли­сте жолмен реконструкциялау; КСРО-да негізінен "социалистік қоғам құру" мен "социализмді толық және түпкілікті" орнату жене т.т. деп аталатын деуірлерге байланысты.

Әр санақты жүргізудің езінің бағдарламасы болды. 1920 жылы 18 сұрақтың негізіңде жүргізілген санақ халықтың жасын, жынысын, ұлтын, ана тілін, туған жерін, бұл жерде қашаннан тұратынын, білімін, кәсібін, өндірістегі орнын, жанұя жағдайын, мамандығын, денсаулығының кемшілігі мен психикалык ауруларын анықтайтын мәліметтер жинады. Сонымен бірге санақ бланктерінде 1914-1917 және 1918-1920 жылдардағы соғыстарға қатысы жене соғыстын ауыл шаруашылығы мен кесібіне есері, ез мамандығымен еңбекке жарамдылығы туралы сұрақтар да болды. 1920 жылғы санақ Ресейдің бүкіл аудандарын қамти алмаса да, оның материалдары халықтардың құрамы жөніңде едеуір мағлұматтар берді. Бұл санақтың қорытындылары в 1920-1925 жыддары "Труды ЦСУ-да" жарияланды.

1923 жылы жаңа экономикалық саясатты жүргізу мен халықты еңбек салаларына қайта белуге байланысты, КСРО халқының әлеуметтік-өндірістік белгілерін анықтау мақсатымен тек қана қала тұрғындары арасында тағы да санақ жүргізілді.

Бірінші бүкілодақтық санақ КСРО халықтарының саны мен құрамын анықтау мақсатымен 1926 жылы өткізілді. Санақ сонымен бірге адамдардың жынысын, жасын, ұлтын, ана тілін, туған жерін, бұл жерде қашаннан тұратынын, жанұя жағдайын, сауатын, денсаулық кемшілігін, психикалық науқасын, кәсібін, еңбек саласындағы қызмет жағдайын, еңбекпен шұғылданушылардың табыс көздерін анықтау мақсатын да көздеді. Санақтың қорытындалары 1933 жылы аяқталып, 56 том болып басылып шыкты.



1939 жылғы санақ 16 сұрақтың негізінде өткізілді. Санақтың қысқаша қорытындылары 1940 жылы жарияланды, оның материаддарының толық қорытындыланып басылуына Ұлы Отан соғысының басталуы бөгет жасады.

Келесі халық санағы 1959 жылы өткізілді. Ол өзінің ұйымдастырушылық және методологиялық негізі жағынан 1939 жылы халық санағына жақын болды, солай бола тұрса да, бұлардың өзара айырмашылықтары бары байқалады. Қала мен село тұрғындарының санақ мерзімі бірдей, 8 күнде жүргізілді; халықтың қоғамдық топтарға бөлінуі анықталып, КСРО тұрғындарының білім дәрежесі толығырақ сипатталды. 1959 жылдың санақ бланкісіндегі сұрақтар жанұя басы кім екенін, оның тұрақты мекенжайын, адамдардың жынысын, жасын, некелік жағдайын, ұлтын, ана тілін, азаматтығын, білімін, оқу орнының атын (оқушылар үшін), жұмыс орнын, кәсібін, өмір сүру қаражатының көзін (көсіп етпейтіндер) және қоғамдық қандай топқа жататынын анықтады.



1959 жылғы санақтың материалдары 17 том бо­лып басылды. Оның бір томында КСРО бойынша жалпы деректер беріліп, басқаларында одақтық республикалардың материаддары топтастырылды. Баспадан шыққан материаддарда халықтың саны, ұллтық құрамы, қала мен село тұрғындары санының айырмашылығы, білім дәрежесі, қандай әлеуметтік топқа жататындығы, халықтың халық шаруашылығының салаларына қарай бөлінуі туралы мөліметтер бар.

1970 жылғы халық санағы 1959 жылғы санақ сұрақтарын қайталаса да, одан әлде қайда кеңірек бағдарламамен жүргізілді. Онда білім дәрежесінің деңгейі туралы мәліметі толығырақ анықталып, күнкөріс қаражаты туралы сұрақ жеке берілді. Алайда кейбір сұрақтар, мысалы, адамдардың жұмыс орны мен оқу орны туралы, жалпы халыққа бірдей берілмей, кейбіреулерге ғана ішінара (санақтың төртінші адамына), қойылды. Бұл санақтың қорытындылары 70-жылдардың бірінші жартысында жарияланды. 1979, 1989 жылдары КСРО халқының жаңа санақтары өткізідді. Олар негізінен, 1970 жылғы санақ сұрақтарын қайталады. Ал жаңалығы адамдардың бір мекенде тұрақтану мерзімі туралы сұрақтың өзгертіліп, аналардың тауып, өсірген балаларының са­ны туралы қосымша сұрақтың қойылғаны. Сөйтіп, алғашқы санақ Қазақстан территория-сында Қазан төңкерісіне дейін 1897 жылы өткізілсе, Кеңес өкіметі дәуірінде 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 жөне 1989 жылдары жүргізідді.

Сонымен, халық санағы адамдардың саны мен оның құрамын бір белгілі уақытта көрсететін тиянақты дерек болып саналады. Алайда, осы санақтардың мәліметтері тарихшыны толық қанағаттандырмайды. Оның себебі бір санақ пен екінші санақтың арасында ұзақ мерзімнің орын алуы мен санақ бағдарламасы шеңберінің тарлығында. Сондықтан тарихшылар көп жағдайда күнбе күнгі демографиялық санақ пен халықтың ішінара зерттелген материалдарына жүгінеді. Күнбе-күнгі демографиялық санақта адамдардың тууы мен өлімі жүйелі түрде тіркеледі. Тіркеу адамның туған жерінде бір айдың ішінде, ал оның өлімі сол жердің жергілікті азамматгық хал-ахуал актілерін тіркеу бюросында (ЗАГС-те) немесе ауылдық жердің кеңесінде үш күн ішінде жүргізіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады.



Демографиялық санақта халықтың көші-қон (ми­грация) меселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Санақтың бүл түрінің мөліметтері қүнды дерек болып саналады. Көші-қон есебі КСРО-ның паспорт жүйесімен көшіп келгендерді есепке альш, басқа аудандарға қоныс аударғандарды есептен шығару арқылы жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізу тәртібі осы уақытқа дейін сақталып отыр. Тарихшылар халықтьщ саны мен олардың кошіп-қонуы туралы дәл уақыты көрсетілген деректердің осыңдай көптеген түрін пайдаланады,

Қорыта айтқанда, санақ деректері қоғам өмірінің барлық қырынан: өндіргіш күштердің дамуынан, адамдардың әлеуметтік өмірінің өзгеруінен және т.б. құнды мәліметтер береді. Қоғам өмірін сипаттайтьш санақ көрсеткіштері уақыт талабына сай үнемі жаңарып отырады.

Бақылау сұрақтары

1.Санақ деректерінің маңыздылығы?

2.Өнеркәсіп санағы дегеніміз не ?

3.Ауыл шаруашылығы санағы не үшін жүргізіледі?

4.Демографиялық санақтың қандай түрлерін білесің?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет