Әңгімелесу, әңгіме (Беседа) – 1) психологиялық зерттеу әдісі, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбиелу әдістерінің бірі. 2) вербальдық (сӛйлеу) қарым-қатынас негізіңде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында (әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б. салаларында кеңінен қолданылады.
Байқағыштық– заттың, кұбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның ӛмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б.-танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдаудықалыптастыратын қасиет.
Байқау әдісі (Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуіші адамның психологиялық ерекшелікгерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сӛз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын байқауға болады.
Бақылау әдісі – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың ӛту рекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының кӛрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә. тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бӛлінеді.
Бейнелі ойлау (образное мышление) – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді.
Бейнелі ес– заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда кӛрініп отыруы. суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі кӛбінесе нақты болып келеді. Олар оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ -түйек кӛріністердің бәрін кӛз алдарына келтіре алады.
Білім беру әдістемесі (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.
Гендер– қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рӛлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин.
Достарыңызбен бөлісу: |