40
қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік
тәжірибені меңгереді». Ерікті, үйлесімді, шығармашылық қабілеті бар, өзін-өзі
жетілдіруге ынталы, бәсекеге төтеп бере алатын азаматтарды қалыптастырудың
қоғам өмірі үшін маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады. Бала отбасы
мүшелері арасындағы жарасымды, үйлесімді, әділетті қарым-қатынастарды
игере отырып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен
өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-
ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-
әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасай алады. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті
уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің
ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына теріс мінез болып қалыптасуы
ықтимал. Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық,
аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз
қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен,
қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып
өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге баулыған.
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жи-
нақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбие, ұлттық
сана сезім, қадір -қасиет, ар – ождан, ұлтжандылық, отан-сүйгіштік, ізгілік, ізет-
тілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, ерлікке, жігерлікке, батылдық пен
батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге ерекше көңіл
бөлген. Баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына отбасының тәрбиесі, ата-
ананың өнегесі деп есептегенімен, баланың жүрген ортасы, ағайын – туыстары,
жора – жолдастарының, сонымен қатар туған жердің табиғаты да әсер етеді.
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні зор.
Белгілі педагог-психологтардың ойларынша, отбасындағы ата-ана әрқашанда
өздерінің эмоцияларын, сөйлеген сөздерін бақылап, баланың санасына теріс
ықпал ететін қылықтарды жасамауы қажет. Баласының жақсы азамат болғанын
қалайтын әрбір ата-ана тәрбиені өздерінен бастауы қажет. Өйткені балалары ата-
анасының жасаған қылықтарын қайталай отырып өмірлік тәжірибе жианақ-
тайды.
Ата-ананың балаға деген махаббаты – оның отбасына, туған жеріне,
Отанына, туыстары мен достарына, сүйген жарына деген махаббатың дамып
қалыптасуына негіз береді. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға
деген мейірім махаббатынан тараған. Ата-ананың еккен махаббаты баласының
жүрегінде гүлдеп, қартайған ата-аналарының өмірін қуанышқа бөлеп, өткен
өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза етеді.
Достарыңызбен бөлісу: