Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

қалыпты
және 
аномалды.


58 
Қалыпты даму – адамның әлеуметтік-психологиялық даму ортасы жайлы, 
жағдай жасалған, ата-аналары балаларымен үйлесімді қарым-қатынаста, 
баланың тұлғалық ерекшеліктерін құрметтейді, жақсы азамат болуы үшін өзінің 
үлгі-өнегесімен ықпал етеді. Қиындықтарды бірге шешіп, өмірлік қажетті 
біліктілік пен дағдаларды қалыптастыруға тырысады. Ал, аномалдық дамуда 
баланың тұлғалық ерекшеліктері, табиғи мүмкіндіктері ескерілмейді. Анасы 
балаға нашар қарайды, елемейді, көңіл бөлмеу нәтижесінен балада сенімсіздік, 
қорқыныш пайда болады. Мұндай балалар өзіне күдікпен қарайды, өзін икемсіз 
сезінеді, әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды. Осындай отбасында кейбір 
балалар өздерін ата-аналарының бақытсыздығына кінәлі санайды. Олай болса, 
отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға 
бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты – 
адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасынан бастау алады. 
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. 
Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар,қоғамның қартайған, 
еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық жасау да осында іске асырылады. 
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – ұрпақ тәрбиелеу міндеті, оны 
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі алмастыра алмайды. Отбасында – 
баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның 
құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, 
бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы 
азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. 
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, мінез-
құлқы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен 
мектеп, тәрбиелік мәселе. Әрине отбасынан тыс тәрбие де бар. Ол туралы қазақ 
«Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес 
бол»,- дейді. 
Отбасының тәрбие беру міндетімен қатар баланы дамытушы міндет бар. 
Ата-аналар балалардың бойындағы табиғи және жеке ерекшеліктерін неғұрлым 
ертерек байқауы керек, сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын 
тез дамыта алады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес 
тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру ата-ананың баласына деген махаббатын білдіреді. 
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан 
басталады. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапты. 
Қоғамда қалыптасқан «білім мектептен басталады» – деген көзқарас бар, 
бірақ бұл үрдіс отбасынан бастау алады. Алғаш рет кітапқа деген сүйіспеншілік, 
кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық – нағыз «отбасылық 
дүние». Қазіргі кезде көптеген бала кітапты ғаламтормен алмастырған. Бұдан 
балалар кітап арқылы жер шарының бұрыш-бұрышымен сырласудан, «ойшыл, 
саналы» пікірлесінен айырылады. Кітап оқу – әрбір баланың бойындағы 
әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам 
және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық 
тұжырымдай алатын психологиялық қасиеттерін қалыптастырады.


59 
Ата-ананың махаббаты – баланың жан мен тән саулығымен бірге рухани 
байлығының көрсеткіші әрі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан ата-
аналардың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы 
көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру. Қандай жағдай болмасын балада ата-
ана сүйспеншілігінен еш күмән тумауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде 
болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың 
міндеті.
Бала әрқашанда өзара қарым-қатынаста ата-ананың мейірімін, өздеріне 
деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана 
оның ішкі әлемі дұрыс қалыптасады, махаббат негізінде мінез-құлық, іс-әрекет 
жасап, айналасымен сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет