Сабақтын тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтын мақсаты: білімділік сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан жақты толық мағлұмат беру;
тәрбиелік берілген мысалдар арқылы сөз қадірін білуге, тіліміздің байлығына
дамытушылық өз пікірін айтуға, төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: таблица, интерактивті тақта, проектор, стикер.
Сабақтың барысы: Психолгиялық ахуал туғызу.
«Комплимент» тренинг ұйымдастыру (балалар бір біріне жылы лебіз білдіреді)
1-слайд «Қайталау- оқу анасы»
Уйге берілген тапсырмаларды қайталап, еске түсіру.
Баяндауыш білдіретін амал – әрекетті, іс – оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын қандай сөйлем мүшесі?
Құстар шыршалы орманды жақсы көреді. (сөйлемнен анықтауышты тап) Анықтауышқа сипаттама бер.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері қандай?
Біржан сал, әнші Күләш, Жер – Ана, инженер – техник сөйлемнің қандай мүшелері?
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері деген не? Мысалдармен дәлелде.
2- слайд. Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жайында болыңдар
Шәкәрім “Бостандық таңы”
2. Ұлжан үйіне түстенуге Күңке, Құдайберді, Айғыздарда жиылып отыр еді.
3- слайд . Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады
4- слайд Сендер - зерек, дарынды, білуге құмар, қиялы ұшқыр, ойы өткір, арманшыл ұрпақтың өкілісіңдер.
Бұлар Қазан, Уфа, Бұхара, Ташкент, Түркістанның медреселерінде, мешіттерінде оқыған.
5- слайд
Жалғаулықсыз байланысады.
Жалпылауыш сөздер ретінде сілтеу, жалпылау есімдіктері , сан есімдер жұмсалады.
Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар (мен, бен, пен, да, де, та, те, әрі, және, не, немесе)
Самал, әкем, мен - үшеуміз ғана уйге келдік.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады.
Біздің жерде көп кездесетін мына өсімдіктер: жусан, адыраспан, сүттіген, мортық, изен – бәрі малға пайдалы.
6- слайд “Кітап – асып-таспайтын досымыз”
Оқулықпен жұмыс
І топ 61 - жаттығу
ІІ топ 62 - жаттығу
ІІІ топ 63 - жаттығу
7- слайд “Білімді мыңды жығар”
Жұптық жұмыс
Берілген сөздерден бірыңғай мүше етіп сөйлем құрау
І топ туған жерінен, өскен елінен, құрбы құрдастарынан
ІІ топ адалдық, достық, арлылық
ІІІ топ жүрегімен, жан дүниесімен, өз болмысымен
8- слайд “Білімді мыңды жығар”
Сөйлем талдау ( лексикалық,фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, математикалық)
І топ. Таңертен алыстан күркіреген күндей күңгірт естілген соғыс үні енді ашық әрі жақыннан естіледі.
ІІ топ. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
9-слайд “Ойланайық, талдайық”
Сөйлем талдау ( лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, математикалық)
ІІ топ. Таңертен алыстан күркіреген күндей күңгірт естілген соғыс үні енді ашық әрі жақыннан естіледі.
Л. Таңертен С. талдау
Ф. Естіледі
ІІІ топ. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
М. талдау Ма. Нәрселермен
С. талдау
10- слайд “ Қос жазба күнделігін толтыру”
Мәтін мазмұны
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл өтіпті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында,күні - түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайд
Т. Бірыңғай мүшелерді теріп жазу.
11- слайд ІІ топ.
Мәтін мазмұны
Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің әр таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата - бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде , Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейіндегі ұлтшылдықтың пайда боуына жол бермейтін,бір -біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады
Т. Бірыңғай мүшелерді теріп жазу
12- слайд ІІІ топ
Мәтіннің мазмұны
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да айналадағы ортамен, яғни жермен, өзен - көлдермен, ауамен және айналадағы барлық тірі организмдермен үнемі байланысқа түседі. Бір кезде қасқыр, түлкі, қабан сияқты жыртқыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді, бірақ дәл қасқырдан тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға көп шалдығатын болды.Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерде кемірушілер көбейіп кеткен.
Т. Бірыңғай мүшелерді теріп жазу
13- слайд Семантикалық карта
Мысал
|
Бірыңғай бастауыштар
|
Бірыңғай баяндауыштар
|
Бірыңғай толықтауыш
|
Бірыңғай пысықтауыш
|
Бірыңғай анықтауыш
|
Омар
Марал
|
|
|
|
|
|
Әкеммен
ініммен
|
|
|
|
|
|
Ойнады
секірді
|
|
|
|
|
|
Зорға әрең
|
|
|
|
|
|
Мұхтардың
Сәкеннің
|
|
|
|
|
|
14-слайд Кері байланыс орнату
Қызыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.
Сары түс: Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстым.
Жасыл түс :Сабақтан жаңа мәлімет алдым.
15-слайд Уйге тапсырма
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
64- жаттығу
Жұмағали Айкөркем
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Ашық сабақ 8- сынап
С Жаңғабылов атындағы орта мектеп 2016- 2017 о\ж
Достарыңызбен бөлісу: |