43
ерекшеленеді. Бүгінгі таңда отбасының неолокальды типте мекен етуі кең
таралған, мұнда нуклеарлы отбасы ата-анадан және басқа туысқандардан
бөлініп, жеке отбасымен өмір сүруге тырысады. Сонымен қатар, қазіргі
уақыттабірге тұратын ерлі-зайыптыларда
годвин-неке
, яғни ерлі-зайыптылардың
жеке тұруы жиі кездеседі. Бұл неке түрі өмір сүрудің осындай түрін жақтайтынУ.
Годвиннің есіміне байланысты аталған, У. Годвин бойынша ерлі-
зайыптылардың бірге тұруы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына,
бейімділіктеріне сәйкес толыққанды тұлғалық дамуға кедергі келтіреді
[Ощепкова, Эпштейн, 1995].
Рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипатына
байланысты дәстүрлі, авторитарлық, эгалитарлық, демократиялық отбасыларды
бөледі.
Дәстүрлі авторитарлы отбасы
авторитарлы типтегі ердің жеке билігімен
және ер мен әйелдің рөлдерін нақты жіктеу арқылы отбасылық рөлдерді дәстүрлі
бөлумен ерекшеленеді. Авторитарлы отбасы патриархалды (ер адам билік етеді)
және матриархалды (отбасын әйел билейді) болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: