26
Хиллдің бөліп көрсеткен жас кезеңдерінде монада кезеңі некеге түсу, бала
туу, жеткіншектік жасқа дейін баламен тұру кезеңін алмастырады, «баланың
ұядан ұшуы» кезеңі, ерлі-зайыптылардың біреуінің өмірден өтуі және монада
кезеңінің қайта басталуы.Отбасының тәрбиелік қызметінің аздаған маңызы
М.Эриксонның бөліп көрсеткен жас кезеңдерінде көрініс табады, онда
отбасының өмірлік циклі күту (көңілін табу) кезеңін, некелік мінез-құлықты,
баланың туылуын және онымен өзара әрекеттесуді, кемелденген некені,
балалардың ата-аналардан алыстауын, зейнеткерлікті және кәрілікті құрайды.
Б.Картер мен М. Макголдрик ұсынған жас кезеңдеріне негізделген
отбасының өмірлік циклін қарастырамыз. Аталмыш жас кезеңдерінің өлшемдері
отбасының келесі сипаттамалары болып табылады: 1) өмірлік мақсаттар; 2) осы
мақсатқа жету үшін іске асырылатын міндеттер; 3) құрамы; 4) отбасылық
жүйенің жаңа өмірлік беталысына сай бір кезеңнен басқа кезеңге өту.Біздің
пікірімізше, айтылып отырған соңғы өлшем өзгеше болып табылады,отбасының
нормативті дағдарысын көрсетеді, себебі жаңа кезеңге өту ең алдымен барлық
отбасылық жүйенің қайта құрылуын талап етеді. Өмірлік циклдің әрбір кезеңінде
отбасының дамуында екі көрініс болады: 1) ерлі-зайыптылардың алға қойған
міндеттерін табысты шешуді көздейтін үй ішінің амандығы көрінісі; 2) аталған
міндеттерді шеше алмаудан туындап, отбасының деструктивті дамуынан
көрінетін нашар көрінісі.
Отбасының өмірлік циклі алты кезеңдерден тұрады: некеге дейінгі кезең,
некеге түсу және жаңа отбасы жұбын құру, кішкентай баласы бар отбасы,
жеткіншек жастағы баласы бар отбасы, балалардың ересектік статусын алу
кезеңі және олардың отбасынан жыраққа кетуі («ұядан ұшуы), балалардың
бөлініп шықаннан кейінгі өмір кезеңі. Отбасының өмірлік циклінің кезеңдерін
жай ғана бөліп көрсету – қазіргі отбасының маңызды қызметі ата-ана болуды
және балалар тәрбиелеуді дәлелдейді. Ерлі-зайыптылық өтілім отбасының
өмірлік циклінің кезеңін анықтамайды. Отбасының дамудың сапалы жаңа
кезеңіне өтуі бала туу және оларды тәрбиелеу міндеттерін шешуімен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: