33
міндеттерді бөлу, іс-әрекеттің, қызығулар мен құндылықтардың ортақтығы,
отбасылық қатынастарға эмоциялық бейімделуі бойынша ерекшеленеді.
Отбасының өмірлік циклінің бір кезеңінен келесі кезеңіне өтуде
отбасылық жүйенің дамуының нормативті дағдарыстары болады, олар әрбір
отбасының жаңа міндеттер арасындағы қайшылықтарды шешуінен және отбасы
мүшелері арасындағы қарым-қатынас сипатынан көрінетін дағдарыстар. П. Босс
көптеген отбасының атқаратын қызметтері мен құрылымы өзгергенде бастан
кешетін қиындықтарды нормативті стрессорлар деп атайды. Өтпелі
дағдарыстарды шешу табыстылығы отбасының тиімді қызмет етуін және оның
үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. С. Кратохвил неке өтілімінің дәрежесіне
қарай кбасталатын дағдарыстардың «стандартты» уақытын бөліп көрсетеді.
Олар: 3-7 және 17-25 жыл өтілімі бар отбасы. 3-7 жас дағдарысы бір жылға жуық
созылады. Ол романтикалық көңіл-күйдің жоғалуынан, өзара түсіністіктің
төмендеуінен, жанжалдың көбеюінен,эмоциялық күштенулерден, некеге
қанағаттанбаушылық сезімінен, ерлі-зайыптылық опасыздықтан (көзге шөп
салу) көрінеді. 17-25 жас дағдарыс айқын көрінбегенімен ұзаққа созылады
(бірнеше жылға дейін). Оның белгілері – эмоциялық тұрақсыздықтың өршуі,
отбасынан ересек баланың кетуіне байланысты жалғыздық сезімінің пайда
болуы, уайымшылдық. Егер некеге түскеннен кейін шамамен 3-4 жылдан
соңбаланың өмірге келетінін ескерсек, 3-7 жылдық некенің хронологиялық
аралығы кішкентай нәрестелік және ерте сәбилік жастағы балалары бар отбасы
кезеңімен, яғни отбасылық жүйенің түбегейлі өзгеру кезеңімен (ата-ана
жауапкершілігін алу, жас ананың кәсіби немесе оқу іс-әрекетінен шеттеуі, ерлі-
зайыптылардың үйренген өмір салтына, қарым-қатынасына, бос уақытқа шектеу
қоюы, отбасының материалды жағдайының төмендеуі) байланысып жатыр
[Кратохвил]. Сондықтан отбасының қайталанып отыратын дағдарыстары отбасы
қызметі мен құрылымының өзгерістеріне байланысты.
Дағдарыстың басталуының екінші «стандартты» уақытша аралығын
«жеткіншек балалары» бар отбасы кезеңі және ересек балалардың отбасынан
бөліну кезеңі қамтиды. Сондықтан, отбасының өмірлік циклінің аса айқын
көріністері ерлі-зайыптылардың ата-ана қызметін бастауымен, балалар
тәрбиелеуімен және оны тоқтатуымен байланысты.
Нормативті дағдарыстармен қатар, отбасының ажырасу, ерлі-зайыптының
біреуінің көзге шөпсалуы, отбасы құрамының өзгерісі (баланың тууына қатысты
емес), бала асырау, түрлі себептерге байланысты ерлі-зайыптылардың бірге тұра
алмауы, жасөспірім қыздың жүкті болуы,қаржылық қиындықтар т.б. сияқты
жағдайлардан көрінетін нормативті емес дағдарыстары жайында да айтуға
болады. отбасының нормативті емес дағдарыстарын тудыратын стрессорларды
Достарыңызбен бөлісу: