Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет24/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Әлеуметтену теориялары
.
Г.М.Андреева әлеуметтену үрдісін негізінен үш кезеңге бөліп 
қарастырған: еңбекке дейінгі, еңбек ету және еңбектен кейінгі кезең.
Автордың ойынша, осы үш кезеңнің ішіндегі ең маңыздысы отбасындағы 
әлеуметтену болып табылады. Бұл кезең туғаннан 18 жас аралығын қамтиды. 
Аталған кезеңді автор екі маңызды кезеңге бөліп қарастырған: 
1) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке 
дейінгі уақытты қамтиды;
2) оқу кезеңі, кең мағынада адамның бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған 
тұтастай мектеп кезеңі және жоғары оқу орнында оқу жылдары кіреді.
Отбасы – адамның туғаннан қартайғанға дейінгі даму ортасы болғандықтан 
маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену 
стилі ата-ананың ұлттық санасымен, мәдениет деңгейімен, салт-дәстүрлерді, 
ұлттық рухани құндылықтарды қаншалықты қабылдайтынымен тығыз 
байланысты. Сонымен қатар, ата-аналардың білім деңгейімен әлеуметтік 
жағдаяттарына да байланысты болады. Отбасындағы әлеуметтенудің басты 
бағыты – бұл ата-аналардың тиімсіз және тиімді бағыттарды нұсқаулары болып 
табылады. Ата-ананың нұсқаулары отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, 
татулық сияқты рухани құндылықтарға байланысты байқалады.
Ата-ана 
тәрбиесінің 
жалпыланған 
формасы 
«бала 
– 
менің 
қызығушылықтарымның 
орталығы» 
ұғымының 
қанағаттандырылуымен 
беріледі. Ата-аналар әрдайым баламен айналысады, мейірімді қатынас көрсетеді, 
оның өмірі жайлы болу үшін жағдайдың бәрін жасайды. 
Дегенмен, кейбір ата-аналар балаларын қабылдамау және шеттету сияқты 
бағыт ұстайды. Мұндай ата-аналар балаға назар аудармайды, қарым-қатынаста 
қаталдық, суықтық танытады, талаптар қояды. Мұндай отбасында әлеуметтенген 
балалардың қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдері жоғары болады. Ал енді 
бір ата-аналар бала тәрбиесіне бірде үлкен сүйіспеншілікпен, бірде қаталдықпен 
қарайды. Мұндай отбасынан кейде екі жүзді, алдау-арбау, эмоциясы тұрақсыз 
балалар шығады. 
Осыған байланысты И.Ә.Әбеуова отбасындағы әлеуметтенудің қазіргі 
кездегі төрт түрін анықтады: 
1. Баланың өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту 
мақсатында балаға мейірімді қарым-қатынас жасау, еркіндік беру; 
2. Балаға қатаң қарау, оның жүріс-тұрысын қатал қадағалау, еркіндік 
бермеу, қателіктері үшін жазалау; 
3. Балаға бірде шектен шыққан жылылық, бірде қаталдық, кейде әділетсіздік 
қарым-қатынастар құру арқылы баланың жайсыз әлеуметтік-психологиялық 
сапаларын тәрбиелеу;
4. Бала тәрбиесіне либералды қарау, ер жеткен соң өзі бәрін түсінеді, 
балалық қой деп оның жаман мінез-құлықтарына назар аудармау.


57 
Бұдан 
көретініміз, 
көптеген 
ата-анаға 
педагогикалық 
және 
психологиялық білім, тәрбиелік біліктер, кейде тіпті отбасылық тәрбиенің мәнін 
дұрыс 
түсіне 
білудің 
жетіспеушілігі. 
Отбасы тәрбиесінің тиімділігі ата-аналар өздерінің тәрбиелік міндетін терең 
түсінетіндігіне байланысты, олар бала тәрбиесіне қажетті психологиялық-
педагогикалық білімді, тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге 
қызығушылық танытулары қажет. Ол үшін отбасы мен мектептің әріптестігі
өзара байланысы тұрақты болуы керек.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық 
мәдениетін (сауаттылығын) арттыру мақсатында бала-бақша тәрбиешілері, 
мектеп мұғалімдері жүйелі жоспармен қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар 
ұйымдастыру арқылы жүргізу қажет. Егер мұғалім мектептен, ал ата-ана үйден 
бірі-бірімен байланыссыз баланы жеңіске жетелесе, оның нәтижесі көп 
болмайтыны ғылыми зерттеулермен тұжырымдалған. Сондықтан да баласының 
тағдырына алаңдайтын ата-ана мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас 
орнатып, екі жақ біріге отырып, жүйелі тәрбие бере алады. Көптеген ата-
аналармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді. Мұғалімдер 
оқушыларға 
қамқорлық 
жасап, 
көбірек 
көңіл 
бөліп, 
оқушының 
сыныптастарымен жарасымды тілдесіп, оқудан қуаныш табуына жағдай 
жасайды. Негізінде әрбір ата-ана ер жетіп келе жатқан баласының нағыз ер 
азамат болғанын, қызының нәзік жанды, инабатты бойжеткен етіп тәрбиелеуді 
армандайды. Баланың бұл қасиеттері асқан төзіммен келетін өте қиын жұмыс. 
Бұл жұмыста ата-ана психолог, педагог мамандардың кәсіби кеңесіне, көмегіне 
жүгініп отырғаны дұрыс. Мектеп пен отбасы жүйелі бірлестікте тәрбие 
жұмыстарын жүргізгенде баланың бойында жарасымды мінез-құлық 
қалыптасады.
Әлеуметтенудің екінші бір маңызды институты оқыту-тәрбиелеу 
орындары: балабақша мен мектеп. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тұлғалық 
қасиеттерді қалыптастыру, жан-жақты қалыптасқан саналы азамат тәрбиелеу 
осы институттардың үлесінде. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 
орындары баланың әлеуметтенуүрдісінде алатын орны ерекше. Бала мектепке 
дейін өзі қатарлы балалардың ортасынан өз орнын табуда, өзі секілділермен 
қарым-қатынас орнату дағдысын қалыптастыруда, өзінің дара ерекшеліктерін 
көрсету, өзін-өзі бақылау, өзінің көзқарасын қорғау, өзгелерді сыйлау сияқты 
әлеуметтік мәні зор қасиеттерге ие бола бастайды. 
Мектепке келген оқушы балабақшада алған әлеуметтік тәжірибелерін 
кеңейте отырып, оқу әрекетіне бірден кіріседі. Ал бала-бақшаға бармаған бала 
алдымен сыныптан өз орнын тауып, өзі секілді балалармен қарым-қатынас 
орнату, жаңа әрекетке, ортаға бейімделу проблемаларымен айналысып 
жүргенде, оқу әрекеті ақсап қалуы мүмкін.
Э. Эриксон өз зерттеулерінде адамның даму кезеңдерін эпигенетикалық 
принциппен бөлді. Эпигенетикалық принцип дегеніміз адамның туғаннан 
тіршілігін жойғанға дейінгі міндетті түрде өтетін кезеңдері. Ғалым 
эпигенетикалық дамудың екі түрін анықтаған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет